Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жер нарығы мен жер бағасының ерекшеліктері қандай. Жер нарығы мен оның тепе-теңдік шарттарын графикте көрсетіңіз





Жер бағасы — капиталға айналған жер рентасы. Егер жердің адамзаттың мекені тұрғысынан қарасақ, жерге ешқандай баға жоқ. Жерсіз адам да, жан-жануар да,өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Жерді жаратуға ешқандай да адам еңбегі шығындалмаған. Өздігінен адам еңбегінің нәтижесі бола алмайтындықтан жердің құны болмайды.Жеке меншік жағдайында жер тауар ретінде алып-сатылады, тауар айналысына енеді, яғни жер бағаланады. Жер бағасы, бір жағынан, рента мөлшерімен, екінші жағынан,қарызпроцентімен белгіленеді. Жер бағасы рентаның көмегімен анықталады, ал жер рентасы жер иесінің оны пайдаланушыданалатын табысының бір бөлігі, яғни арендалық төлемнің бөлігі. Егер жер учаскесі жыл сайын 10000 теңге рента келтіретін болса, ал банк салымнан 10% алатын болса онда жердің бағасы (10000100):10=100000 теңге болады, бұл жерге төлем шамасын жуықтап анықтау үшін пайдаланылатын әдіс.

Өндіріс факторы ретінде жер тауарлық сипат алады, ол сатылады және сатып алынады, оның нарықтағы бағасы оған сұранысқа тәуелді болады. Өндірістік құрал-жабдықтар нарығына түсуден бұрын жер экономикалық жағынан бағаланады — жер кадастры арқылы (старттық баға).

Жер кадастры деп жер туралы мәліметтердің жиынтығын атайды.

Салыстырмалы цифрлар арқылы жер топырағының ауыл шаруашылық өндірісіне жарамдылық дәрежесі белгіленеді, жер сапасы жағынан бағаланады. Ірілеп бағалау жердің жарамдылық (пайдалылық) класын белгілеумен аяқталады, ал жан-жақты бағалау бонитеттік балдар (әдетте 100 балдық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бонитеттік балды белгілеу үшінкритерий ретінде негізгі ауыл шаруашылық өнімдерінің көпжылдық түсімділігі (өнімділігі) қолданылады.

Жер еңбек процесіне жатпайды. Ол ауыл шаруашылығында еңбек заты, бірақ өнімі емес. Сондықтан жерді бағалау үшін керек жағдайлар мынау:

жердің тұтыну қасиеттеріне баға беру;

жердің пайдалы қасиеттеріне баға беру.

Жер нарығы көптеген әлеуметтік-экономикалық категориядан тұрады. Жер нарығы көптеген нарықтық элементтерден құралған қиын жүйеден тұрады. Ол 2 ішкі жүйеге бөлінеді: бірінші реттік жер нарығы және екінші реттік жер нарығы. Бірінші реттік жер нарығының мақсаты жерлерді мемлекеттік меншіктен жеке меншікке ауыстыру немесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға беру

Жер нарығының ерекшелігі – жер учаскесінің пайдаланылуында, жерге зат ретінде, сұраныс пен ұсыныстың болуы.Жер көп қасиетті, табиғи объект ретінде экологиялық функцияны атқарады. Топырақ сияқты, жердің жоғарғы қабаты немесе кеңістік базисі ретінде шаруашылық объектісі болады, ол экономикалық қатынастарға байланысты. Сонымен қатар, адамдардың өмір сүру ортасы ретінде әлеуметтік ролі бар.

11.3. график. Жер нарығы.  
Р   S     Е Ре P0 D   Qе Q   Жердің ұсынысы абсолютті икемсіз, сондықтан ұсыныс тік сызық түрінде болады.Жер нарығында тек сұраныс көлемі, бағаға байланысты өзгереді. Р – жердің бағасы; Q – жердің көлемі.

Date: 2015-10-22; view: 1665; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию