Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Медициналық жәрдем қобдишасы





Стандарты қобдишалар ішіне салынатын дәрі-дәрмек тізімі санитарлық нормаларға сәйкес бекітілген (ҚР денсаулық министрлігінің 28.09.1995 ж. № 2. 01.003.-95). Қобдиша ішіндегілер жиі-жиі тексерілуді, күтімді талап етеді. Сұйықтар құйылған ыдыстар тығындары тексеріліп, бүлінгені болса ауыстырылып отырылуы қажет. Дәрі құтыларын ылғал немесе бір ерітінді тамып, дәрілерге зақым келген болса, оларды алмастырып, сақтау мерзімдері өткен дәрілерді алып тастау, басқаларымен айырбастау керек.

Жедел жәрдем көрсетудегі ең негізгі фактордың біреуі жинақы түрде, кідіртпей көрсетілген көмек. Дәрі қорабы тұратын жерге алғашқы жәрдем жөнінде қысқаша-ереже нұсқау ілінеді.

 

Қобдишада болуы қажет дәрі-дәрмектер мен жабдықтар тізімі:

1. Жарақатты байлайтын зарарсыздандырылған дәке (стирильді бинт)-1 бума.

2. Зарарсыздандырылмаған дәке – 1 бума.

3. Стерилді сүлгі (1 қорпша) немесе стерилді тампон түріндегі (50 г) мақта. Стерилді қақпағы қажалған шыны тығынмен жабылған шыны банкіде немесе полиэтилен қақпақпен жабылған болуы керек.

4. Тампонды салу үшін зарарсыздандырылған пинцет.

5. Микрожарақаттарды өңдеуге арналған препараттар (фуропласт, БФ-6 және т.б.) -25-50 мл.

6. Жарақаттанған орынды, оның төңірегін өңдеу үшін йодтың спирттегі ерітіндісі немесе бриллиант жасылының 1% -тік ерітіндісі.

7. Қан тоқтатушы ретінде 3 % -тік сутек пероксиді 50 мл, (жаңа дайындалған ерітіндісін бір айдан ұзақ ұстауға болмайды) .

8. Таблетка түріндегі белсенді (активтелген) көмір (карболен) органикалық сұйықтармен уланғанда (40-50 таблеткадан төмен болмауы керек) беріледі.

9. 10 % -тік аммиактың судағы ерітіндісі (мүсәтір спирті). Есінен танған кезде және бром буымен уланған кездерде мақтаға тамызылып искетіледі.

10. 20-30 % -тік натрий альбуциді (10-20 мл) көзді сумен жуған соң өңдеу үшін көзге тамызылады. Сақталу мерзімі 3-4 аптадан аспауы қажет.

11. Альбуциді көзге тамызу үшін стерилді қапшықтарына салынған тамшуырлар (3 дана).

12. Бром тамшыларын теріден кетіру және күйіктерді өңдеу үшін этил спирті (30-50 мл), 96 % -тік қолданылады.

13. Мыс сульфатының (ІІ) ерітіндісі (75-100 мл). Ақ фосформен күйген жерді жуу үшін пайдаланылады.

14. Натрий гидрокарбонатының (5 % -тік, 500 мл) судағы ерітіндісі сілтімен зақымдалған теріні жуу үшін қолданылады.

15. Лимон не сірке қышқылының (5 % -тік, 200-250 мл) судағы ерітіндісі қышқылмен зақымдалған теріні жуу үшін қолданылады.

16. Бор қышқылының (2 % -тік, 200-250 мл) судағы ерітіндісі сілті тиген көзді жуу үшін қолданылады.

17. Қан тоқтатуға арналған резеңке түтік (жгут).

18. Жарақатты сыртынан бекітуге пайдаланылатын лейкопластырь.

19. Әр нәрсені кесуге арналған қандауыр (скалпель), қайшы.

 

 

Әдебиеттер:

1. А.Мырзабайұлы. «Химияны оқыту әдістемесі практикумы» - Алматы Рауан, 1997.

2. А.А.Грабецкий., Т.С.Назаров. «Кабинет химии» - Москва, Просвещение. 1983.

3. В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1989 г.

4. К.Әбсалыққызы және т.б. «Химиядан өткізілетін сарамандық жұмыстар» Алматы Рауан, 1993. 6-20 бет.

 








Date: 2015-11-13; view: 463; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.006 sec.) - Пожаловаться на публикацию