Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Мектепалды даярлық сыныптарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері





 

Балалардың мектепалды даярлығыныңнегізгі мақсатымектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы, жеке, физикалық дамуын, білімді меңгеруге даярлығын қамтамасыз ету, балада оқу іс-әрекетін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері: балалардың мектепте оқуға мақсатты және жүйелі даярлығы; жеке қабілеттерін және дарындылығын дамыту; балаларды ұлттық, жалпыадами этикалық және мәдени құндылықтарға баулу, балалардың интеллектуалдық дамуы; жоғары рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру; балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту; білім берудің өзара сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Мектепалды даярлық сыныптарда сабақтарды ұйымдастыру және өткізу білім беру бағдарламалары және базистік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарында оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды, оның ішінде 20 сағат - ұйымдастырылған оқу әрекетіне, 4 сағат – вариативті компонентке қарастырылған.

Мектепалды даярлық сыныптарында оқу жылының ұзақтығы 32 оқу аптасын құрайды.

Мектепалды даярлық сыныптарында ұзақтығы 25-30 минуттан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің саны төрттен көп болмауы қажет. Әрбір сабақ арасындағы үзіліс ұзақтығы 10-12 минут болуы қажет, бұл кезде бірқалыпты қарқындылықпен қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылады.

Мектепалды даярлық сыныптарында білім беру мазмұны балалардың танымдық, қатынас, эстетикалық және физикалық потенциалын дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Әлеуметік орта» және «Шығармашылық» білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлық сыныптарында «Біз мектепке барамыз» білім беру бағдарламасы қолданылады. Бағдарлама мектепте оқытуда балалар даярлығының контекстінде бала тұлғасының психикалық және физикалық даму жағдайын қамтамасыз етуге бағдарланған балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қарастырады.

Білім беру үдерісінде тіл дамыту, жазу, санау, бейнелеу, құрастыру, жапсыру және т.б. қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешендері қолданылады.

Мектепке әлеуметтік-психологиялық даярлық:

1. Оқыту мотивациясы (мектепке барғысы келеді; оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді; жаңа білім алуға қызығушылық танытады).

2. Құрбыларымен және ересектермен тіл табыса білуі (бала қарым-қатынасқа тез ыңғайланады, агрессивті емес, сөйлесу кезінде мәселелі жағдайларынан шығып біледі, ересектердің беделін мойындайды).

3. Оқыту міндетін қабылдай білу (мұқият тыңдау, қажеттілігі болса тапсырманы нақтылау).

Мектептік-маңызды психологиялық қызметтерді дамыту:

- Қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту (қол жақсы дамыған, бала қарындашты, қайшыны сенімді қолдана біледі).

- Кеңістікті бағдарлау, қозғалыс үйлесімділігі («жоғары – төмен», «алға – артқа», «оң – сол» түсініктерін ажырата біледі).

- Көз – қол жүйесінің үйлесімділігі (бала дәптерге қарапайым графикалық бейнені – өрнекті, қашықтықта көрген пішінді дұрыс көшіре алады (мысалы, кітаптан).

- Логикалық ойлауды дамыту (салыстыру кезінде әртүрлі нәрселердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын табу, ортақ белгілеріне қарай заттарды топтарға дұрыс топтастыра білу қабілеті).

- Өзіндік зейінін дамыту (15-20 минут ішінде орындалған жұмысқа зейінін сала білу қабілеті).

- Өзіндік есте сақтауды дамыту (жанама есте сақтау қабілеті: есте сақталған материалды нақты белгімен байланыстыру: сөз-сурет, немесе сөз-жағдай).

Баланың мектепке оқуға даярлығының критерийлері:

Баланың жеке даярлығы - егер мектеп баланы сырттай емес (портфель, дәптер сияқты құралдармен), керісінше жаңа білім алу мүмкіндігімен қызықтырса, онда баланың мектепте оқуға дайын болғаны.

Интеллектуалдық даярлық –баланың ой-өрісінің, нақты білімдер қорының, білімге деген қызығушылығының бар болуы. Құбылыстар арасындағы байланысты түсіну, көз алдына келтіру қабілеті.

Әлеуметтік-психологиялық даярлық - құрбыларымен және ересектермен тіл табыса білуі: басқа қоғамға ене білу (балалық қоғамға), өзгелермен бірге әрекет ету, топтың қызығушылығына бағыну.

Физиологиялық даярлық – физиологиялық және биологиялық даму деңгейі, денсаулық жағдайы.

Мектепалды даярлық арналған оқу материалдары.

Мектепалды даярлыққа арналған оқу материалдары пәндік жинақтармен ұсынылған. Әрбір жинаққа әліппе – дәптер, дидактикалық материалдар, оқулық - хрестоматия, мультимедиялық - анимациялық электронды құралдар және әдістемелік нұсқаулық кіреді.

Тіл дамыту және сауат ашуды меңгеруге даярлық.

1. Баланың мектепке даярлығының басты критерияларының бірі фонематикалық есту болып табылады, яғни:

- сөз тіркесінде берілген дыбысты анықтай білу;

- сөздерде дыбыстың орналасуын анықтай білу (сөздің басында, ортасында, аяғында);

- сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын меңгеру: дауысты және дауыссыз дыбыстар, қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстарын ажырата білу.

2. Сөздерді буындарға бөле білу.

3. 3-4 сөзден сөйлем құрастыра білу.

4. Жалпылама түсініктерді қолдана білу, зат есімге анықтама жасай білу.

5. Суреттер топтамасы, мазмұндық суреттер, берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыра білу.

6. Заттар туралы әңгіме құрастыра білу (ересектер ұсынған жоспар бойынша).

7. Шағын әдебиет мәтіндерінің мазмұнын өз еркімен, мәнерлі, дәйекті жеткізе білу.

Қарапайым математикалық ұғымдарды дамыту және математиканы оқытуға даярлық.

1. Саны белгілі нәрселерді санау және есептеу.

2. Онға дейінгі сандарды тура және кері санай білу.

3. Берілген санға көршілес сандарды (алдыңғы және кейінгі) атай білу.

4. Алғашқы ондық санының (жеке бірліктерден) және екі кіші саннан құралған санның құрамын білу.

5. Цифрларды білу: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

6. +, -, = таңбаларын білу, арифметикалық таңбаларды қолдана білу.

7. Цифрлардың арақатынасын және заттардың санын білу.

8. Қосу және азайтуға есептер құрастыру және шеше білу қабілеті.

9. Геометриялық пішіндерді білу: шеңбер, шаршы, төртбұрыш.

10. Шеңберді, шаршыны екі және төрт бөлікке бөле білу.

11. Тор жол қағаз бетіне бағдарлауды үйрене білу.

Баланың ой-өрісі және білімді меңгеруге даярлығы.

1. Үйдің мекен-жайын, телефонын, ата-анасының толық аты-жөнін және отбасы құрамын атай білу.

2. Ересектер қызметінің әртүрлі түрлері туралы жалпы түсініктің болуы.

3. Қоғамдық орындарда және көшеде жүріс-тұрыс ережелерін білу.

4. Жыл мезгілдері және маусымдық құбылыстар туралы жалпы түсініктің болуы.

5. Ай, апта күндерінің аттарын және олардың реттілігін білу.

Мектепке даярлық кезінде балаға пайдалы сабақтар:

Қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту: әртүрлі конструкторлармен жұмыс; қайшымен, ермексазбен жұмыс; альбом бетіне сурет салу (қарындашпен, бояумен).

Танымдық қабілеттерін дамыту (есте сақтау, зейін, қабылдау, ойлау).

Балалармен сабақ өткізуге арналған дамыту жаттығуларының материалдары: Ойнаймыз, оқимыз, дамимыз; Ойлау қабілетін қалыптастыру ойындары; Тор жол бетіне сурет саламыз; Сызбалар; Суреттің екінші жартысын аяқта; Графикалық диктанттар; Кеңістікте бағдарлау; Ұқсас суреттерді боя.

Жоғарыда аталған білім, іскерлік және дағды әрқайсысы белгілі бір мақсатқа бағытталған, дербес бөлімдерден тұратын білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.

«Денсаулық» білім беру саласындабалалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.

«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуді дамытуды, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.

«Таным» білім беру саласындабаланың қоршаған ортада бағдарын кеңейту, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруін, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттері, мазмұны мен шарттары айқындалып көрсетіледі.

«Шығармашылық» білім беру саласындабала бойында әлемге және оның ұлттық, классикалық және қазіргі көркем құралдары арқылы көркем дамуына деген эстетикалық қатынасын, балалар шығармашылығы арқылы көркемдік қабілеттерін, балалардың көркемдік әрекеттерінің әртүрлі түрлерінің интеграциясын бірге қалыптастыру қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың қалыптасады. Балалар шығармашылығы – бұл өзін, өзінің мүмкіндіктерін, қоршаған әлемді танитын және оларға өзінің көзқарасын білдіретін ерекше әлем.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласында әлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарай отырып, еңбек және білім, білік, дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы кіріктірілген сипатта ие және төрт білім беру саласының мазмұнын жүзеге асыру мен балалар әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру негізінде олардың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын, қарапайым өзін-өзі бақылау және реттеу қабілеттерін қалыптастырады.

Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені педагогтерге білім беру салаларын кіріктіру және заманауи білім беру технологияларын таңдауда шығармашылықпен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетін жоспарлауға жаңаша тәсілдер ұсынады.

Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың базалық білім, білік, дағдыларын меңгеру деңгейі бойынша күтілетін нәтижелер анықталған.

Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.

 

 








Date: 2015-11-14; view: 696; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.008 sec.) - Пожаловаться на публикацию