Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Химиялық реактивтер және оларды пайдалану ережелері





Химиялық реактивтер мен заттарды Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бекіткен оқыту құралдарында көрсетілген талапқа сай алу керек.

Химия кабинеттерінің қауіпсіздік ережелеріне сәйкес мектепте қолданылатын реактивтер 8 топқа бөлінеді:

1. қопарылғыштық қасиеті бар реактивтер;

2. қалыпты жағдайда сумен әрекеттесетін, жеңіл тұтанатын, қопарылғыш газдар түзетін реактивтер(литий мен натрий, кальций карбиді);

3. дұрыс сақталмаса өздігінен жанатын реактивтер;

4. жеңіл тұтанатын сұйық реактивтер;

5. жеңіл тұтанатын қатты реактивтер (қызыл фосфор,магний.күкірт);

6. жеңіл тотығатын реактивтер (калий перманганаты, концентрлі азот қышқылы, нитраттар);

7. аз мөлшерде физиологиялық активті қосылыстар (барий хлориді мен нитраты, хроматтар мен дихроматтар,фенол;

8. іс жүзінде қауіпті емес заттар (кесектелген алюминий, натрий хлориді, магний оксиді)

Реактивтер бейорганикалық және органикалық болып екіге бөлінеді. Бейорганикалыққа металдар, бейметалдар, оларпдың оксидтері мен гидроксидтері, қышқылдар мен тұздар жатады, ал органикалыққа көмірсутектер, спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары, гетероциклді қосылыстар, индикаторлар, бояғыш заттар т.б. жатады.

Реактивтерді сақтағанда олардың химиялық қасиетін, ал олармен жұмыс істегенде физиологиялық әсерін еске ұстау керек. Енді осыларға қысқаша тоқталайық.

Жарықтың әсерінен түрін өзгертетін затттар картон қорапқа салынған сары не қоңырқай түсті ыдыста сақталады.

Шыны ыдыста сақтауға болмайтын реактивтерді сол реактивтердің әсеріне төзімді ыдысқа ауыстыру керек.

Жеңіл тұтанғыш заттар (спирт, ацетон,бензин эфир т.б.) темір шкафтың не жәшіктің ішінде сақталады. Бұл заттармен жұмысты оттан, ток көзіне қосылған қыздырғыш құралдардан алыс жерде тұрып істеу керек.

Өздігінен тұтанатын заттар (ақ, сары фосфор, металлорганикалық заттар, нитроқосылыстар,т.б.) темір шкафта не арнаулы ыдыстарда сақталады.

Жанғыш, қопарылғыш, тез тұтанғыш заттарға калийдің, литийдің, натрийдің асқын оксидтерін, ақ фосфорды жақын қойып, сақтауға болмайды.

Натрий мен калиийды сақтау үшін құрғақ керосиннің немесе ксилолдың ішіне салып, сейфте сақтайды. Натрий қалдықтарын судың көмегімен жояды. Ол үшін қалдықты бөлгіш шұқыраққа салып, үстіне бетін жауып тұратындай етіп бензин құйылады.

Оңай тұтанғыш және жанғыш заттарды қолданғаннан кейін қалған қалдықтады төгуге болмайды. Оларды аузы нығыздалып жабылатын арнайы ыдысқа жинап, ол толғаннан кейін 0,1-0,4м тереңдігі 0,2м болып қазылған құдықта жағу қажет.

Қатты заттарды ыдыста ұзақ сақтағанда бір-біріне жабысып,түйіршіктелуі жиі кездеседі. Сондықтан оны қолданарда кәрден немесе шыны таяқшамен ұнтақтап алу қажет.

Ылғал тартқыш реактивтер салынған ыдыстың аузын Менделеев замазкасымен не парафинмен желімдеп қояды. Реактивтер буланып, төгіліп не қоршаған орта әсерінен өзгермес үшін ыдыс аузын нығыздап жабу керек.

Ыдыстың аузын ауа кірместей нығыздап жабу үшін полиэтиленен жасалған немесе егелген тығындар қолданылады. Кейдк полимерден жасалған қақпақ жабылады, сол сияқты жабысқақ таспамен да желімденеді.

Химиялық реактивтері бар ыдыстың бәрінде сәйкес затбелгілері болу керек. Затбелгілір реактивтер әсерінен бүлінбес үшін полиэтиленнен жасалған жабысқақ таспамен қапталады.

Химия кабинетінді мұғалімге де, оқушыларға да аса зор жауапкершілікпен жұмыс істеу жүктеледі. Осыған байланысты тәжірибелерді дайындағанда мұғалім ғана пайдалануға рұқсат етілетін төмендегідей реактивтер тобы бөлінген:

1. Жай заттар: сұйық бром, кристалды йод, металл түріндегі натрий;

2. Оксидтер,гидроксидтер: фосфор(v) оксиді, күйдіргіш калий және күйдіргіш натрий түйірлері;

3. Тұздар: кальций карбиді, барий нитраты және хлориді, натрий фториді, қорғасын ацетаты және т.б.:

4. Қышқылдар: массалық үлесі 5%-тен асатын қышқылдардың бәрі(бор қышқылынан басқа);

5. Органикалық заттар: анилин, бензол, дихлорэтан, аминсіркеқышқылы,формалин, фенол;

Реактивтер таза болса, жұмыс нәтижелі әрі сапалы болады. Ол үшін мына ережені бұлжытпай орындаңдар:

· Реактивтері бар шынылар мен ыдыстардың аузын әрдайым тығындап қойыңдар;

· Ерітінді мен қатты затты қолданғанда таза тамызғыш пен қасықты пайдаланыңдар;

· Ыдыстардың аузын жапқанда, олардың тығындарын ауыстырып жібермеңдер;

· Ерітінділерді таза пробиркаға құйыңдар, ал қатты заттарды таза қағазға салыңдар;

· Реактивтердің артығын оларды алған ыдыстарыңа қайтадан құймаңдар және қайта салмаңдар. Мұндай жағдайда реактивтер ластануы мүмкін,сондықтан реактивтердің артығын зертханашыға тапсырыңдар.

· Реактивтер мөлшерін аз алсаңдар тәжірибе тез өтеді, әрі реактив үнемделеді;

· Қатты заттарды шашпаңдар, сұйықтарды төкпеңдер;

· Ерітінді құйылған шыны ыдыстарға жапсырылғын затбелгілер ұзақ сақталу үшін,оларды ылғылданудан сақтаңдар.Ол үшін ыдыстан ерітінді құйып алғанда, затбелгіні алақанның астына келетіндей етіп ұстаңдар.

Затбелгінің түсі реактив құрамының тазалығын көрсетеді: қызыл-«химиялық таза», көк-анализге арналған «таза», жасыл-«таза», сары-«аса таза».

Сарамандық жұмыстарды орындау барысында әртүрлі химиялық реактивтерді пайдаланудың және сақтаудың аталған әдістерін біліп, есте сақтаған жөн.








Date: 2015-11-13; view: 742; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.009 sec.) - Пожаловаться на публикацию