Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Мекеме. Кәсіпорын. Серіктестік. Грамматика





Мекемелер – әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси, ғылыми қызметтер атқарады. Олар өндірістік емес сипаттағы әлеуметтік құндылықтар жасайды, бұлар – білім, мәдениет, спорт және басқа мекемелер. Кәсіпорындары мен мекемелер меншігіне қарай мемлекеттік және жекеменшік болып бөлінеді.

Кәсіпорындар – бұл дербес шаруашылық жүргізуші субъект, олар өнімдер шығару үшін құрылады, шаруашылық-коммерциялық қызметті және пайда табуды жүзеге асырады.

Кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілік құқығының субъектілері болып табылады. Олар қоғам мен мемлекет азаматтарының материалдық, рухани және өзге де қажеттерін қанағаттандыру мақсатында экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері жоқ және басшылық жасамайды.

Мемлекеттік кәсіпорындарының мақсаты – мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қоғам мүдделерін қорғауды материалдық жағынан қамтамасыз ету; экономиканың жекеменшік секторы қамтымайтын не жеткіліксіз қамтитын қоғамдық өндіріс салаларында күнделікті аса қажет тауарлар (жұмыс, қызмет) шығару болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорындардың мекемелері мемлекеттік органдар қарамағына жатады, өйткені мұндай кәсіпорындар мемлекет меншігі болып табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорындар барлық кәсіпорындары үшін белгіленген әкімшілік-құкықтық тәртіп шегінде әрекет етеді. Ұйымдардың басқару органы әкімшілік болып табылады.

Серіктестік – коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны.

Серіктестік деп кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуін айтады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.

Тапсырма. Мәтіндерді оқып шығып, аударыңыз.

Тапсырма. Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

Date: 2015-10-18; view: 2612; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию