Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шетел (ағылшын) тілі





Бастауыш білім деңгейіне арналған шетел тілін оқыту курсы қарапайым меңгеруге бағытталған және А1 - (ауызекі қолданыс деңгейі - Breakthrough) тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді.

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту кезінде оқытудың мақсатын, тақырыбын, мазмұны мен түрін анықтауды баланың өмірлік әлемімен, іс-әрекетімен байланыстыру қажет.

Шетел (ағылшын) тілі пәні оқушы бойында өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтары, ұлттық ұқсастықтар, азаматтылық, моральдық нормалар мен сөйлесу әдебі туралы ой қалыптастыруға ықпал етеді.Бастауыш сыныптарда шетел тілін оқытудың мақсаты төменгі сынып оқушыларында қарапайым коммуникативтік құзыреттіліктердің сөйлеу әрекеттері: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын қажетті деңгейде қалыптастыру болып табылады.

Қарапайым қоммуникативтік құзыреттілік деп төменгі сынып оқушысының күнделікті жағдайдағы шектеулі ортада және қарым-қатынас саласында сол меңгерілетін шетел тілін иеленушілермен ауызша және жазбаша түрде тұлғаралық және мәдениаралық қарым-қатынасын іске асырудағы төменгі сынып оқушысына тән қабілеті мен дайындығы түсіндіріледі.

Бастауыш мектептерде шет тілін меңгеру: ағылшын тілін қарым-қатынас ретінде және оны меңгерудің маңыздылығын тануды қалыптастыруға, басқа халықтар мәдениетімен салыстырғанда ана тілі мен мәдениетінің рөлін сезінуге, қарапайым деңгейде сөйлесу мүмкіндіктерін ескеріп шетел тілінде әңгімелесу дағдысы мен төменгі сынып оқушыларының ауызша (тыңдалым және айтылым) және жазбаша (оқу және жазу) түрдегі қажеттілігін қалыптастыруға; ағылшын тілін әрі қарай игеру уәждемесін дамытуға; игеретін тіл елінің мәдениеті,тарихы мен дәстүрлері, қолжетімді үлгіде көркем әдебиеті туралы танымын қалыптастыруға; алға қарай психологиялық тосқауылдарды жеңу үшін шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда балаларды жаңа тілдік әлемге психологиялық жақтан бейімделуін қамтамасыз етуге; оқу-әдістемелік кешендердің әртүрлі компоненттерімен (оқулықпен, жұмыс дәптерімен, аудиоережемен, мультимедиялық ережемен, т.б.), жұпта және топта жұмыс істей білу жұмыстарын үйлестіру дағдысын игеруге бағытталуы тиіс.

Шетел тілін оқыту үдерісінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру шеңберінде оқушыны отбасылық қағидасына, туыстық сүйіспеншілік сезімге, кішіге қамқор болуға ұмтылуға,сондай-ақ басқа да халықтар өкілдеріне достық қарым-қатынаста рухани- адамгершілікке тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аудару қажет.

Шынайы қарым-қатынас жағдайына ағылшын тілін меңгеру үдерісін жақындату мақсатында шынайы тілдік орта болмаған кезде оқу материалын азайту, коммуникативтік және функциональдық, кешендік, тәрбиелік оқу, белсенділік, көрнекілік, оқиғалық-тақырыптық ұсынылуы, жүйелілік және дәйектілік, игеру беріктігі, қолжетімділік және даралану принциптері сияқты дидактикалық оқу принциптерін жетекшілікке алған маңызды.

Коммуникативтік принципі арнайы мақсат етілген тілдік құралдар – белсенді лексика және белсенді грамматикалық материал арқылы коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған, күнделікті жағдайдағы рөлдік ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, төменгі сынып оқушыларының жаңа әлеуметтік тәжірибеге араласу шетел тілінде әртүрлі ойын жағдайында, отбасыға тән, тұрмыстық, оқу қатынасы есебінен жүргізіледі.

Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық принципке ерекше назар аудару қажет. Тілдік жүйе ағылшын тілінің әртүрлі деңгейлік құралдары – лексикалық және синтаксистік (фонетикалық, сөзжасаушы, морфологиялық шеңберде де) құралдары жиынтығының нақты тақырыбына қызмет ететін жүйе ретінде көрініс табады.

Кешендік принципі ағылшын тілі бойынша тілдік емес (экстралингвистикалық) және тілдік (лингвистикалық) оқу материалдарының өзара байланысқан ұсынылымында, сонымен бірге сөйлеу қызметінің түрлерін өзара байланысқан аспектіде оқытуда: 1-сыныпта – аудиолау және сөйлету (ауызша алға озу принципі бойынша; ағылшын әліпбиімен танысу 2- жартыжылдықтан басталады), аудиолау,сөйлету, оқу және жазу– 2-4-сыныптан бастап жүзеге асырылады.

Саралаушылық принципі оқушының бастапқы кезеңдегі сөздік қорын байыту үшін шағын мәтіндер бойынша бөлінген бір мәтіндегі жаңа сөздердің функционалдық-семантикалық берілу тәсілдерін, көрнекілік құралдарына арналған тіректерді, оқушылардың сөйлеуіндегі жаңа сөздерді белсендіруді (белгілі бір тақырыптық кеңістік аясындағы олардың белсенді түрі) ұсынады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу және коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру кезінде ағылшын грамматикасы баланың әр ойын қамтамасыз ететін жүйе ретінде бекітілуі тиіс. Сөйлеудің грамматикалық қатарын дамыту қарапайым ой айтудың белсенді түрлерін оқиғаны пайдалану тәсілдерімен, сөйлемдер негізін нақтыландырғыш құрамдас бөліктермен тарату (екінші деңгейлі мүшелермен), екі қарапайым сөйлемді бір күрделіге біріктіру тәсілдерімен сипатталады.

Бастапқы кезеңде бала дамуының деңгейіне сәйкес басты назарда үйрену пәні ретінде ауызша сөйлеу (дауыстап айтылатын және естіліп қабылданатын) орын алады. Оқу және жазуды 2-сыныптан бастап оқыту қажет, себебі дыбыс арқылы қабылданады, сөйлеу арқылы түсініледі, сөйлеу арқылы жазылады.

Тілдік білімді спираль түріндегі алға жылжу түрінде беру қажет.

Аудиолауға үйрету төменгі сынып оқушыларының білім деңгейі, қызығушылықтары мен қажеттіліктері есебінде, мысалы қысқа ертегілер, шағын әңгімелер, жануарларды сипаттау, атаулы оқиғалар және т.с.с. жүзеге асырылуы тиіс. Мәтіннің дыбысталу ұзақтығы 1 минутқа дейін, қайталау саны – 2-3 рет.

Өз ойын айтуға үйрету диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін дамытуды көздейді: этикеттік сипатта диалог, сұрақ-диалог, оқиғаға араласу диалогы, пікір алмасу диалогтарын жүргізу қабілетін арттыру.

Білім берудің осы деңгейінде монологтық сөйлеуді дамыту нақты тақырыптық жағдайлар шеңберінде қарапайым ой айту қабілетін қалыптастыруға бағытталған: өзі туралы, отбасы мүшелері, достары туралы, өз елінің жануарлары мен өсімдіктер әлемі туралы (жұмыс күні, жұмыс түрі, мектептегі сабақ және т.с.с.) ақпарат беру.

Оқуға үйрету кезінде балалардың қалауына иек арту арқылы таныс сөздерді, өз атын, ағылшын досына хат жазу; өз киіміндегі, шоколад және конфет сыртындағы т.с.с. ағылшын жазуларын оқу.

Оқуға және жазуға үйрету бір уақытта орындалады, алайда жазу түсінігіне карточкадан сөздер құрастыру, магниттік тақтада немесе жинау жолағында сөз құрастыруды қосатын болсақ, жазу негізгі қызмет болып табылады.

«Шетел тілі» пәні қызметтік сипатқа ие, сондықтан ол әлемді тұтастай, эмоционалды және белсенді қабылдайтын төменгі сынып оқушысының табиғатына сәйкес келеді. Бұл осы жастағы балаларға тән басқа да қызмет түрлеріне (ойындық, танымдық, көркем, эстетикалық және т.с.с.) өзге тілдік сөйлеу қызметін қосуға және бастауыш мектепте оқытылатын пәндермен әртүрлі байланыс орнатуға және кіріктірілген болып табылатын жалпы оқу қабілеті мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Шетел тілі» пәні бойынша 1-сыныпта апталық оқу жүктемесі 1 сағатты, жылдық – 33 сағатты құрайды. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. 2-сыныпта апталық оқу жүктемесі 1 сағатты, жылдық – 34 сағатты құрайды.

 

 

Date: 2015-11-14; view: 892; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию