Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тұлғаның бағыттылығы. Мінез





Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.

Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктер қанағаттандыруға бағыттылады. Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйге қажеттілік. Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады.

Түрткілер - қажеттіліктің нақты көрінуі. Түрткілер (мотивтер - бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Түрткілер мақсатты және мақсатсыз болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетті.

Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу - бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады. Жан-жақты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады. Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысаның терең пайымдамайды.

Тұрақты қызығулар мен тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде қысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады да, тез сөніп қалады. Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденістер көздерін қанағаттандыруға итермелейтін қызығуды айтады. Сонымен қатар тура және жанама қызығулар болады. Тура қызығулар білімнің немесе іс-әрекеттің белгілі бір саласында мазмұнымен пайда болады. Жанама қызығулар нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ басқа нысанмен, адам қызығуымен байланысты.

 

Date: 2015-09-24; view: 5055; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию