Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дүние жүзіндегі туризмнің даму тарихы





 

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең әрі кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады (В. Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде). Төменде К. Пшеславский (1973) бөлген кезеңдер келтірілген:

І. XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм: а) ежелдегі туризм; ә) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм; б) XVII және XVIII ғасырлардағы туризм;

ІІ. XIX және XX ғасырлардағы - II Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм;

ІІІ. Қазіргі заманғы туризм.

Туристік саяхаттар сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды деп саналады. Біздің заманға дейінгі І мың жылдықта ежелгі Мысыр аталынып жүрген, алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны – діни негіздегі саяхаттар. Б.з.д. VI ғасырда Мысыр перғауыны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған. Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттанушылардың назарын аудара бастады. Алайда, дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері, арзан асханалардың тек қана ежелгі Грекия мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.

Жол тораптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып, өз мемлекеттерінің аумағында қатынау жолдарының жүйесін құрды. Жолдар Вавилон, Сузы және Эктабан қалаларын мемлекеттің шеткі аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар (керуен-сарайлар) орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды. Алайда, антикалық замандағы туризмнің дамуы ежелгі Грекия және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық тұрғыда қарау жағына көп көңіл бөлінді.

Шамамен осыдан 2300 ж. бұрын Ксенофонт грек порты Пирейде сауда қатарлары мен мемлекеттік керуен сарайлардың салынуы керек екендігіне назар аударады. Оның ойынша, бұлар пайданың маңызды көзі болуы керек еді. Гректер секілді римдіктер де үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер құрғақ жолдар торабының әлсіз дамуына байланысты сапарларын теңіз жолдары арқылы іске асырып отырған.

Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылы су көздеріне және курорттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің ғибадатханалары көне замандарда салына бастады, классикалық кезеңде (V-VІ ғғ. б.з.д.) олардың саны 60-тан астам болады. Олар қаладан қашық, қыраттау, қолайлы климаты бар аймақтарда орналасты. Швейцариядағы әйгілі курорт Сент Мориц өз ерекшелігімен пайдаланылды.

Біздің заманға дейінгі VIII ғ. ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиадаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатысты. Мысалы, ертедегі Грекияда Олимпиадалық ойындарға өнерсүйгіштер мен спортшылар көптеп келді. Сірә, спорттық туризмнің де отаны ежелгі Грекия болуы керек. Себебі Олимпиадалық ойындар мұнда төрт жылда бір болып жаздың күн тоқырауынан кейінгі бірінші ай тууынан басталатын, Ойындарды өткізу орны, осы мерейге қатысушы барлық халықтар үшін олардың жеке қауіпсіздігіне қол сұғылмайтын еді. Олимпияға аттанушылардың барлығы Зевстің қонақтары болып саналды. Олардың ішінде сыйлы қонақтар да болды. Әдетте оларды қабылдаушы тарап қарсы алып, орналастырып, тамақтандырды. Келушілердің саны көп еді және алаңдарға 40 мыңға дейін адам сиятын ойын-сауық бизнесі дами бастады. Олимпиадаға қарсы үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылған. Туристер көне ғибадатханаларды тамашалап, кейбіреулер қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естуге мүмкіншілік алды.

Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз. Мұнда саяхаттар керемет жол тораптарының болуы негізінде іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытқан. Рим әскерлері империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отыру үшін қажет болатын. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсерін тигізіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.

Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, орлар қазған, ал содан сон оны таспен толтырған. Жолдар бойымен милялық діңгектер орнатылып, қастарына демалыс үшін орындықтар қойған. Римдік миляның ұзындығы мың жұп қадамға тең болған, ал осы атаудың мағынасы да осыдан, латынша миля «мың» деген мағына беріп, 1480 м құрайды. Саяхаттарды жол бойына орналасқан ұйымдастырылған және керуен сарайлар торы қолайлы етіп отырды. Бұл керуен сарайлар кейде бір-бірінен 5 шақырым қашықтықта орналасып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып өте жайлы болып келді.

Ежелгі Римде «жол көрсеткіштер» болып, оларда тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлер мен қонақ үйлер белгіленіп, бағалары көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын табынушылар үшін IV ғасырда дайындалған жол көрсеткіш белгілі. Біздің заманға дейінгі І ғасырда пайда болған туристік бюролар саяхатшыларды анықтама кітаптарымен жабдықтаған.

Туристік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болып табылады. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қала сыртындағы ауылды мекендерге шығып демалса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық мазмұны кеңейе түсті. Минералды бұлақтар мен ғибадатханалардың қасында қазіргі санаторийлерге ұқсас нысандар салына бастады, ал емдік орындар өте қолайлы жағдайларымен ойын-сауықтың көп түрлілігімен әйгілі болды. Сол кездерде ең әйгілілерден Байедегі (Ваіае) Кампаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды.

Емханалардан басқа рим провинцияларында бұл кезде Aguae Calidae (қазіргі Виши, Франция), Aguae Helveticae (қазіргі Баден, Швейцария), Aguae Неrculi (қазіргі Байе, Херкулан, Румыния), Aguae Solis (қазіргі Батыс Ұлыбритания) танымал болды.

Емдік жерлерге барумен қоса, римдіктер таулы, теңіз жағалауындағы жерлерге сапар шегуді де ұнатты. Бұл тұрғыда ең қолайлы орын Неаполитандық бұғазда орналасқан жерлер саналды.

Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартты. Орта ғасырда саяхат жасау қиын, адам өміріне өте қауіпті болды. Орта ғасырларда адамдар қозғалыс бәсеңдей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-соңды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.

Туристік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауда болуына көптеген себептер әсер етті, олардың ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрынғы жол тораптарының түгелімен және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының жойылып кетуі, саяхатшылардың қауіпсіздік деңгейінің төмендеуі, сонымен қатар көптеген қалалардың күйреуі. Біздің заманның тек III және IV ғасырларында қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің дамыған түріне айналды.

Пилигрим-кезбелердің Палестинаға саяхаттары біздің заманның III және IV ғасырларының өзінде-ақ басталды. Император Константин кезінде Иерусалимде, дәлірек айтқанда Иса пайғамбардың табыты үстінде ғибадатханалар салынды. IV ғасырда қасиетті жерге діни бұқаралық сипатқа ие болғаны соншалықты, табынушылар арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде қабылдана бастайды.

Біздің заманымыздың VII және VIII ғасырында саяхаттар діни мақсаттар үшін қайта жандана бастады. Бұндай саяхаттарға қатысушылар әр түрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (Сантьяго де Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне саяхаттар жасады.

VII ғасырда Халифа Омар кезінде Иерусалимді мұсылмандар жаулап алады. Алайда, бұл қажылықты тоқтата қойған жоқ. VIII ғасырдың деректері бойынша, Иерусалимге Галльск епископы – қасиетті Аркульф келіп, өзінің саяхаты жайында естеліктер қалдырған.

Қажылар Палестинаға тек табыну үшін ғана емес сонымен қатар ескі құнды заттарды сатып алу үшін де сапар шекті. Әр жылы 15-қыркүйекте Иерусалимде, қасиетті Мариям шіркеуі алдында жәрмеңке ұйымдастырылып отырды. Қажылар арасында сауда табысты болғаны соншалықты, қалада Генуя, Венеция, Пиза және Марсель көпестерінің өзіндік мекемелері мен бүтіндей көшелері, қоныстары болды. Қажылық үшін ең қолайлы жағдайлар Абастар әулетінен шыққан халифа Гарун әл Рашид (786-809) кезінде туды. Халифа мен император Ұлы Карл (768-814) арасында түсінушілік қатынастары орнатылып, оның дәлелі ретінде Гарун әл-Рашид сыйлық жібереді. Ол Ұлы Карлға Иса пайғамбардың табыты – ғибадатхананың және ең қасиетті қаланың қақпаларының кілтін сыйлайды. Бұл уақыттары Ұлы Карлдың бұйрығымен Иерусалимде қажылар үшін арнайы қонақ күтетін үйлер салынады.

Еуропада Ұлы Карл пилигримдер үшін демалыс үйлерін VIII ғасырдың өзінде-ақ салдырған. Кейбір серілік қауымдардың басты шаруасы пилигримдерді қорғау және оларға қасиетті жерлерге жол жүру барысында қонақжайлылық көрсету болды. Мұндай үйлердің бірі – Ронсеваль шатқалындағы аббаттығы қақпа алдында құшақ жая қарсы алып, ақысыз нан, шаштараз және етікші қызметтерін, жеміс-жидек, жаңғақтар ұсынып, аурулар үшін екі хоспис, ал мүлдем халсіздер үшін қасиеттендірілген жерлеу орнын да ұсынып отырды.

Орта ғасырлардың соңы мен жаңа замандарға дейін туристік қозғалыстың ауқымды бөлігін діни табыну мен университеттік орталықтар құрады. Онымен қоса қайта өрлеу кезеңінде көпестер мен ұсталардың саяхаттарының маңызы арта бастайды, алайда олардың бір бөлігін ғана саяхаттар қатарына жатқызуға болады. Орта ғасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жол бойы керуен сарайлардың саны күрт өсті.

Қарапайым қонақ үйлік нысандар XIV ғасырдың өзінде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы, кейбір қалаларда XIV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік топтарға бірігіп, өз қонақ үй жарғыларын құруына әкеп соқты. Осындай ең бірінші топ 1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілді топтар XIV ғасырда Римде, Сиякада, Флоренцияда да ашылды.

XVI ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала басталды, ең көп тараған ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды.

XVI ғасырдың соңынан Англияда «гранд-тур» шыға бастады – бұл ауқатты адамдардың құрлыққа саяхаты, гранд-турлар негізінде адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін, өркениеттің жағдайын көріп, сауаттанып шығуына мүмкіндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің қалыптасуы XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басына жатады.

XVII ғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Бұл К. Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары қалыптасты. Бұл кезеңде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды. Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтің көптеген түрлері пайда болып, жолдардың техникалық жағдайы жақсартылды. Жолдар мен көлік құралдарының дамуы туристік миграциялардың географиялық ауқымының ұлғая түсуіне әкеліп соқты. Алғашқы туристік инфрақұрылым қалана бастады. Италияда дәстүрлі орталықтар – Рим, Венеция, Флоренция және Падуямен қатар, XVIII ғасырда Неапольға да келушілердің саны күрт өсті.

Еуропадағы ең алғашқы қонақ үйлердің бірі – «IV Генрих отелі» Нант қаласында 1788 ж. салынды. Оның құрылысына сол кездер үшін ауқымды сома –17500 $ қаржы жұмсалды. Қонақ үйде 60 жатын орын болып, Еуропадағы ең жақсы қонақ үй болып саналды.

XVIII ғасырлардың шегінде Англиядан Еуразиялық континентке жасалатын саяхаттар әдетке айналды. XVIII ғасырдың екінші жартысында бұл қозғалысқа 40 мың адам жыл сайын қатысып отырды. Бұл саяхаттарға, аталғандай-ақ, ауқатты жас ағылшындар білімін толықтыру үшін қатысып, саяхат grand-tour ал қатысушылар tourist (турист) деп аталды. Бұл атау қысқа мерзім ішінде Францияда, ал кейіннен Еуропаның басқа да елдерінде кеңінен тамыр жайды.

Ағылшындардың құрлыққа сапарлары альпілік туризм тарихымен тікелей байланысты. 1741 ж. ағылшын саяхатшылар тобы экскурсия барысында Женевадан Шамониге дейін жетіп, Шамони бүкіл Еуропада әйгілі болды. Бұл кезеңде альпілік туризмнің дамуы Еуропадағы индустриалдану және урбандалу процестерімен тығыз байланыста еді.

XVIII ғасырда Шамониде демалушылардың көп бөлігін қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың, көбіне Грекия және Англияның тұрғындары құрады. XVIII ғасыр Ресей курорттарының дамуының бірінші кезеңі. Бұл үрдісті бастаушы Ұлы I Петр. Ол 1713 ж. ресейліктерге минералды сулардың ізделуі керектігін жариялады. Бұл мәселе бойынша 1719 ж. 20 наурызда арнайы Дәрігерлік ережелер жайындағы жарлық шығып, денсаулық мекемелерінің нормативтік негізіне айналды.

XIX ғасырдың жартысына дейін Еуропалық туризмде тек ауқатты жоғарғы дәрежесі бар адамдар болды, сондықтан да кейбір авторлар туризмді «аристократтық туризм» деп атады (tourisme aristocratigue). Тек XIX ғасырдың екінші жартысында ғана, әсіресе XX ғасырдың 20-жж. туристік қозғалыс өзгерістерге ұшырап, демократиялана бастады.

XIX ғасырда және XX ғасырдың бірінші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болды, олардың ішінде ең маңыздылары:

· көлік құралдарының дамуы;

· өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруы;

· урбандалудың дамуы;

· бос уақыттың артуы;

· қоғамның мәдени деңгейінің жоғарылауы;

· туризм жөніндегі мемлекеттік саясат.

Көлік құралдарының дамуы, әрине, туристік қозғалыстың жиілігімен оның кеңістіктік өзгерістерге ұшырауына ең басты себеп болды.

Ең бірінші темір жол желісі – Манчестер-Ливерпуль 1825 жылы Англияда ашылды. Бұрын көп уақыт кететін саяхаттарға, ендігі жолы әркімнің және өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдар барлық мемлекеттерде өте шапшаң қарқынмен салына бастады. Олар туристік қозғалыстың кеңістіктік құрылымын және ауқымын өзгертті.

Теңіз техникасының дамуы, әсіресе желкенді қайықтардың орнына кемелердің қолданысқа енуі құрлықаралық саяхаттарды жақсартты. Атлант мұхитын кесіп өту мерзімі бірнеше есе қысқарды, ол Ливерпуль-Нью-Йорк трассасында 1816 жылғы 20-25 күннен, 1838 жылы 12 күнге, 1850 жылы 8 күн 17 сағатқа, 1883 жылы 6 күн 18 сағатқа қысқарды.

Пассажирлік континентаралық теңіз саяхаттарымен бірге Еуропалық теңіздер, әсіресе Жерорта теңізі мен Ла-Манш каналы бойымен саяхаттарға қатысушылар саны әрдайым өсіп отырды.

Өткен ғасырдың 20-30 жылдары көптеген елдердің туристік карталарында елеулі өзгерістер пайда болады, бұл саяхаттар автомобильді көліктің барлық жерде қолданыла бастауынан туындайды. Мысалы, 1938 жылы автомобильдер мен туристік автобустарда Швейцарияға 762,2 мың шетелдік келіп, бүкіл шетелдік туристердің 47,8% құрады.

Туристік белсенділіктің артуы саяхат бюроларының ашылуына әкеп соқты, ал олар уақыт өте келе, «туристік индустрияның» маңызды тірегіне айналды. Негізінен, ең маңызды да бастапқы нүкте 1841 жылы ағылшын мұғалімі Томас Куктың Мидленд округіндегі темір жол компаниясын Лейстер-Лафборо деген 18 шақырым трассада мейрамдық пойызды енгізуге үгіттеуінен басталады.

Томас Кук алғашқы болып, 1872 жылы адамдарға басқа жерлерді көрсету мақсатында қызмет жасап, саяхат ұсынып, оны коммерциялық негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет сферасын кеңейтіп, жаңа туристік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды. Томас Кук Египетке, Палестинаға, АҚШ-қа тұрақты саяхаттарды ұйымдастырып тұрды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жол сілтемелерін және кезекті басылымдарды шығарумен, жарнамалық компаниялармен, банктік операциялармен, ақша айырбастаумен айналыса бастады. Томас Куктың еңбегін ұлы мен компаньондары жалғастырды. Қазіргі уақытта Томас Кук атындағы халықаралық туристік компания – барлық континенттегі туристік іс-әрекетпен айналысатын әлемдегі ең ірі компания. «Томас Кук» компаниясының 1200 туристік агенттіктері бүкіл әлемде жұмыс істеп, 20 млн-дай туристке қызмет көрсетеді. Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы бірінші менеджер және туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұхаралық қозғалыстарының тиімдіділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады.

Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық курорттардың дамуына байланысты, бұл елдерде, Англиямен қатар, Еуропада халықаралық туризм орталығына айналып отыр. XVIII ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әр түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.

1857 жылы Лондонда әлемде бірінші біріккен әуесқой тау саяхатшылары – Англиялық Альпі клубы пайда болды. 1862 жылы Туринде Аустриялық Альпі клубы құрылды да, кейінірек Италияндық болып аталынды. 1863 жылы Швейцар клубы пайда болды.

XX ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз шеңберіне басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі. Туристік сапар желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға келеді.

II Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің қатынасын қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі туризмнің деңгейіне тек қана 40-жылдардың соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШ пен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына ресми түрде рұқсат етілді.

Егер қазіргі жағдайдағы туризм XIX ғасырдың соңында пайда болып құрылса, ол XX ғасырдың екінші жартысыңда ғана шынайы қарқынды дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың дамуымен қатар келіп XX ғасырдың феномені атағына ие болды.

Демалыс үшін сапарлар санының артуы урбандалу процесінің өсуі мен XIX ғасырда темір жол көлігінің дамуына байланысты. XIX ғасырда медицинаның дамуы климаттың емдік қасиеттері мен теңіз суының жоғары дәрежеде бағалануына (таулы және теңіз маңы) әкеліп соқты. Темір жолдарының салынуы мұндай қасиеттері бар аудандарды туристік сұраныс территорияларына «жақындатты». Ал техниканың дамуы үлкен масштабты туристік инвестицияларға мүмкіңдік берді. Бұл кішігірім және белгісіз қоныстардың үлкен теңіз жағалауларындағы демалыс орталықтарына (мысалы, Сопот, Канны, Монте-Карло, Ницца) немесе таулы демалыс орталықтарына (мысалы, Шамони, Давос, Закопане) айналуына себепкер болды.

Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу XIX жүз жылдықтың екінші жартысына жатады (И.Г. Коль). XIX және XX ғасырларда үлкен қарқынға ие болған қалалардың дамуы географтарды урбандалу мен туристік, курорттық қоныстардың пайда болып, кеңею процестерінің арасындағы тәуелділікті анықтау мәселесін қарастыруға итермеледі. Сонымен, мысалы, неміс географы А. Геттнер (1859-1941 жж.) мұндай қоныстардың дамуын ең алдымен қалада халықтың шектен тыс шоғырлануымен, сондықтан да олардың рекреациялық қажеттіліктерінің артуымен байланыстырды.

«География туризмі» деген терминді ең алғаш 1905 ж. Д. Страднер қолданды. Оның ойынша, бұл ғылым туристік қозғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысуы керек. Сонымен қатар, туристік лайықтылығын сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау керек. Туристік құбылыстардың экономикалық аспектісіне географтар XIX ғасырдың өзінде-ақ көңіл бөлген, алайда бұл мәселенің нақты талдауын тек К. Шпютцтың еңбегінде табуға болады. Автор еңбегінде туристерді қабылдаушы елдер мен аймақтардың экономикалық, қоғамдық және мәдени қатынастардың өзгеруіндегі туризмнің үлкен рөлін атап көрсеткен.

К. Шпютц еңбегінде «қонақ үй кәсібі» дамуының әсерінен жүзеге асқан туристік қоныстардың кеңістіктік дамуына және қоныстардың түрінің өзгеруіне көп орын бөлген. Сонымен қатар, ол туристік қозғалыстың әсерінен болатын табиғи, мәдени ландшафтыдағы өзгерістерді зерттеу қасиеттілігіне назар аударды.

Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттегенде, негізінен, ең алдымен ішкі, әсіресе халықаралық туристік ағымға көңіл аударды, сонымен қатар жергілікті жерді туристік жағынан игеруге де көңіл қойылды.

30-жылдары туризм географиясының әлем бойынша қарқынды дамуына мүмкіншіліктер туады, әсіресе Германияда (Р. Глюксман, А. Борман, X. Позер), Францияда (Д. Мидж), Швейцарияда (В. Унцикер), Жапонияда (М. Сато, К. Мисава, Танака, Осаки), сондай-ақ АҚШ-та (Р. Браун, К. Мак-Мерри). Осындай зерттеулерге байланысты Берлинде 1929-1934 жылдары туризмді зерттеу институты ашылады. Дәл сонда С. Лещицкийдің алғаш туристік географиямен туризм географиясы дейтін түсінікті ғылыми түрде дәлелдейтін теориялық жұмыстары жарық көрді, ол географиялық әдебиеттердің өміріне туризм деген терминді енгізді. Сол кезде туризм географиясының дамуында туризм деген түсінік үлкен роль атқарды. Ол теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және қоғамдық мәселелердің жинағы ретінде туристік қозғалыспен байланысты.

Табиғи ортаның жағдайларына Р. Глюксманн көп көңіл бөлген. Оның туристік кең ауқымды қамтитын еңбегін туризм туралы қазіргі ғылымның ең негізгі туындысы деп санайды. Ол физикалық географияның зерттеулерінің бөлшектеріне кірмей, табиғи жағдайлардың туризмнің дамуына әсер етуіндей заңдылықтарды дәлелдеуге негіздеп, маңызды рөлді климаттық жағдайлар атқарады деп тұжырымдады. Оған қоса, орман жамылғысы, жер беті суларының торларын ландшафттың оңды қасиеттерін арттыратын элемент ретінде қарастырады.

1937-1939 жж. неміс географтарының нақты туристік аймақтар туралы еңбектері жарық көре бастайды. X. Гассманның жұмысы Гарц тауларының батыс бөлігін қамтыса, X. Дэблердің еңбегінде Макленбургтік теңіз жағалауындағы шипажайлар сипатталған, сонымен қатар X Позердің Крконошадағы туристік қозғалысты қарастыратын жұмысын да атап кеткен жөн.

ІІ Дүниежүзілік соғыс туризм географиясы саласындағы ғылыми зерттеулерді тежеді. Алайда, мұндай зерттеулер соғыс бітісімен-ақ қайта басталады, себебі сол кездері туристік қозғалыс үлкен қарқынмен дами бастайды. II Дүниежүзілік соғыстан кейін туризм географиясының даму орталығы Франция және АҚШ болды, 1970-жылдардан бастап, сондай-ақ, КСРО, Канада, Австрия, Ұлыбритания, Австралия, Жапония, Чехославакия, Югославия, Болгария, Германия, Полша солардың қатарына енді.

1945-1960 жылдардың арасында жаңа термин – демалыс географиясы пайда болып, ол туризм географиясы және рекреация географиясымен қатар қолданыла басады.

1950 жылдардың аяғында Америка әдебиеттерінде жаңа түсінік рекреация термині пайда болды. Бұл терминді М. Клаусон енгізді. Мұндай демалыс деп қала сыртындағы ашық аспан астында демалуды атайды.

1949 жылы туризмнің ғылыми сарапшыларының халықаралық ассоциациясы атты халықаралық ғылыми қоғам құрылады. Оның орталығы Бернде болады. Бұл ұйым өзінің елінде туристік мәселелермен айналысатын әйгілі ғылыммен айналысатын адамдарының басын қосты.

Монте Карлода құрылған халықаралық туризм академиясы жөнінде атап кеткен дұрыс. Бұл ұйым 1956 жылы халықаралық туристік сөздікті басып шығарады. Германияда соғыстан кейінгі жылдары туризм географиясының дамуына 2 ғылыми орталықтың маңызды әсері болды. 1950 ж. Мюнхендегі университеттің жанынан құрылған Неміс экономикалық туризм институты, сонымен қатар 1952 ж. Майндегі Франкфурт университеті негізінде ашылған туризм институты. Туристік шаруашылықтың дамуымен туристердің санының өсуі, 1960-шы жылдардан бастап жағдайы қолайлы аймақтарды игерумен қатар, қолайсыз аумақтарды игеруге көше бастады.

 

 

Date: 2015-06-07; view: 3733; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию