Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психопатия





 

Кісі мен мінез құлықтың бұзылуы (немесе «Кемел шақта тұлға мен мінез-құлықтың бұзылуы» - психопатия) психика ауруларға жатпайды. Клиникалық ерекшеліктеріне байланысты
психопатиялар бірнеше топқа бөлінеді.

Қозу типі. Алғашқы белгілері 2-4 жаста білінеді, басқаша айтқанда бірінші жастық дағдарыс кезінде. Бұл мерзімде бала өз құрдастарына қарағанда өте қозғалғыш, қозғыш, кейде ызаланып айналадағыларды ұрады, тырнайды және тістейді. Олар қатты қиқарланып, айтқанын істемесе наразылық ретінде еденге жатып, оған басын соғып, қатты жылайды. Олар балалар ұжымында сиыспай, бірден төбелесе бастайды. Мектеп бірінші сыныбында мұндай реакциялар сиректейді. Бірақ мінез-құлқы қиын болады. Ер балаларда қыздарға қарағанда жиі болады, олар жиі тобелесіп, сабақта тәртіп бұзады.

Қозу психопатияның алғашқы белгілері бар жасөспірімдердің ішімдікке, есірткілерді, улы заттарды қабылдауының алдын алу керек. Қозу белгілері бар жасөспірімдер мен бозбалалардың ішімдік пен есірткі қабылдауы олардың мінезінде психопатия белгілерін күшейтеді.

Ішімдікке, улы заттар мен есірткі пайдалану психопатиясы бар кісілерді тәртіпті бұзатын бұзық адамдармен сыбайластырады. Мұндай кісілер бұзықтардың жүріс-тұрысы мен сөйлеген сездеріне еліктеп, денелеріне неше түрлі әшекей суреттер салады.

Психопатияның осы тобына қояншықпен ауырған адамда болатын кейбір ерекшеліктері ұқсас эпилептоидты тип жатады. Осындай балалар бірінші күннен бастап қабағы ашылмауға, бәрінде жаратпауға, қозғыштыққа және керілікке бейім болады. Психопатияның қозу тобына кейбір авторлар гипертиімдік типті жатқызады. Гипертиімдердің басты белгісі үнемі кетеріңкі көңіл-күй, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, әрекет жасауға талпынғыш, көп сойлегіш, көңілді, жылдам қозғалғыш. Оларға жеңілтектік, тәртіпсіздік, тентектік тән, бастаған істі аяғына жеткізбейді. Гипертиімдік жеке адамда қозушы, истериялық және тұрақсыз типтермен үйлеседі.

Тұрақсыз тип. Тұрақсыз психопатия типінің белгілері 11-12 жастағыларда білінеді, мұның белгісі жас балалардың қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоционалды тұрақсыз жігер. Тұрақсыз пихопатиялы адамдардың жоғарғы жігерлі қызметі жетілмегеңдіктен өзінің сол минуттағы тілегі мен әуестігін тежей алмайды. Егер қалыпты жағдайда әрекетгің себебі белгілі бір мақсатпен, міңдетпен, қарызбен байланысты болса, ал олардың негізгі мақсаты тек рахаттану. Олар бастаған жұмысын аяқтамай, акыл-ой қалыпты не жоғары болуына қарамай істері жеміссіз болады. Эмоциялары тұрақсыз болғаңдықтан жылдам достасып, жылдам ажырасады. Олар келешегін ойламайтын қамқорсыз және бейқам болады.

¥йымдасқан еңбек пен бақылау жағдайыңда ұнамды тәрбиенің арқасыңда мінездің патологиялық ерекшеліктері түзелуі мүмкін. Эмоционалдық - жігерлік тұрақсыздық жасқа байланысты бәсендеуі мүмкін. Адамның кемеліне келуі, тынышталуы мен әлеуметтік бейімделуі 35-40 жаста болады.

Истериялық (өзімшіл) тип. Истериялық психопатия клиникасының негізгі белгісі айқынды дарашылық, не болса да айналадағылардан бөліну, бірінші болу. Истериялық психопатияға тән барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу. Неміс психиатры Шнайдер мұңдай адамдарды «мойыңдатуды көксеу» деп атады. Истероидтық психопатияның белгілері жыныстық жетілмеген және жыныстық жетілген кезде, кейде жас балаларда да кездеседі. Психопатияның осы түрі әйеддерде жиі, ал кейде ерлерде де болады. Мұндай адамдардың дарашылдығы, мойыңдатуды көксеуі жасандылық, қоқилану және қыр көрсетумен бірге болады. Бұлардың негізгі қызметі басқалардан артықшылығын көрсету, назардың ортасыңда болу. Истероидтық психопатияға бейімделген жасөспірімдер мен бозбалалар қыр көрсету үшін өзін-өзі өлтіруте әрекет жасайды. Өзін-өзі өлтіру әрекетінің дағын қалдыру үшін қан тамырларын кесу не таблеткаларды ішу арқылы болады. Олар көбінесе хат жазып, оны көрінетін жерге қояды. Мұндай қыр көрсетулер кейде қайғылы аякталады.

Жасөспірімдерді тәрбиелеуге арналған емдеу педагогтік жұмыс ең алдымен олардың қабілеті мен көңіліне сәйкес үнемі еңбектенуге дағдылаңдыру. Ата-аналар, мұғалімдер мен дәрігерлер жұмылып біріккенде нәтиже шығуы мүмкін.

Психастеникалық тип. Психопатияның бұл типі аяқталған түріңде негізінен ересек адамдарда кездеседі. Психастеникалық жеке адамның ең маңызды белгілері тартыншақтық, өзіне-өзі сенбеушілік, үнемі күмәңдану, өзін талдау, өзін «қазу», қазір болған емес көбінесе болатын не болуы мүмкін оқиғалар көңілшектік көрсету. Мінезінің психастеникалық белгілері бар жасөспірімдер мұғалімдердің, ата-аналарынын, үлкендерді қойған талаптарына жауапты қарап, олардың үмітін ақтауға тырысады.

Психопатияның психастеникалық типінен басқа осы типтен көптеген ұқсастығы бар астениялық тип бөлінеді. Психастеникалық типтің астеникалық типтен айырмашылығы олардың барлығынан қорқуы, мазасыздануы «бір нәрсе болып қалмасын», өздері мен жақыңдарында күтпеген бақытсыздық болмауы үшін келешекке бағытталған. Болған оқиғаға қарағаңда олар болашақ бақытсыздықтан қорқады. Үнемі күмәңданудан қорғану үшін олар арнайы белгілер, салт жораларын және басқаларды ойлап табады.

Шизоидты тип. Шизоидты не аутизмді (жұрттан оқшаулану) патологиялық тұйық жеке адам. Оның ең алдымен жасырынды, түйық және айналадағылармен қарым-қатынас жасауға ықыласы мен қабілеті жоқ. Айналадағы әлемнен бөлектену, ішкі дүниесі бай бола тұрып сыртқы көрінісі кедей, тәртібі мен эмоционалдық қайғы-қасіреті, қарама-қайшылық бұларға тән. Шизоидты психопатия басқа типтерге қарағаңда сирек болады, ол ұлдарда жиі кездеседі. 2-4 жастағы балалардың мінез-құлқы құрдастарына қарағаңда ерекше болады. Мектепке дейінгі жасында өз күрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Мектеп жасында олар белгілі бір сабаққа қызығып, сол сабақты күшті оқи бастайды. Мысалы, математиканы, астрономияны, психология мен философияны. Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, олардың қозғалысы икемсіз, өздерін-өздері күте алмай, киім мен тамақ қабылдағанда салақтық пен ұқыпсыздықты көрсетеді.

Психопатиялық қалыптасуы негізінен ересек жаста аяқталады. Психопатияның шизоид пен истерия сияқты түрлері бала кезден біліне бастайды. Бірақ та кісінің бұзылуы (психопатия) диагнозы 18 жастан бұрын қойылмайды. Одан бұрын «патологиялық дамуы» деп саналады.

Емдеу - балалар мен жасөспірімдерде негізінен емдеу-педагогикалық шаралар арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда дәрігер мен педагогтың эмоционалдық әсері негізінен емдеуге көмегін тигізеді. Жасөспірімдердің айналасындағы ортаны (отбасы, мектеп, құрдастары) сауықтыру өте маңызды принцип. Емдеу-түзету жұмыстары психотерапиямен және дәрілер арқылы емдеумен жалғасады. Психотерапия әдісін таңдау психикалық жағдайға, жеке адаммен не топпен өткізуге байланысты. Емдеуде тәртіпті түзететін дәрілер қолданылады.

Психопатиялардың алдын алу жалпы психогигиеналық шараларға, жүкті әйелдің сауығуына, дұрыс босануына, балалардың жұқпалы және басқа ауруларының алдын алуға, дұрыс тамақтануға тіреледі. Одан басқа балалардың айналасындағы адамдардың, ата-аналардың отбасындағы қарым-қатынасының маңызы зор. Бала тәрбиелейтін мекемелердің тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің атқаратын рөлі де үлкен.

 

Date: 2015-09-24; view: 3115; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию