Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Халықаралық туризмнің дамуына әсер ететін факторлар





Халықаралық туризмге әсер ететін факторларды талдау – туристік әрекеттерді реттеу және туризмнің дамуын болжау, сондай-ақ әлемдік экономиканың бір секторы ретіндегі туризмнің мониторингі үшін қажет.

Халықаралық туризмнің дамуына әсер ететін факторларды зерттеумен көптеген отандық және шетелдік зерттеушілер айналысуда. Осындай факторлардың алғашқы түсінігін 1970 ж. А. П. Дубнов жасады. Ол факторлардың негізгі екі түрін бөліп қарастырды. Біріншіден – оларға табиғат жағдайлары, тұрғындардың мәдени өмірі және сол жердегі өмір сүрудің тарихи жағдайлары жатады. Орналасу факторларында туристік ресурстар, аудан халқының өмір сүру деңгейі, көліктік әлеуеті қарастырылады. Екіншіден, келесі факторлар адамды рекреациялық әрекеттерге ынталандырса, ал қалғандары аймақтық туристік рыноктың шекараларын анықтайды. Мұндай топтастыру туристік сұрақтарды қарастырғанда пайдалы, ол оның аймақтық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеуші П. Мариотт 1971 ж. барлық факторларды селективті, локальды және іске асырушы деп бөлді. Селективті факторларға шаруашылық, қоныстану, әлеуметтік және саяси факторлар; локальдауға – табиғи және мәдени-тарихи факторлар, ал іске асырушы факторлар тобына коммуникациялық және материалды-техникалық факторлар жатады.

М.А. Ананьев туризмнің даму факторларын ішкі және сыртқы деп бөлуді ұсынды. Ішкі факторларға табиғи географиялық, әлеуметтік-экономикалық факторларды, демографиялық факторларды жатқызды. Сыртқы факторларды бір ел мен екінші ел арасындағы күрделеніп отыратын халықаралық қатынастар типі ретінде қарастырды, ел мен оның серіктестер сауда-саттық және төлем баланстық жағдайына, халықаралық рыноктағы баға деңгейіне, олардың жеке қызмет түрлеріндегі ұлттық еңбек шығыны мен қарым-қатынасына ықпал етеді.

Н.С. Мироненко және И.Т. Твердохлебов туризмнің дамуы көптеген объективті және субъективті факторлар тобы әсерінен болады деп санайды. Қазіргі халықаралық туризмнің тез дамуы, ең алдымен, объективті факторлармен байланыстырады. Оларға әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, ғылыми техникалық, медициналық-биологиялық факторлар жатады. Сонымен қатар субъективтік факторлар тобы да бар, оларға мысал ретінде ұлттық дәстүрлерді, сән, жарнамалық белсенділікті және т.б. келтіруге болады.

1990 жылдардың ортасында зерттеушілер туризм дамуының статикалық және динамикалық топтарын қарастырды. Статикалық топқа белгілі бір кезеңге қатысты өзгермейтін табиғи-географиялық және мәдени-тарихи факторлар жатады. Динамикалық факторлар тобы құрамы бойынша күрделірек, ол үш топша бөлінеді:

1. Халықпен байланысты факторлар (әлеуметтік-экономикалық және демографиялық);

2. Мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатымен байланысты факторлар (геосаяси және саяси);

3. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуын біріктіретін материалды-техникалық және технологиялық факторлар.

Халықаралық туризмнің дамуына әсер ететін факторларды жіктеудің алуан түрлі әдістемесі бар. Сонымен қатар әрбір фактор өзінше жеткілікті емес, барлық факторлар өзара байланысты және олардың ықпалы да өзара шарттастырылған. Бір фактордың өзі туризмнің дамуына жағымды да, жағымсыз да әсер етуі мүмкін.

Халықаралық туризм дамуының қазіргі бағыт-бағдары жеті негізгі факторлар тобына тәуелді қалыптасады:

- әлеуметтік-экономикалық;

- географиялық орын факторлары;

- табиғи-рекреациялық;

- тарихи-мәдени;

- медициналық-санитарлық;

- саяси;

- экологиялық.

Көрсетілген факторлар тобы құбылыстарының халықаралық туризмдегі әрекеттілігімен және алуантүрлілігімен сипатталады.

Халықаралық туризм дамуындағы түрлі факторлардың орны уақыт өткен сайын ауысып отырады. Дегенмен, кеңістікте таралған көптеген құрамдас бөліктерін біріктіре отырып, оның дамуын анықтауға мүмкіндік беретін түрлі кезеңдегі факторлардың ретроспективалық саралау әлі күнге дейін жасалған жоқ.

Әр түрлі кезеңде халықаралық туризмнің дамуын анықтайтын табиғи-рекреациялық және тарихи-мәдени факторлар болды. 1950 жж. халықаралық туризмнің қалыптасуы мен оның дамуында орташа кластағы өсімдер, кірістер, халықтың өмір сүру деңгейі және сапасы, жұмыс аптасының қысқаруы және еңбек демалыстарының ұзаруымен байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық фактордың рөлі жоғарылады. Қазіргі кезеңде халықаралық туризм дамуындағы факторлар саяси, медициналық-санитарлық, эпидемиологиялық және санитарлық-гигиеналық тұрғыдан алғанда, адамды қоршаған орта жағдайын сипаттайтын факторлармен толығып келеді.

Болашақта туристік қызметтегі инновациялық технологиялардың кең таралуымен байланысты халықаралық туризм дамуының жаңа факторлары пайда болуы мүмкін.

Жоғарыда келтірілген факторлардың туризм дамуындағы маңызды ерекшеліктерін қарастырайық. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, халықаралық туризмнің дамуына елеулі ықпал жасайтын әлеуметтік-экономикалық факторлар тобы, оларды өз кезегінде үш топшаға бөлуге болады: экономикалық, демографиялық және инфрақұрылымдық факторлар.

Экономикалық факторларды топтастыру. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы оның туристік белсенділігін анықтайды. Нағыз кірістің өсуі мен бос уақыттың көбеюі туристік әрекеттің жиілігі мен белсенділігінің жоғарылау көрсеткіші болып табылады. Материалдық игіліктер деңгейінің көтерілуіне байланысты туризмдегі қызмет пен тауарға деген сұраныс та жоғарылап келеді. Дамыған елдерде бос уақытты ұйымдастыру мен туризмге кететін шығын үлесі бірдей өсіп келеді. Туристік белсенділік саяхатшылардың тұрақты мекен-жайларындағы жеке тұтыну деңгейіне байланысты.

Соңғы жылдары нақты кірістің өсуі дамыған елдерде еңбек демалысының үздіксіз өсуіне алып келді. Ал еңбек демалысының ұзаруы мен қысқа еңбек кестесінің енгізілуі туристік сапарлардың санының жоғарылауынан көрініс тапты. Осыған байланысты мезгілсіз кезеңдегі туристік белсенділікпен түрлі мақсаттағы саяхаттарды тұтыну да қарқын алып келеді.

ХХ ғ. соңында саяхаттар бағасының өсуі, ғылыми-техникалық жетістіктерді, бәсекелестік қысымды пайдалану нәтижесінде бәсең жүрді. Қазіргі кезеңде туризм дамудың жаңа факторлары пайда болуда. Оған валюта факторын жатқызуға болады. Шетелге сапарлардың салыстырмалы құнының 5% өсуі шетелдік саяхаттарға деген сұраныстың 6-10% төмендеуіне алып келді. Сондықтан негізгі валюта курстарының өзгеруі күшті және әлсіз валюталы елдер арасындағы туристік ағындарға күшті ықпал жасайды. Мысалы, Еуроодақ елдерінде ортақ валютаның енгізілуі онда ішкі аймақтық ағындардың жоғарылауына жол ашты.

Қазіргі әлемнің тағы бір маңызды кезеңі – кең қолданысты несие карточкаларының, жол чектерінің кең таралуы. Олар туристерге барлық қызметтер ақысын валюта түрлеріне тәуелсіз төлеуге мүмкіндік береді.

Ғаламдану халықаралық туризмдегі маңызды әрекетті фактор болып табылады. Ол әр түрлі формада көрінеді: әлемдік туристік рыноктың жаңа туристік орындарға ие болу жолымен кеңеюінен, континентаралық туристік алмасудың жедел дамуынан, туристік және қонақжайлық шаруашылықтың ұлттық сипат алуынан, туристік өнімдерді өткізуде ғаламдық компьютерлік жүйелердің таралуынан, туристерге қызмет көрсетудің бірыңғай халықаралық стандарттарының енгізілуінен, т.б.

Демографиялық факторларды топтастыру сандық өзгерістерді, аумақтық орналасуды, халықтың жас құрылымын, отбасының мөлшері мен құрамын, урбандалу деңгейін және т.б. біріктіреді. Халықтың тез өсуі туристік рынокты тұтынушылар санының көбеюіне алып келді. Бұл бағыт қоғамның әлеуетін және халықтың сатып алу мүмкіндігін есепке ала отырып анықтауды талап етеді. Демографиялық жарылыста дамушы елдердің үстемдігі байқалады, оларда халықтық демалыс пен туризмнің дамуындағы негізгі кедергі өмір сүрудің төменгі деңгейі болып табылады. Бұл кезде туристер санының көбеюімен қамтамасыз ететін дамыған елдерде туудың төмендеуіне байланысты халық өсімінің бәсеңдеуі байқалады.

Туризмнің және туристік сұраныстың дамуына халықтың жас құрылымы да әсер етеді. Туристік тауарлар мен қызметтерді негізгі тұтынушылар жеткілікті қаржылық қор мен бос уақытты иемденетін 30-дан 50 жасқа дейінгі адамдар болып табылады. Өсімнің жоғары ырғағымен 50 жастағы адамдардың туристік рыногы ерекшеленеді, олар көп жағдайда туризмді ұйымдастырудың аумақтық және құрылымдық алуан түрлілігін анықтайды. Туристердің мұндай категориясы қонақ үйлер мен курорттарға қысқа маусым ішінде қарқынды жұмыс жасауға және жыл бойы туризм индустриясымен айналысуға мүмкіндік береді. Мысалы, Испанияда IMSERSO бағдарламасы аясында ересек адамдар құрамымен жыл сайын 400-ге жуық туристік сапарлар ұйымдастырылады. Ал INATEL бағдарламасы бойынша 45 000-ға жуық испандық тұрғындар апталық турларға қатысады.

Сыртқы туризмге белсене қатысатын барлық аймақтағы әйел жұмысшылар санының да өсіп келе жатқанын ескеру маңызды. Әйелдер – жалпы демалыстар мен еңбек демалыстарын өткізу тұрғысынан туристік белсенділіктің негізгі күштері саналады. 1990 жылдары саяхаттаушы еркектер мен әйелдер саны бірдей болған болса, 2004 жылы жалпы туристік ағындағы әйелдер үлесі 72% болды, бұл 506 млн-нан астам адамды құрайды. Әйелдер болашақта туристік сұранысқа үлкен ықпал жасайды, сондықтан олардың орташа өмір сүру ұзақтығы жеткілікті дәрежеде жоғары және олар туристік бизнесте жаңа бағыттарды игеруге дайын. Осыған байланысты көбіне әйелдер еңбегін тұтынатын қызметтерге кәсіби ұсыныстар көп түседі: шоп-туризм, спа-туризм, фитнес-турлар, элиталық туризм (жоғары сән үлгілері орталықтарының келуімен және киімдер, парфюмерия, әшекейлердің жаңа топтамаларымен байланысты).

Отбасы құрылымында өзгерістер пайда болды – «бойдақтар» үлесі жоғарылады, оған себеп, әдеттегідей, жоғары білім деңгейі, кәсіби әрекеттерде жетістіктерге ұмтылу, өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігі, т.б. Бұлар өз кезегінде бос уақытты ұйымдастыруға көңіл бөлгізеді.

Урбандалу, халықтың тығыздалуы, өмір сүру ырғағының жылдамдығы, экологиялық мәселелер, т.б. адам денсаулығы үшін қауіп-қатер туғызуда. Ол туристік сұраныстың қалыптасуында маңызды рол атқарады. Қала қанша үлкен болса, ондағы тұрғындардың еңбек демалысын басқа жерде өткізуге деген ықыласы да күшті болады. Ал, керісінше, елді мекен қанша кіші болса оның тұрғындарының саяхатқа шығуы қарқыны да төмен және туристік саяхатқа шығудағы мақсаттары да ұқсас болады.

Инфрақұрылымдық факторларды материалды-техникалық және технологиялық деп жіктеуге болады. Халықаралық туризмнің тиімді әрі қарқынды дамуы үшін елдің экономикалық даму деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары болуы, туризмнің материалды-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі талап етіледі, бұл елдің халықаралық туристік еңбек бөлінісіне қатысу мүмкіндігін анықтайды. Әр ел туристік атануы үшін қонақтарға жеткілікті дәрежеде қызмет түрлерін ұсынуы қажет. Оларға орналастыру, тамақтану, тасымалдау, сондай-ақ мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары, т.б. жатады. Олардың сапасы халықаралық стандарттарға жауап беруі керек.

Туристерді жұмылдыру үшін тақырыптық саябақтарды, зообақтарды, аттракциондарды, дельфинарийлерді, көрермендік іс-шараларды (карнавалдар, фестивальдар, жәрмеңкелер және т.б.) біріктіретін ойын-сауық жүйелері құрылады. Мысалы, Диснейленд саябақтар әлемінің әрқайсысында (АҚШ-та Калифорния және Флорида штаттарында, Жапонияда, Франция және Испанияда) жылына бір млн-нан астам адамдар болып қайтады.

Байланыс құралдарындағы, көліктегі және экономиканың басқа да секторларындағы технологиялық процесс туризмнің дамуына ықпал жасайды, адамдардың алыс қашықтыққа қозғалу процесінің кеңеюіне көмектеседі және әлемнің өте алыс және жету қиын аймақтарында жаңа туристік орындардың қалыптасуына жағдай жасайды.

Брондаудың қазіргі компьютерлік жүйесі ұйымды негізгі интегралданған туристік өнімнің таралуымен қамтамасыз етеді. 2004 ж. Claria Corporation компаниясының бүкіләлемдік тұтынушылар арасынды жүргізген зерттеулері көрсеткеніндей, 88% респонденттер туристік сайттарға кіреді, осыған орай 61% тұтынушы желіде авиабилеттерді және 52% мейрамхана қызметін брондайды.

Бірақ технологиялық өнертабыстар туристер ағынын қысқартуы да мүмкін. Осылай, «виртуалды шындықтар» көмегімен турист тұрғылықты орнын тастап кетпей-ақ түрлі елдерге «саяхаттауы» мүмкін.

Халықаралық туризмнің дамуына туристердің тұтынуына шартталған, сән үлгілерінің ықпалына, сондай-ақ туристік фирманың жарнамалық белсенділігіне байланысты және т.б. факторлар да елеулі әсер етеді.

Географиялық орын факторлары мыналарды біріктіреді:

· табиғи-рекреациялық ресурстардың сипатын анықтайтын физикалық-географиялық орынды;

· басты туристік рынок қарым-қатынастарынан туындайтын экономикалық-географиялық орынды;

· туристік сұраныс алшақтығын және қозғалыс жылдамдығын бейнелейтін көліктік-географиялық орынды;

· белгілі бір ауданның халықаралық қауіпті аймақтарға жақындығынан туындайтын геосаяси орынды.

Географиялық орын тиімділігі көбіне көліктік-географиялық орын арқылы анықталады, оның бір сипаты – қашықтық болып табылады. Ол, әдетте, шақырыммен анықталады, бірақ экономикалық саралау тұрғысынан қашықтық оған кеткен уақыт пен ақша шығыны негізінде есептеледі. Елдер арасындағы көліктік қоғамдастықтың жеделдеуі және арзандауы нәтижесінде саяхатқа кеткен уақыт пен ақша шығынының мөлшеріне қатысты өзгерістер туристік ағындар географиясында, туризм қарқыны мен көлемінде тікелей бейнеленіп отырады. Мысалы, 1980 жылдардың басындағы трансатланттық ұшуларға тарифтердің төмендеуі континентаралық туристік алмасудың кеңею салдары болып табылады. Әуе көлігінің дамуына байланысты Америка мен Еуропаның ірі туристік орталықтарына (Нью-Йорк және Майами, Лондон және Париж) шетелдіктердің келуі көбейгені байқалды.

Үшінші топты табиғи-рекреациялық факторлар құрайды. Көп жағдайда табиғи-ререациялық ресурстар елдің туристік мамандануын анықтайды. Туристер саяхатқа шығарда ландшафт және климат ерекшеліктерін, аттрактивтілікті, алуан түрлілікті, экзотика мен табиғи-рекреациялық ресурстардың ғажаптығын, сондай-ақ спортпен айналысу үшін табиғи ресурстар жағдайын, аң, балық аулауды және т.б. есепке алады. Бұл сипаттамалар белгілі бір дәрежеде халықаралық туристік ағындар географиясын анықтайды. Мысалы, Жерорта теңізі курорттарындағы шуақты климат пен керемет теңіздік жағажайлар әлемнің көптеген елдерінен жүздеген туристік ағындарды туғызады.

Сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлар да туристік ағындардың маусымдылығын қалыптастыратын себептердің бірі болып табылады. Негізгі климаттық ерекшелік – дүние жүзінің көптеген аймақтарында саяхат, емделу және спортпен айналысу үшін ауа-райының жағдайы айлар бойынша біркелкі емес. Сондықтан адамдар еңбек демалысын көбіне жылдың ауа-райы жайлы мезгілінде алуға тырысады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Еуропадағы туристік саяхаттардың жартысына жуығы екі жаз айына (шілде, тамыз) сәйкес келеді. Теңіздер, таулардағы және ормандардағы демалыста туристік кезеңнің тиімді параметрлерін тек климат анықтайды. Ал туризмнің басқа түрлері үшін климат саяхаттар мен рекреациялық ресурстарды пайдаланудың бірқалыптылығын қадағалайтын реттеуші рөлін атқарады.

Табиғи ресурстардың емдік қасиеті (минералды сулар, климат ерекшелігі және т.б.) демалу мен ойын-сауық мақсатындағыға қарағанда саны аз емдік мақсаттағы туристік ағындарды қалыптастырады, бірақ туризмнің бұл тармағы қарқынды дамып келеді, оның географиясы да кеңеюде. Емдік-сауықтыру туризмі бойынша Еуропалық аймақ, оның ішінде Орталық-Шығыс Еуропа (Чехия Республикасы, Венгрия, Польша) және Батыс Еуропа (Аустрия, Швейцария) бөлінеді. Өлі теңізде орналасқан Израйльдің әлемге әйгілі курорттарымен Таяу Шығысты да ескермеуге болмайды.

Төртінші топты құрайтын тарихи-мәдени факторлар халықаралық туризмнің дамуына ықпал жасайтын факторларының бірі болып табылады. Мәдени және тарихи нысандарды тамашалау туристер саяхаты үшін бірінші дәрежелі себеп болып табылады. Факторлардың бұл тобына тарихи даму барысында адам қоғамымен жасалған барлық материалдық және рухани игіліктер, ұлттық дәстүрлер, қонақжайлық, халықтық шығармашылық ерекшеліктері, діни дәстүрлер, сәулет (тарихи ескерткіштер, қамалдар) және өндірістік (ірі өнеркәсіп кешендері, порттар, жәрмеңкелер, көрмелер және т.б.) нысандар жатады. Мәдени және тарихи ресурстар ұлттық қазына болып табылады. Алайда олардың ерекше мәнді бөлігі әлемдік деңгейдегі ескерткіштер мен нысандар есебінде дүниежүзінің мәдени мұралары тізіміне қосылған. Бұл тізімді ЮНЕСКО құрып және ұдайы жаңартып отырады. Еуропа Дүниежүзілік мәдени мұра нысандар саны жөнінен жетекші ел саналады: Италия (36), Франция (27), Германия (27). Екінші орында барлық тарихи кезеңдердегі ескерткіштерімен – Азия елдері. Одан әрі әлемнің қалған аймақтары жалғасады.

Жергілікті халықтың қонақжайлығы да ерекше қызығушылық туғызады. Аймақта туризмнің дамуы үшін туристерге жергілікті тұрғындар тарапынан барынша оң қарым-қатынас жасалуы керек. Сонымен бірге, өзге мәдениетті тасымалдаушы туристер ірі туристік орталықтар тұрғындарына ықпал көрсетуге қабілетті болып келеді. Бұл әрекеттердің деңгейі келгендер мен жергілікті халықтың сандық арақатынасымен, туристік кезеңнің ұзақтығымен, өмір сүру салтының әр түрлілігімен, нәсілдік және діни айырмашылықтардың болуымен анықталады. Кейде жергілікті тұрғындар агрессиялық мінез көрсетеді. Нәтижесінде түсініспеушілік пайда болады, бұл турист пен жергілікті тұрғын арасында кикілжің туғызып, нәтижесінде оны талдауға тура келеді. Кикілжің, яғни тітіркенгіштік генезисі жергілікті тұрғын реакциясының 3 деңгейін қамтиды:

1) амфория – алғашқы санат, турист пен жергілікті тұрғын арасында жақсы қарым-қатынас;

2) апатия – бұл санатқа өту туризм дамуының көрсеткіштеріне және жылдамдығына байланысты, қарым қатынастың толық түзілуі, туристер ақша көзі ретінде стереотипті қаралады;

3) тітіркену, наразылық – жергілікті халық туризмнің пайдасы туралы ойлана бастайды.

Ең маңызды бесінші топ – медициналық-санитарлық факторлар, ол эпидемиологиялық және санитарлық-гигиеналық, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету факторларын біріктіреді. Саяхат кезінде турист денсаулығы едәуір қауіп астында болады. Қауіп-қатердің негізі – өте кең тараған санитарлық гигиеналық ережені сақтамау салдарынан болатын асқазан құрылысының бұзылуы туристің созылмалы ауруын қоздыратын жұқпалы аурулар мен ағза қызметінің бұзылуы, олар саяхат кезінде ушығуы әбден мүмкін. Турист денсаулығына ең күрделі қауіп жаз айларында және экзотикалық елдерге алыс қашықтыққа саяхат жасаған кезде туады. Мұндай дәрежелі қауіп-қатерлер көбіне Жерорта теңізі елдеріне, Шығыс, Батыс және Солтүстік Еуропа елдеріне саяхат кезінде туындайды. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымы (ДДСҰ) туристер саяхат кезінде жұқтыруы мүмкін ауруларды ескерту, бақылау және олармен күресу бойыншаа қажетті жұмыстарды жасап отырады.

2002 жылы 10 ел оба, 64 ел тырысқақ ауруынан, ал 42 ел сары ауру қаупіне байланысты «қолайсыз» болды, сонымен қатар ЖҚТБ (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жұқтыру қаупі де бар. Турист өз денсаулығын қорғау жөнінде өз уақытында алаңдаса (егу жасау және т.б.) ғана оның денсаулығы үшін қауіп-қатер азаяды.

ДДСҰ әлем елдерін мүмкіндігі ықтимал жұқпалы аурулар бойынша зоналарға бөлді:

а) Орталық Америка, әсіресе Мексика және Кариб алабы елдері. Бұл елдерде көптеген аурулар көбіне тамақ және су арқылы жұғады. Олардың ішінде (сүзектің жеңіл түрі) және шешек. Кариб алабы елдерінде әсіресе Гаитиде едәуір қатерлі ауруларға тамыр аулары, ЖҚТБ жатады;

б) Оңтүстік Америка, Бразилия және Перу асқазан және тері ауруларымен қауіпті. Бразилияда шешек жиі кездеседі. Аурулар, негізінен, үй жануарлары арқылы беріледі;

в) Азия. Шешек, тырысқақ, сары шешек жұқтыру қаупі бар;

г) Африка. Едәуір қауіптілері қантышқақ, шешек. Өзен сағаларында малярия тараған. Денсаулығы үшін қауіпті аурулардың барлық түрі кездесетін Африка елдеріне Бенин, Гамбия, Камерун, Эфиопия жатады.

Туризмнің дамуына аурулардың күтілмеген өршуі ықпал етеді. Ендеше, мысалы, 2003 жылы Қытайда лап еткен «доңыз тұмауы», «пневмания» (өкпе қабынуы) Азия-Тынық мұхиттық аймақтағы туристік ағынды төмендетті.

Санитарлық-гигиеналық фактор өмір сүру және тамақтанудың жайлы жағдайының болуымен түсіндіріледі. Еуропалық туристерді суы жоқ номерге орналастыру қиын, ыстық су мен ауа желдеткішінсіз одан да қиын. Санитарлық гигиеналық норманың сақталмауының нәтижесі – тамақ улануы болып табылады. Ұлыбританиядағы тұтынушылар Ассоциациясы зерттеулерінің нәтижесі көрсеткеніндей, барлық мүмкіндігі бар курорттарға демалысқа баратын әрбір бесінші саяхатшы көпшілік жағдайда асқазан сырқатына немесе улануға шалдығады. Туристер сырқаттануының жоғары деңгейіндегі елдердің ондығына Перу (2001 жылы 66% ауырған туристер тіркелген), Кения (48 %), Үндістан (41%), Доминикан Республикасы (39%), Египет (34%), Тунис және Мексика (32%-дан), Қытай (30%) және Индонезия.

Әділеттілік үшін ескерілуі керек жайт – туристердің өздері жергілікті халыққа және басқа туристерге ауру жұқтыратын микробтарды таратушы болуы да мүмкін. Бұл дерек бойынша мейманханада алдын алу шаралар жұмыстары жүргізу керек.

Медициналық қызмет көрсету факторлары төтенше жағдайдағы шұғыл медициналық көмек, сақтандыру, т.б. біріктіреді. Медициналық қызмет көрсету деңгейі елдің экономикалық даму деңгейіне тікелей байланысты. Дүние жүзінде шетелдіктерді медициналық көмекпен сақтандырудың бірде-бір моделі жоқ. Әр елде мемлекет бекіткен туристерді медициналық сақтандырудың минимальды қызметі бар. Ол жедел жәрдем мен ауруды ушығудан сақтаудан тұрады. Туризм статистикасы бойынша орташа әрбір жүзінші туристе сақтандыру жағдайы болып тұрады. Сақтандыру қаупі өте төмен: Шенген келісімі, Аустралия, терроршылар қаупі бар елдер және т.б.

Ерекше назар аударарлық алтыншы топ – саяси факторлар. Әлеуметтік-экономикалық тетіктері мен саяси фактор халықаралық туризмнің дамуында әсер етуші фактор болып табылады. ХХ ғасырдың 80 жылдарының соңы мен 90 жж. басында әлемде болған геосаяси өзгерістер туризм дамуына да елеулі ықпал етті. Бұрынғы КСРО және Орталық-Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға көшеді. Бұл елдерден Батысқа туристік ағынның ұлғаюына жол ашты. Тұрғындардың тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуына жағдай жасайтын ішкі шекараларсыз Еуроодақтың құрылуы, салық саясатының бірегейлендірілуі бұл елдерде туризм дамуына жағымды әсер етуде.

Халықаралық туризм саяси жағдай мен туристердің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Саяси тұрақсыздық оның құрбаны туристер болатын ең төтенше көріністер (әскери әрекет, халық арасындағы қақтығыстар, т.б.) мен ең әлсіз (саяси толқу және т.б.) құбылыстарға ауысуы мүмкін. Қысқа уақыт ішінде әскери қақтығыстар салдарынан елдегі туризм индустриясы дерлік жойылып кетуі мүмкін. Мұның жарқын айғағы ретінде бұрынғы Югославиядағы жағдайды келтіруге болады.

Осы орайда елдің туристің имиджіне кері ықпал жасайтын қылмыстық істердің жоғары деңгейін де ескермеуге болмайды (мысалы, Кения, ОАР, Гватемала, Бразилия, Колумбия, Оңтүстік Франция, Оңтүстік Италия, Испания). Әдеттегідей, мұндай әрбір қақтығыс бұқаралық ат құралдарына кеңінен таралады және мұндай белсенді қарсы жарнама ұлттық туризм индустриясы үшін үлкен зиян келтіруі мүмкін.

Туризм индустриясына ықпал жасайтын саяси бытыраңқылық жағдайының үш түрін бөліп қарастыруға болады:

1) Ұзаққа созылған тұрақсыздық Ливан, Солтүстік Ирландия, Шри-Ланка, Уганда және т.б.

2) Жеке жағдайларға байланысты қысқа уақыттық тұрақсыздық –Индонезия, Қытай, Фиджи, Филиппин, АҚШ және т.б.

3) Екі жақтылық және жағдайдың үнемі өзгергіштігі – Египет, Үндістан, Израиль, Ямайка, Кения, Перу, Түркия, Ресей және т.б.

Саяси тұрақсыздықтың ең қауіпті формаларының бірі терроризм болып табылады. 2001 жылы 11 қыркүйекте болған жағдай соңғы жылдарда болған саяси дағдарыстың ішінде ең қайғылысы болды. Авиабилеттерді брондаудың әлемдік жүйесі «Амадеус» 2000 жылмен салыстырғанда сатысының 27,5%-ға төмендегенін тіркеді 11-ден 21 қыркүйекке дейінгі 10 күннің ішінде «Эйр Франс» әуе компаниясының шығыны 60 млн-дай еуроны құрады.

Жолаушылар қозғалысы 7% , ал жалпы солтүстікамерикалық бағыттағы тасымалдар көлемі 26,1%-ға қысқартылды. Гавай аралдары 20% алдын-ала брондалған орындарының сақталмауы нәтижесінде 500 млн. доллар көлемінде зиян шекті. Канада индустриясы 2001 ж қыркүйектен 2002 жылы желтоқсанға дейін 14 мыңнан астам жұмыс орны мен 457 млн-дай евродан айырылды. 11 қыркүйектегі туристік шабуыл салдарынан халықаралық туризм бір жағынан көптеген рыноктардың әсіресе АҚШ рыногының күйреуінен болған туристік ағынның кенет қысқаруымен зардап шекті екінші жағынан жаңа жағдай едәуір қауіпсіз туристік бағыттар мен орталықтар пайдасына туристік ағындардың қайта таралуына алып келді.

Сондай-ақ 11 қыркүйектегі тұтас мәдениет пен дін (ислам) щабуылымен байланысудың анықталған бағыты қалыптасты. Ал бұл соңында терактпен ешқандай байланысы жоқ елдерде туризмнің дамуына жағымсыз ықпал жасайтыны сөзсіз. Осылайша 2001 ж. Араб елдерінде дамуға сұраныс 60-70%-ға түсіп кетті. Сондықтан «Ислам конференциясы» жұмысында 28 қатысушы ел және мұсылман елдері арасында туризмді дамыту бойынша ірі Батыс туроператорлары мен есептелген жалпы жарнамалық компанияларды жүзеге асыру жұмыстары жасалды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткеніндей туристік қапер біршама қысқа және қолайсыз жағдайлар түзілісімен туристік ағын да тез өз қалпына келеді.

Экологиялық факторлар өз алдына бөлек фактор болып өте ертеде бөлінген жоқ. Олар табиғи рекреациялық факторлар мен өзара тығыз әсер етеді. Аумақтың экологиялық жағдайы ең алдымен демалу үшін табиғат жағдайларының ыңғайлылығымен турист денсаулығына әсер ететін қасиеттер мен сипатталады. Турист денсаулығына және демалу жағдайы үшін экологиялық жағдайлылыққа тікелей әсер ететін сипаттамаларға аумақтың физиологиялық жайлылығы көптеген (климаттық температуралық режимі жер беті суларының стихиялық табиғат құбылыстары және т.б.) психологиялық-физиологиялық жайлылық (пейзаждың ашық және жабық сипаты; адамдардың жинақтылығының немесе керісінше даралығының тығыздығын сезіну және т.б.) ортаның техногенді ластануы (ауаның, судың тазалығы ландшафттың ластану деңгейі және т.б.)

Қоршаған ортаға түсетін салмақтың өсуі табиғи ресуртары сақтау мен қорғау бойынша неғұрлым актуалды міндеттер жүктейді. Қазіргі кезде сондай-ақ болашақта нарық жаңа туристік өнімдер мен тек демалуға емес, қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынасқа және туристерге экологиялық білім беруге бағытталған экотуризммен толығады.

Туристік қызметті ұйымдастырған кезде оның дамуын анықтайтын факторлардың алуан түрлілігін ескеру қажет. Әр ел осы факторларды талдау негізінде өзінің туризмді дамыту стратегиясын жасауы керек сонда ғана әрбір ел ерекше қайталанбайтын факторлар үйлесіміне ие болады.

 

 








Date: 2015-06-07; view: 1235; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.015 sec.) - Пожаловаться на публикацию