Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Сөйлеудің клиникалық мінездемесі





Балалық шақтағы сөйлеу бұзылыстарының ерекшелігі болып олардың кері қайталана алуы табылады. Сөйлеу бұзылыстарының клиникалық қалыптары келесідей:

1. Перифериялық мінезді:

а) механикалық дислалия /артикуляциялық аппарат құрылымының түрлі
бұзылыстарымен байланысты дыбыстарды айту бұзылыстары/;
функционалдық дислалия /артикуляциялау функциясының бұзылуы -
артикуляциялау ағзаларының сақталған құрылымында артикуляциялық
аппараттың дүрыс емес, дәл емес қозғалыстары/;

ә) ринолалия - дыбыстарды айту мен сөйлеудің просодикалық жағының бұзылыстары, бірінші қатарда - дауыстың /артикуляциялық аппараттың құрылымындағы бұзылыстармен байланысты - еріндердің бірікпеуі, альвеолярлық өсінді, қызыл иектер, қатты және жұмсақ таңдайдың және т.б. зақымдануы. Ашық болуы да мүмкін - ауа ағымы дыбыстың пайда болу сәтінде ауыз қуысынан ғана емес, мұрыннан да өтеді, немесе жабық болуы да мүмкін - мұрын қуысынан ауа ағымының өтуі бұзылғанда /аденоидтар, ісіктер, мұрын-тамақта созылмалы процестер өту кезеңінде/;

б) ринофония - дауыс тембрының сөйлеу бұзылыстарының қалыпты
артикуляциялануы жағдайындағы бұзылыстары /фонация процесінде ауыз
және мұрын қуыстарының бағыттала алмауымен байланысты/;

в) дисфония - дыбыс аппаратының патологиялық өзгерстері нәтижесінде
фонацияның бұзылуы. Фонацияның жоқ болуында /афония/ немесе
дыбыстың күші, биіктігі және тембрының бұзылыстары /дисфония/.
Орталық немесе перифериялық табиғатты дыбыс-құрушы механизмнің
органикалық бұзылыстарымен анықталуы мүмкін.

2. Орталық мінезді:

а) дизартрия - орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде тілдің дыбыстық жүйесінің бұзылуы. Жиі дизартрия кезінде сөйлеудің айтылу жағы ғана емес, қосымша лексикалық-грамматикалық және түсіну жақтары да бұзылыстарға ұшырайды;

ә) алалия - баланың ерте даму немесе құрсақта даму кезінде бас миы қыртысының сөйлеуге жауап беретін бөлімдерінің органикалық зақымдануы нәтижесінде сөйлеу мүлдем жоқ немесе дамымаған болады /сөйлеу қалыптасқанға дейін/;

б) афазия - бас миының ауыр зақымдануы, сөйлеу бөлімдерінің ісікке
шалдығуы қалыптасқан сөйлеудің толық немесе жартылай жойылуына
әкеледі;

в) дисграфия немесе аргафия - жазу процесінің арнайы, яғни толығымен
немесе жартылай бұзылуы. Әріптердің тұрақсыз оптикалық-кеңістік
бейнелерінде, сөйлем құрылымының және дыбыстық-буындық бөліктерінің
өзгеруінде көрініс табады;

г) дислексия /алексия/ - бас миының көбіне самай-төбе-желке бөлімдерінің
жетілмеуі тұрақты оқу бұзылысына себеп болады.








Date: 2015-10-19; view: 376; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.004 sec.) - Пожаловаться на публикацию