Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






КӘсіби сала Қызметін реттейтін негізгі заҢ жӘне нормативті заҢ актілері





Нақтылы мамандыққа байланысты таңдап алынған лексиканы меңгерту үшін, біріншіден, тіл үйренушіге жаңа сөзді қолдануға жағдай туғызу; екіншіден, сөздің мағынасын айқындап, оны дұрыс қолдану амалдарын игерту; үшіншіден, сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты грамматикалық ережелерді байланыстыра үйрету; төртіншіден, сөздердің қатысымдық бағыттылығын ескеру керек.

Кез келген тақырыпты өту барысында берілген сөздерді мұқият тыңдатып, қайталатқызу арқылы тіл үйренушілер жаңа кәсіби лексиканың айтылуы мен оқылу ерекшеліктерін, тілдесімде дұрыс қолдануға машықтанады. Әр сабақта үйретілетін жаңа кәсіби лексиканы олар өздерінің жұмыс жағдайында күнделікті қарым-қатынаста белсенді қолдануға үйренеді, кәсіби сөздік қорын байытады. Келесі кезең – жаңа сөздерге түсініктеме беріледі: (ақпарат – нақтылы бір тақырып, жағдай бойынша алынатын хабар, мәлімет); одан кейін осы сөзбен бірнеше сөз тіркестері (ақпараттық жүйе, ақпараттық кеңістік, ғылыми ақпарат), сөйлем (Елімізде ақпараттық жүйе мамандығы сұраныста) құрастыру дағдысы қалыптастырылады, синонимдік (ақпарат – мәлімет), антонидік (ақпарат алу-ақпарат беру) қатарын табуға үйрету жұмыстары жүргізіледі. Кейін бұл сөз басқа да жаттығу түрлері мен шағын сұхбат, мәтін ішінде келесі сабақтарда да қайталанып беріледі. Сөйтіп сөз тіл үйренушінің санасында әбден бекіп, оны кәсіби жағдайда тілдік қатынаста қолдану дағдысы қалыптасады. Сөздіктермен аударма жасау, оларды жадында сақтату аударылған сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру жұмыстары үнемі назарда болады.

Кәсіби сала қызметін реттейтін негізгі заң және нормативті заң актілері жоқтың қасы.Іс қағаздарына байланыстышыққан қай оқулықты алсаңыз да, онда іс қағаздарының жалпыға ортақ түрлері: арыз, өмірбаян, анықтама, қолхат, жеделхат, түсінік хат, т,б, берілген. Қазақ тілі қалай жазса дәл солай айтуды немесе айтылуы бойынша жазуды көтермейді. Бұлай болатын себебі, орфография нормаларын сақтап сауатты жазу қаншалықты жауапты болса, айтуда да орфоэпиялық заңдылықтарды сақтап, дыбыстарды үйлесімді үйлестіре айту, дыбыстардың тігісін жатқызып жағымды, әсерлі етіп жеткізу соншалықты маңызды. Сондықтан да осындай заңдылықтарға көп көңіл бөлініп ерекшеліктері екшеленіп отырса, қазақ тілінің нәрін, әрін кетірмей, сазды әуезділігін бұзбай айтуға машықтандырады.

Date: 2015-10-18; view: 3682; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию