Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Графикті қолдана отырып, капитал нарығының мәнін ашыңыз. Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлеме дегеніміз не?





Капитал нарығы орташа мерзімді және ұзақ мерзімді несие капиталына сұраным мен ұсынымды қалыптастыру аясы, несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда орта және ұзақ мерзімді несие капиталына сұраным мен ұсыным қалыптасады. Екі бөліктен тұрады: бір жағынан, меншікті капитал нарығы, атап айтқанда, акциялар нарығы; екінші жағынан, несие нарығы қарыз капиталы нарығы. Бұл нарық қысқа мерзімді қаражат нарығына ақша нарығына және ұзақ мерзімді қаражат нарығына облигациялар нарығына ажыратылады. Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.

Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдарының нарығының құрамды бөлігі болып табылады. Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструментары, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осылардың бір-бірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланыста болады: статусымен (акция, немесе облигация); меншіктің типімен (жеке, немесе, мемлекеттік); іс-өрекет ету мерзімімен; өтімділік дәрежесімен; қауіп-қатер сипатымен және қауіп-қатер дәрежесімен

Капиталды беру нысаны өр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акцияларды жазылғандар арасында тарату түрінде, немесе, заемдық қарыз, корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент өте маңызды рөл атқарады.

Ссудалық пайыз сандық тұрғыдан пайыз мөлшерлерінен білінеді. Пайыз мөлшерлемелерінің мына түрлері көрсетіледі:

Базалық мөлшерлеме — бұл сенімді қарыз алушыға немесе банктерге олардың депозиттерін орналастыру арқылы ссуда беру бойынша орташа пайыз мөлшерлемесі, яғни бірінші класты клиентке арналған тәуекелдігі жоқ мөлшерлеме. Банк іс-тәжірибесінде банк ресурстарының құнын анықтайтын базалық мөлшерлемеге үстемені есептеу жолымен пайыз мөлшерлемелері белгіленеді. Бұл үстемелердің мөлшерін ссуданың сипатына және онымен байланысты қатер деңгейіне тәуелді болмайды;

Номиналды мөлшерлеме кредит ресурстарына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын және инфляция қарқынын ескеру арқылы белгіленеді;

Нақты пайыз мөлшерлемесі номиналды мөлшерлемеден нақты инфляцияның қарқынын шегеру жолымен анықталады;

Тұрақты мөлшерлеме кредиттің келісімшарттың барлық әрекет ету мерзіміне өзгеріссіз белгіленеді;

құбылмалы мөлшерлеме нарық конъюктурасына, экономика жағдайына және т.б. сәйкес өзгереді

Date: 2015-10-22; view: 1170; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию