Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туризмнің әсері





Төлем балансы елдің экономикалық дамуы және оның қаржы жағдайы туралы мәліметтің тұрақты статистикалық түрінің бірі. Төлем балансы – белгілі бір уақыт кезеңінде, яғни бір жыл ішінде осы елдің басқа елдермен және өз резиденттері арасында жасалынған барлық экономикалық келісімдерінің жүйеленген қорытынды жазбасы. Төлем балансы осы елдің жеке келісімдерін ғана емес, оның басқа мемлекеттер арасында жасаған келісімдерінің біртұтастығын көрсетеді. Төлем балансы есепшоты осы ел резиденттері мен басқа елдер арасындағы қаржы ағындары (әр түрлі формада қарыз алу және беру) және басқа да қызметтер мен тауарлардың нақты ағынын көрсетеді.

Төлем балансы қос есеп ұстанымы бойынша құрылады, яғни барлық экономикалық келісімдердің екі жақты жазбасы жүргізіледі. Несиеге елге валюта құйылуы мен құндылықтардың шығуы нәтижесінде болатын келісімдер жатады, мысалы шетел туристеріне қызмет көрсету, отандық компаниялардың акцияларын шетелдіктердің сатып алуы, т.б. Бұл жазбалар «қосу» белгісімен жазылады. Дебетке елдің құндылықтарды сатып алуы үшін валютаны шығындауы нәтижесінде болатын келісімдер жатады. Мысалы, автомобильдерді импорттау, осы елдегі шетелдік компаниялардың пайдасын аудару және т.б. Мұндай келісімдер шетелдік валюта қорының азаюына әкеледі және «алу» белгісімен жазылады.

Төлем балансының ағымдағы операция есепшотына халықаралық туризммен байланысты кірістер мен шығындарды қосатын «Туризм» бабы кіреді. «Туризм» бабына бір жағынан осы елге шетелдік келушілерден түсетін кіріс (актив) кірсе, екінші жағынан осы елдің азаматтарының шетелдегі шығындары (пассив) кіреді (Қосымша 2.4 кесте).

Халықаралық туризмнің ұлттық төлем балансына әсері XX ғ. 40 жылдың аяғы – 50 жылдардың басында отандық және шетелдік зерттеушілердің (М.В. Ананьев, В.И. Азар, И.Т. Балабанов, М.Э. Немоляева, И.И. Пирожник, Г.А. Папирян, В.Б. Сапрунова, В.С. Сенин, Я. Гезгала, А.Кох, Й.Мунд, М.Монтехано, С.Смидт және т.б.) еңбектерінен көреміз.

Халықаралық туризмнің экономикалық маңызы елге шетелдік валютаның түсуімен анықталады, яғни елдің төлем балансының белсендірілуіне әкеледі. Шетелдік валютаның түсуі туристік төлем баланстың бірінші элементі болып табылады. Қосымшадағы 2.5-кесте мәліметтеріне сәйкес халықаралық туризмнен түсетін түсім негізінен экономикасы дамыған елдер тобында жинақталған, бұл топта алдыңғы орында АҚШ елі орналасқан.

2005 ж. ДТҰ мәліметі бойынша АҚШ халықаралық туризмнен 81,7 млрд. доллар түскен. Одан кейінгі орындарда Испания, Франция және Италия елдері орналасқан, сол жылы халықаралық туризмнен әр елге түсім сәйкесінше 48, 42 және 35 млрд. долларды құрады. Осы төрт ел соңғы 5 жылдықта алдыңғы орындардан түспейді. 1999 – 2005 жылдар аралығында халықаралық туризмнен түскен кіріс бойынша алдыңғы ондық құрамынан Канада және Грекия елдері шығып қалды, ал олардың орнын Түркия және Аустралия елдері басты.

Мәліметтерді сараптай келе, бір шетелдік келушінің өзі жұмсаған қаржы көрсеткіші бойынша Дания елі көштің басында, айта кетерлік жайт 2004 жылы осы елде бір шетелдік турист 1500 доллардан астам қаржы жұмсаған. Осы көрсеткіш бойынша жақын арада Швеция елін озып шыққан Аустралия елі екінші орынды иеленді. Бұл туристік әлеуеті жоғары және дамыған туристік инфрақұрылымының болуымен түсіндіріледі, Дания және Швеция елдері Еуропадағы ең қымбат елдердің бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде шетелдік туристтердің шығынының көбеюіне әкеледі, ал Аустралияға келер болсақ көліктің құрамдас бөлігі болып табылатын турпакет бағасының қымбаттылығында.

Туристік төлем балансының екінші элементі – халықаралық туризмге жұмсалатын шығын болып табылады. Халықаралық туризмге жұмсалатын шығын көлемі жоғары елдер тобын жуырда осы көрсеткіш бойынша тұрақты көшбасшы ел АҚШ-ты озып шығып, Германия басқарды. Сондай-ақ бұл топқа Азия елдері Жапония, Қытай, Еуропа аймағының елдері Франция, Нидерланды, Италия кіреді. Туристік қызметтерге жұмсайтын шығындары бойынша Ресей дүние жүзі бойынша тоғызыншы орында. 2000 жылдан бастап Ресей туристерінің шетелдегі шығындары жылына 15%-ға өсті. Орталық Шығыс Еуропаның сауықтыру курорттарының, сондай-ақ Түркия және Египет курорттарының жылдық айналымының 3/1-ін Ресей саяхатшыларынан түсетін кіріс құрайды.

Көптеген елдердің экономикасы үшін туристтік төлем балансының жағдайы маңызды болып табылады, себебі мемлекет оң айырымның болғанын қалайды. Туристік баланстың оң айырым (туризмнен түскен кірістің шығыстан басым болуы) көрсеткіші мен теріс айырым (туризм шығындарының кірістен басым болуы) көрсеткіші елдің экономикасының дамыған немесе дамымағандығының біржақты дәлелі бола алмайды (2.6. кесте). Туристік төлем балансы күйінің себебін бірнеше факторлар жиынтығын нақты сараптау кезінде ғана анықтауға болады.

Белсенді туристік төлем балансы келесідей факторлар әсерінен түзіледі: табиғи алғышарттардың болуы, дамыған туристік инфрақұрылым, саяси тұрақтылық және т.б.

Пассивті туристік төлем балансы ұлттық өнеркәсіптің дамуының жоғары деңгейін, елдің сауда балансының оң айырым көрсеткішін және тұрғын басына шаққанда кіріс деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Бірқатар елдер, мысалы Германия, Ұлыбритания, Жапония елдері тауардың экспортына ең бірінші кезекте назар аударады, ал ол өз кезегінде туристік операциялар бойынша төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі. Қонақүйлердің халықаралық тізбегін, әуекомпаниялар, туристік компанияларды бақылау арқылы елдің төлем балансына туризм салымын өзгертуге қабілетті және туризм индустриясын қолдаушы банк қызметі мен сақтандыру арқылы пайда табады.

Қазіргі кезде дамушы елдердің туристік төлем балансы теріс айырма көрсеткішіне ие. Дамушы елдер үшін халықаралық туризмнен түсетін кірістің маңызы зор. Дегенмен бұл елдердің көпшілігі жалпы туризм елі бола алмайды және сол себептен өзінің туристік төлем балансын белсенді ете алмайды. Бұл осы елдерде туризм саласының дамуында қиыншылықтардың болуынан ғана емес, сондай-ақ олардың дамуында жалпы әлеуметтік-экономикалық, саяси қиыншылықтардың (кедейлік және т.б.) болуымен анықталады.

Халықаралық туризмнен түскен жылдық түсім көлемі сараптамасы және кіріс пен шығын арақатынасы 2004 жылғы мәліметтер бойынша елдерді топтастыруға мүмкіндік туғызды (Қосымша 2.7 кесте).

1-топ – халықаралық туризмнен түскен кіріс мәнінің жоғарылығымен ерекшеленетін елдер. Бұл топқа негізінен туристік балансының айырма көрсеткіші оң елдер (белсенді туристік баланс): халықаралық туристердің келуі бойынша көшбасшы – Франция, Испания, Италия, Мексика; біршама Еуропа елдері – Португалия, Хорватия, Болгария, Чехия Республикасы; Азия елдері – Таиланд, Малайзия; Африка елдері – ОАР, Марокко, Тунис, сондай-ақ халықаралық туризмге жоғары маманданған аралдағы мемлекеттер – Доминикан Республикасы, Багам аралдары, Барбадос, Ямайка, Кипр және басқалары.

2-топ – шығын мен кіріс тең болған жағдайдағы туристік төлем балансы біркелкі елдер. Бұл топ саны көп емес және де құрамы тұрақсыз. Соңғы уақытта бұл топқа АҚШ, халықаралық туризм даму динамикасы жоғары кейбір Азия елдері – Қытай, Сингапур, Филиппин; біршама Еуропа елдері – Аустрия, Швейцария, Ирландия; Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Чили және басқа макроаймақтың кейбір елдері кіреді.

3-топ – туристік баланстың айырма көрсеткіші теріс елдер (пассивті туристік баланс). Бұл топқа шығу ағыны жоғары елдер – Германия, Жапония, Ұлыбритания, Скандинавия және кейбір Батыс Еуропа елдері, біршама мұнайөндіруші елдер кіреді.

Қаралып отырған мәселе негізінде туристік баланстың айырма көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын сараптай келіп, оның елдің жалпы сауда және төлем балансына әсері қызығушылық тудырады, сол себептен олардың бірнешеуіне тоқталайық.

М.А. Ананьев Еуропа елдерін зерттей келе, оларды төрт топқа бөледі (А, В, С, Д):

А – туризм төлем балансының тапшылығын төмендетеді (Аустрия, Испания, Швейцария);

В – туризм төлем балансының оң айырым көрсеткішін азайтады (Ұлыбритания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Германия, Франция және Швеция);

С – туризм төлем балансының тапшылығын арттырады (Финляндия);

D – туризм төлем балансының оң айырым көрсеткішін арттырады (Италия).

Бірақ, М.А. Ананьев жұмысында дүние жүзінің басқа аймақтарындағы жағдай қарастырылмаған, сондықтан жағдай толық көрсетілмейді. Керісінше, В.И. Азар, С.Ю. Туманов төлем балансында халықаралық туризмдегі рөлі бойынша дүние жүзі елдерін сараптай келе, оларды бес топқа бөлді:

· қызметтер мен тауарлардың жалпы активті балансын жақсартады;

· қызметтер мен тауарлардың жалпы активті балансын нашарлатады;

· қызметтер мен тауарлардың жалпы пассивті балансын өтейді және белгілі бір актив құрады;

· қызметтер мен тауарлар балансының жалпы пассивін азайтады;

· қызметтер мен тауарлардың қалыптасқан балансын нашарлатады.

Әлі де болса мемлекеттерді топтастыру әдістемесі мен топтастыру критерийлері анық көрсетілмеген, осыған байланысты нақты мемлекетті қандай да бір топқа жатқызу қиынға соғуда.

Мемлекеттерді топтастырудың толық және ғылыми негізделген ең тиімді жүйесін И.И. Пирожник еңбектерінен көреміз. Туристік баланстың айырым көлемінің сауда және төлем балансының айырымына әсерін зерттей келе, халықаралық туристік айналымның төлем балансына әсері бойынша елдердің топтарын құрды.

И.И. Пирожник соңғы 10 жылдықтағы (1999-2000 жж.) халықаралық туристік айналымның динамикасын ескере отырып, дүние жүзінің 126 елдерін топтастырған (Қосымша 2.8 кесте). Дәл осы кезең ерекше ғылыми қызығушылық тудырғанымен, арнайы әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттелмеген. Жаңа геосаяси жағдайда, Югославия мен КСРО-ның құлауы нәтижесінде ауыспалы экономикасы бар жаңа типтегі елдердің пайда болуы, сондай-ақ халықаралық терроризмнің көбею қаупіне байланысты халықаралық туризмнің дамуында біршама өзгерістер болды.

1-топқа туристік және сауда балансының айырымы оң болатын елдер, яғни төлем балансының айырымы оң болып қалыптасатын елдер. Олар халықаралық туризм сауда балансының оң айырым көрсеткішін арттырып, елдің төлем балансын белсенді етеді. Бұл топтағы елдер саны көп емес. Бұл топта тұрақты орында Азия-Тынық мұхит аймағының елдері орналасқан. 1990 жылдың басында осы топ құрамында алдымен бұл аймақтың екі елі Қытай және Индонезия кірсе, 1995 жылдан бастап тағы да бірнеше елдер Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур, Таиланд, Филиппин қосылды.

2-топты сауда балансының оң айырым көрсеткішінен төмен туристік баланстың теріс айырым көрсеткішті елдері құрайды, бұл сауда балансының оң көрсеткішін азайтады. Бұл топқа біршама дамыған елдер Германия, Жапония, Канада, Солтүстік Еуропаның көптеген елдері және шикізатты экспорттаудан айтарлықтай кірісі бар кейбір дамушы елдер кіреді.

Бұл топқа қызметтерді импорттаудан көшбасшы ел Ресей де кіреді. Ресейде импорттың 80%-ын негізгі үш бап құрайды: туризм, көліктік қызметтер және құрылыс қызметтері, осының салдарынан «Туризм» бабы бойынша төлем балансының айырым көрсеткіші теріс болады.

3-топ елдері сауда балансының теріс көрсеткіші мен туристік баланстың оң көрсеткішімен сипатталады, сауда балансының айырымы теріс көрсеткіші абсолютті түрде көбірек болады. Бұл сирек кездесетін жағдай, яғни халықаралық туризмнен түскен түсім сауда балансының теріс айырымын өтеп қана қоймай, сонымен бірге жалпы төлем балансының оң айырымын құрады. Бұл шетелдің көмегінсіз ұзақ сақталмайтын жағдай мемлекет тарапынан бақылаудың жоқтығын ғана емес, туристік қозғалыстың да жүрмейтінін көрсетеді.

4-ші топқа сауда балансы теріс айырым және туристік баланс оң айырым және елдің төлем балансының ағымдағы есепшоты айырымы импорт көлемінің жоғары болуынан теріс болады. Бұл топ құрамы өте көп. Мұнда негізгі туристік елдер – АҚШ, Испания, Франция, Аустрия, Грекия, Түркия, экономика негізін туристік сектор құрайтын Кариб аймағының аралдарында орналасқан мемлекеттер, сондай-ақ Америка, Азия, Африка елдері кіреді.

5-топқа туристік, сауда, төлем баланстарының айырымы теріс елдер кіреді. Халықаралық туризм төлем балансының пассивтілігін шиеленістіріп, сауда балансының теріс айырымын арттырады. Бұл топ құрамы көп емес және өзгермелі.

6-шы топты туристік баланстың теріс айырымы сауда балансының оң айырымын барлық көрсеткіш бойынша асып кететін елдер құрайды. Халықаралық туризм сауда балансының оң айырымын басып тастап, төлем балансының теріс айырымын түзеді. Бұл топқа халықаралық туризмге көп мөлшерде шығындалатын санаулы елдер жатады.

Топтағы жекеленген елдердің жағдайының өзгерісіне қарамастан жалпы төлем және сауда балансына халықаралық туризмнен кірістер мен шығындар әсері сипатына қарай тұрақты позициялы елдер ерекшеленген. Халықаралық туризмнен түсетін кірістерге 2010 ж. өріс алған экономикалық дағдарыстар әсер етеді.

2.5 Тұрғындардың жұмыспен қамтылуына халықаралық

Date: 2015-06-07; view: 1564; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию