Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






КӘсіби сала бойынша мамандыҚ, лауазым





Сокращ. гр

Тақырып. Кәсіби сала. Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым. Грамматика.

КӘСІБИ САЛА

Кәсіби сала – бұл кәсіби одақ. Барлық адамдарды біріктіретін кәсіп. Бір кәсіптегі адамдардың қызығушылықтарында, білімінде, дағдыларында, өмір сүруінде ұқсастықтар болады. «Кәсіп» – сөзінің тағы бір мағынасы - белгілі бір адамдарға тән білім, іскерлік және дағдылар жүйесі. Мысалы: «Ол кәсіпті меңгерді», «Оның кәсібі бар» деп айтып жатамыз. Кәсіп деп, сонымен қатар, қызмет түрлерін де айтады. Сонымен бірге адамдардың өмір сүріп, дамуына мүмкіндік беретін, оның өз армандарын ары қарай дамытуына күш-қуат беретін және қоғамға қажетті қосымшаны айтамыз. Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша, 1965 жылы 22 қызмет саласы бойынша 114 топқа бөлінген 35,5 мың мамандық түрі болған екен. Сонымен қатар «мамандық» деген түсінік бар. Бұл «кәсіп» сөзінің мағынасына ұқсас. Әр саланың өз мамандығы бар. Мысалы, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы, машина жасау саласы, өнер саласы, ақпарат технологиясы саласы, тасымалдауды ұйымдастыру саласы, тау-кен ісі саласы т.б. Мамандық - кәсіптер ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітілген.

Мамандық бойынша білім – түлектің алған біліктілігіне сәйкес, қандай да бір кәсіби істің түрімен айналысуға мүмкіндік беретін және жоғары білімнің негізгі кәсіби білім бағдарламалары бойынша оқу үрдісінде алған білімі, түсінігі, іскерлігі мен дағдыларының жиынтығы болып табылады.

 

Тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз.

Тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Тапсырма. Мәтіннен әр сөз табына мысалдар тауып, сөйлемдер құрастырыңыз.

4-тапсырма. Әр саланың мамандық атауларын жазып, өз мамандығыңыз жайлы әңгіме жазыңыз.

Тапсырма. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

Бір кәсіптегі адамдардың қызығушылықтарында, білімінде, дағдыларында, өмір сүруінде ұқсастықтар болады.

Тапсырма. Мәтінді толықтырып, әңгімелеңіз.

КӘСІБИ САЛА БОЙЫНША МАМАНДЫҚ, ЛАУАЗЫМ

Мамандандыру – бұл көрсетілген мамандық шеңберінде адамның өз саласындағы кәсіби ісінде қолдануға бағытталған білім, іскерлік және дағдылар жиынтығы. Мамандықтар әлемі құбылмалы. Қай саланың болсын еліміздің экономикасы үшін атқаратын ролі үлкен. Мысалы, білім беру, машина жасау, өнеркәсіп, өндіріс, құрылыс, тау-кен ісі, өнер, денсаулық сақтау, туризм және спорт, энергетика саласы т.б.

Білім беру – тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады.

Машина жасау кешені – шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады.

Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.

Өндіріс – өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамныңтабиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады..

Тау-кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі дүниежүзілік экономикада өнеркәсіп өндірісінің ең маңызды салаларының бірі болып саналады.

Лауазым – мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік. Қазақстан Республикасында атқаратын қызметі өте маңызды, құзыреті үлкен лауазымдар Конституцияда бекітілген. Лауазымды тұлға – мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы күштер жүйесінде арнайы қүзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі кызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам. Лауазымды тұлғаның Конституцияда, заңда немесе қаулыда, ережеде көрсетілген өз өкілеттігіне сәйкес қызметін атқаруға қажетті өзіндік құқықтары мен міндеттері белгіленген. Қазақстан Республикасының 40-бабы бойынша Қазақстандағы ең жоғарғы лауазымды тұлға - Қазақстан Республикасының Президенті.

 

Date: 2015-10-18; view: 4441; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию