Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






И.П.Павлов бойынша темперамент түрлерінің физиологиялық мәні





 

Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ертедегі грек медицинасының көрнекті өкілі Гиппократ (б.з.д. Ү ғ) пен оның шәкірттерінің айтуынша, адам ағзасының жағдайы негізінен адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың (қан, шырын, өт) сандық арақатынасына байланысты, Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше «красис» деп аталады. Рим дәрігерлері жүздеген жылдар кейін жұмыс істеген бұл ұғымды латынша temperamentumдеп аталады, кейін келіп «темперамент» термині шықты.

 

 

 

Гиппократ темпераментті адамның анатомиялық- физиологиялық және психологиялық даралық ерекшеліктері деп түсіндірді.

Темпераменттің табиғатын ғылыми тұрғыдан И.П.Павлов жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері туралы ілімінде түсіндіріп берді.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің үш түрлі негізгі қасиеттерін бөліп көрсетті:

1. қозу және тежелу үрдісінің күші. Ол жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілетіне байланысты;

2. жүйке жүйесінің тепе-теңдігі, демек қозу күшінің тежелу күшіне сәйкес келу дәрежесі;

3. жүйке жүйелерінің қозгалғыштығы, демек қозудың тежелуге ауысу жылдамдығы және керісінше. Бұл барлық қасиеттер жалпы жүйке жүйесі ретінде бір ғана биологиялық қызметті атқарады, өз уақытында ағзаны қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстайды.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің 4 негізгі түрін ажыратты:

1.күшті, ұстамсыз(қозудын күші басым болуы);

2.күшті, ұстамды, қозғалғыш;

3.күшті, ұстамды, сылбыр;

4.әлсіз.

Жүйке үрдістерінің күштерін белгілері бойынша И.П.Павлов күшті және әлсіз жүйке жүйелеріне бөлді. Күшті жүйке жүйелерінің окілдерін ол өз кезегімен күшті ұстамды және күшті үстамсыз деп ажыратты. Күшті ұстамдылар шапшаң және баяу болып бөлінеді.

Әлсіз тип. Жүйке жүйесі әлсіз типтің өкілдері күшті, ұзақ мерзімді және шоғырланған тітіркендіргіштерге төтеп бере алмайды. Қозу мен тежелу үрдістері әлсіз болып табылады. Күшті тітіркендіргіштердін әсерімен шартты рефлекстерді алу кешігеді. Сонымен катар тітіркендіргіштердің әсерімен жоғары сезгіштік байқалады.

Күшті, ұстамды тип. Күшті жүйке жүйесімен ерекшелене отырып, ол негізгі жүйке үрдістерінің ұстамсыздығымен- қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болуымен сипатталады.

Күшті, үстамды, козғалғыш тип. Қозу және тежелу үрдістері күшті және ұстамды, бірақ олардың жылдамдығы, қозгалғыштығы, жүйке үрдістерінің шапшаң өзгеріп отыруы жүйке байланыстарының жылдам ұйымдасуына және тұрақсыздығына алып келеді.

Күшті, ұстамды, сылбыр тип. Күшті және ұстамды жүйке үрдістері аз қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Бұл типтің өкілдері сырт қарағанда салмақты, орнықты, қиын коздырғыш тип.

И.П.Павлов темпераментке былай деп анықтама бере «Темперамент әрбір жеке адамның жалпы сипаттамас болып табылады, оның жүйке жүйесінің негізгі сипаттамас әрбір индивидтің барлық іс-әрекетіне белгі қалдырады».

 

Date: 2015-09-24; view: 1922; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию