Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе





Әлем экономикасының трансұлттану мен жаһандануының күшейтілуімен бірге ХХІ ғасырдың басында халықаралық туризмнің кеңістіктік құрылымы да өзгерді. Халықаралық туризм дамуының қазіргі кезеңінде жаһандық әлемдік туристік кеңістік қалыптасты. Бұл үрдіс туристік кеңістік құрылымдану жолына қарай және оның орталық-шеткі құрылымының нығаюы, сонымен қатар халықаралық туризм шеңберінде жаңа аумақтардың кеңеюімен ерекшеленеді.

Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды;

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпалын тигізеді;

3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндіктер тудырады.

Туризм елдің жеке аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Туристік фирмалар мен агенттіктердің құрылу және орналасуы демалыс пен туризмнің алғышарттары – табиғат жағдайы, рекреациялық ресурстар, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, т.б. факторларға байланысты. Сондай-ақ туризмді дамытудың индикаторы: қонақ үйлер мен мейрамханалар, денсаулық сақтау саласындағы қызмет, демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастару жөніндегі қызмет, турист саласындағы білімді мамандар, туристік тасмалдау көліктері, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, туризм саласын дамытуға бөлінген қаржыға, индикаторлардың даму деңгейіне, орналасуы мен аумақтық ұйымдастыруына байланысты болып келеді.

Экологиялық, экономикалық, географиялық, т.б. ғылыми әдебиеттерде туризмнің мәні оның қоғам өміріндегі қызметтерімен рөлі туралы біртұтас қалыптасқан көзқарастар бар.

Туризм индустриясын ұйымдастыру мен басқарудың жалпы мәселелері теориялық тұрғыда А.Ю. Александрова, Ф. Котлер, К. Купер, М.Б. Биржаков, А.П. Дурович, Н.И. Кабушкин, В.А. Квартальнов, С.Р. Ердәулетов, А.Д. Чудновский, ал туризм мен қызмет көрсету салаларын болжау, жоспарлау мәселелері Е.В. Башмачников, Ю.В. Кузнецов, Ю.С. Путрик, В.М. Фраймович, өңірлік туризмді дамыту және оның әлеуметтік-экономикалық жүйеге тигізетін әсерін бағалау мәселелері В.В. Громов, В.Г. Гуляев, В.А. Морозов, А.А. Татаринов, К.В. Хартанович, К. Каспар, т.б. еңбектерінде жан-жақты талданған.

Туризмнің экологиялық проблемалары А.А.Остопец-Свещников, В.Н. Вуколов, А.А. Саипов, А. Жолдасбеков, В. Фомин, т.б. еңбектерінде көрініс алады. Туристік-рекреациялық іс-әрекеттер әртүрлі бағытта 1960-1990 жылдары қарқынды дамуда болды.

Туризм географиясын туристік қозғалыс барысында табиғи және антропогендік жағдайларға қатысты географиялық пән ретінде қарастырамыз. Поляк зерттеушісі С. Лещицкий туризм географиясына өзіндік анықтама берген (1932 ж). Оның зерттеулерінің құндылығы ландшафтылық тұрғыда баға берумен қатар, туристік іс-әрекеттерді табиғи ландшафт жағдайында ұтымды пайдалана отырып оны экономикалық тұрғыда саралауы. Я. Варшинский, А. Яцковский, В. Храла зерттеулерінде туризм географиясын кеңістік тұрғыда қарастыра, олар сол кеңістіктегі құбылыстарды түсіндіруге тырысады. Нарық жағдайы мен тұрақты даму барысында туризм индустриясын басқарудың әдіснамалық негіздерін әр бағытта талдауды шетелдік ғалымдардың: Б. Арчер, Р. Бентли, Я. Гезгала, Я. Криппендорф, Р. Дэвидсон, Х.В. Опашовски, В. Фрейер, Д. Флетчер, т.б. ғылыми басылымдармен еңбектерін көреміз. Ресейлік зерттеушілердің В.И. Азар, О.В. Аристова, В.А. Квартальнов, М.Б. Биржаков, Г.А. Карпова, т.б. туризм мәселелеріне арналған ғылыми еңбектерін атап өткен орынды. Олардың зерттеулерінде негізінен туризм түсініктері, анықтамалары, рекреациялық туристік әрекеттер туралы жалпы теориялық және әдіснамалық қолданбалы аспектілер басым және Ресей, Кавказ, Қара теңізі аумақтарына байланысты материалдар негізделінген.

Территориялық рекреациялық кешендердің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздері М.А. Абрамов, Ю.А. Веденин, А.В. Гидбут, Е.А. Котляров, А.Г. Мезенцев, В.С. Преображенский еңбектерінде қарастырылады. Бірақ бұл ғылыми жұмыстар 1970-жылдардың соңы мен 1980-жылдардың бас кезеңіне тура келеді. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарында география ғылымында туризм дамуының әдіснамалық теориялық базасының қалыптасуының ғылыми негіздері қаланғандығын анықтадық. Сонымен қатар, туризмді тұрақты дамыту тұжырымдамасына сай қалыптастырып дамытуда географиялық негізге сүйене отырып орындалған ғылыми зерттеу жұмыстары санаулы. Ресейлік ғалым зерттеушілер В.С. Преображенский, И.Т. Твердохлебов, Н.С. Мироненко, т.б. және Қазақстандық ғалым С.Р. Ердәулетов, т.б. туризм географиясы зерттеулерін экономикалық және әлеуметтік географиясы тұрғысында қарастырады. Осы ғалымдардың еңбектерінде туризм ұғымы мен түсінігі теориялық және практикалық жағынан әр түрлі аспектіде қаралып кеңейтіліп отырды.

Туризм саласын дамытуға өз еңбектерімен зор үлесін қосып келе жатқан алыс, жақын шетелдік ғалымдарға: Александрова А.Ю., В.Г. Гуляев, А.М. Голубков, Е.Н. Ильина, В.А. Квартальнов, А.С. Кусков және т.б. жатады.

Экономиканың жекелеген салаларында тәжірибеде маркетингті қолдану Ш.Р. Абдильманова, У.Б. Баймуратов, Н.В. Джангарашева, С.Р. Есімжанова, К.К. Кажымұрат, А.Ш. Нұрсеит, С.Н. Нысанбаев, К.Ә. Сағадиев, Н.Н. Хамитов сияқты отандық экономист-ғалымдардың еңбектерінде көрініс алған.

Отандық ғылыми әдебиеттер ішінде туризмнің даму мәселелері С.Р. Ердавлетов, О.Б. Мазбаев, Ө.К. Шеденов, В.Н. Вуколов, Ғ.М. Дүйсен, Ж.М. Дюсембекова, Р.Х. Раева, О.Ж. Устенова, М.Р. Смыкова сияқты ғалымдардың еңбектерінде орын алған.

Оқу құралында туризмнің теориялық-әдістемелік негіздері, туризм және рекреациялық ресурстарды дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы ғылыми-зерттеу материалдары бар.

Орта және арнаулы оқу орындарындағы Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын барынша тереңдете оқытудың қажеттілігі туындайды. Жергілікті жердің географиялық ерекшеліктерін білу – экономиканың күрделі мәселелерін айыра білуге, аймақтардағы қазіргі туристік мүмкіншіліктерді дұрыс бағалап, туристік-рекреациялық ресурстардың экономиканы дамуындағы өзгерістердің мәнін түсінуге жәрдемдеседі.

Оқу құралында Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, салалық статистикалық жинақтардың мәліметтері, ғылыми монографиялар, оқу құралдары, оқулықтар кеңінен қолданылды.

Туризм географиясының басқа тапсырмасы – туристік аумақтық жүйесін жобалау. Табиғаттың, халық пен шаруашылықтың үш бірлігінен туындап жүргізілетін туристік кеңістікті ұйымдастырудың оңтайлануы оның негізі болып қызмет етеді. Туризмді кеңістікте ұйымдастыру адам қызығушылығымен, оның өмір сүру дәрежесі мен сапасын жоғарлату, соның ішінде оның туристік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады. Осыған туризм географиясының құрылымдық рөлі және әр түрлі ғылыми тәсіл мен амалдар құрамасына негізделген туристік-географиялық зерттеулердің стратегиялық даму бағыттары құрамдас болып келеді.

Туризм географиясы әлеуметтік-экономикалық географияның ажырамас бөлігі ретінде дүниетанымдық, мәдени-көрегендік, тәрбиелік, білім мәселелерін шешеді. Туризм географиясының маңызды қызметтерінің бірі халықты аумақтың туристік әлеуеті туралы ақпараттандырып отыру болып саналады. Ол адамдарға саяхаттың түрі мен формасы туралы, табиғаттың, мәдениеттің, тарихтың, сондай-ақ елде және шетелдердегі орналасқан туризм индустриясының кәсіпкерліктері туралы ойларының қалыптасуына көмектеседі. Сонымен туризм географиясы бар немесе құрылып келе жатқан туристік орталықтарға туристердің қызығушылығын және оларға мақсатты түрде бару талабын тудырады.

Date: 2015-06-07; view: 1621; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию