Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дебиеттік оқу





Әдебиеттік оқу пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Пәннің міндеттері:

- оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

- ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

- ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындауға үйрету;

- талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтауға машықтандыру;

- әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

- адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

- оқылған шығарма сюжеті желісімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу, т.б.) орындауға машықтандыру;

- әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

- тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

- кітап және анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту ерекшелігі – пән мазмұны балалар әдебиеті (ауызекі, жазба) үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтерді, ғылыми-танымдық шығармаларды оқытып үйретеді, мақала, естелік, өмірбаян туралы түсінік қалыптастырады, әдеби-теориялық білімдерді игертеді, монолог, диалог құруға дағдыландырады.

Пән баланың көркем сөзді түсінуінде «сезімдік» саналарын пайдалану, яғни «сезімге әсер еткен шығарма ғана түсінікті болады» идеясы басшылыққа алынып, мәтінді түсінуде музыка, көркемөнер, сурет туындыларының мүмкіндіктерін пайдалану алдыңғы орынға қойылды.

2-сыныптағы оқытудың басты міндеті - баланы оқуға төселдіру үшін оның жанына жақын, танымына сай ұлттық құндылықтардарды үйрету.

Қазіргі кезде барлық ақпарат құралдарында адамгершілік құндылықтар азайып, қатігездік белең алып отырғаны жаппай жазылып та, айтылып жатқаны белгілі. Әсіресе, сондай жат қылықтардың бірегейі - қазақ отбасындағы балалардың ата-анасына деген мейірімділігі азайып, қарттар үйіндегі қазақ аталары мен апаларының санының артуы - дұрыс шешімін табуы тиісті әлеуметтік маңызды мәселе. Осындай күрделі істе оқулықтың, соның ішінде көркем сөздің құдіретін пайдалануға мүмкіндік беретін «Әдебиеттік оқу» пәніндегі көркем шығармалардың мәні өте күшті тәрбие құралы екендігін ескерілген. Жастайынан балалардың бойына ата-анасына, үлкендерге мейірімділік, қамқорлық көрсету мақсатында «Адам болам десеңіз» жалпы бөлімінен басқа арнайы «Қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым» атты бөлім қосылды.

2-3-сыныпта маусымдық-тақырыптық ұстаным басшылыққа алынатыны себепті маусымдық материалдардың дер кезінде оқылуы, мәтіндегі оқиғалардың оқушының көз алдында өтіп жатуы тиістігі ескеріліп, оқу күз айында басталатынына орай «Білім керек бәріне», қыс мезгілінің материалдары «Қыста талай қызық бар», көктем, жаз айлары келбеттері «Туған өлке табиғатын қастерлейік» деген атаулармен берілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде №8424 тіркелген «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес биылғы жылы 3-сыныптың оқулығы қайта өңделді.

3-сыныпта көрнекті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру үшін авторлар тарапынан «суреттер топтамасы» деген айдармен әдістемелік тәсіл қолданылған. Мұнда жазушының өміріне қатысты мағлұматтардың суреттік бейнесі ұтымды пайдаланылған: портреті, белгілі туындылары мұқабаларының суреті, нақыл-ақыл сөздері, т.б. Материалдардың осындай қысқа да нұсқа түрде орналастыруы Л.С. Выготскийдің «сызбалар түрінде оқыту баланы ойлауға жетелейді» деген ұстанымына негізделген.

Мәтіндердегі сөздердің мағынасын білім алушылардың жеңіл қабылдауын қамтамасыз ету үшін әлемдік тіл ғылымындағы сөздердің түсін анықтау теориялары (А. Вежбицкая, Сепир Уорф, т.б.) әдістемелік қолданыс тапқан. Оқулықтың бірінші бетінен бастап «Білімсіздік», «Білім» күндерінің түсіне зер салғызып, оның сәулелеріне атау табу тапсырмасы берілген. «Білімсіздік» күнінің түсі қандай қара болса, оның сәулелеріне қатысты оқи алмау, жаза алмау, т.б. сөздердің де түп мағынасы осы қараға жақын қараңғы, күңгірт дегенге саяды. Әрі қарай мәтіндерде де кейіпкер өмірінің ерекше сәттері сипатталған сөздердің түрлі-түсті, келеңсіз жайттары қүңгірт бояулармен ерекшеленуі оқушының мәтінді дұрыс түсінуіне, әңгімелеуіне септігін тигізеді.

«Әдебиеттік оқу» пәні 4-сыныпта оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл материалдарды оқытуда 4-сыныпта жанрлық-хронологиялық ұстаным басшылыққа алынып, қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.

Әр тоқсан бойынша екі үлкен тараудан топтастырылған материалдарды оқыту көзделген. Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.

Бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейіне келесі талаптар қойылады:

– 2-сыныпта көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеу; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 2-3 өлеңді жатқа айту, 25-30 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;

– 3-сыныпта көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеу; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айту; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 30-35 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;

– 4-сыныпта көркем шығармадан алған әсерін 8-10 сөйлеммен жазбаша түрде орындау; 40-45 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын, нақты айтқанда, оқу сауаттылығын қалыптастыруда мүмкіншілігі мол. PISA халықаралық зерттеуi бойынша оқу сауаттылығы ұғымы оқушылардың жазба мәтіндерді түсініп, саналы оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасауы, олардың мазмұнын өмірмен байланыстыра алуы, бiлiмдері мен дағдыларын өз мақсатына қол жеткізу үшін қолдана білуі дегенді білдіреді. Сондықтан оқу сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылықтарын тексеру олардың оқу техникасын немесе мәтiннің мазмұнын айтып беруін бағалаудан гөрі, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға мән берген жөн. Өйткені PISA халықаралық зерттеуiнде мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгеру деңгейлері бағаланады, олар: мәлiметтi табу, мәтiнді түсіндіріп беру, мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия жасау және оларды бағалау.

Мәтіннен мәлімет таба білуді бағалау үшін мәтінді қарап шығып, оның негізгі элементтерін анықтау және сұрақтан гөрі қажетті (синонимдiк) форманы бейнелеген мәліметті іздестіруге бағытталған тапсырмалар қолданған дұрыс.

Оқушылардың мәтінді түсіндіріп беру қабілетін бағалау барысында мәтінде берілген әр түрлі мәліметтерді салыстыру, автордың сипаттаған ойларынан қорытынды жасау немесе мәтiннiң мәнiн түсіну біліктіліктерін қалыптастыруға арналған тапсырмалар орындатқан жөн.

Рефлексия жасауы мен баға беру қабілетін бағалау үшін мәтіннің мазмұны немесе формасына, тапсырманы орындау барысында мәтіндегі мәліметті басқа жерден алған білімдерімен байланыстыра білуіне, мәтінде берілген пікірлерді өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлген абзал.

«Әдебиеттік оқу» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы көлемінде әр сыныпта 136 сағатты құрайды.

Date: 2015-11-14; view: 1364; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию