Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Елестету мен қиялдаудың жекеліктері





 

Қабылдауда болатын сезімдік бейнелердің жасалуынан санада өз алдына ерекшеленген жаңа психикалық құрылым -елестер пайда болады.

Елес- бұл адамның өткен тәжірибесіне негізделіп, болмыс затының санадағы қайта жасалған жалпылай психикалық бейнесі. Елесте заттың барша бітістері мен белгілері тереңдей жарқың, дәлдікпен нақтылай берілмейді. Егер де кейбір елестер біздің іс- әрекетімізбен байланысты келсе, онда алғы шепке нысанның біздің әрекетімізге тікелей қажет, маңызды тараптары шығарылады, қалған тұстары бұлыңғыр күйінде қалады. Елесте қабылдау түрлеріне (көру, есту және т.б.) орай бөлінеді.

Елестердің негізгі ерекшеліктері:

-елестер қабылдаудағыдай көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне күңгірттеу;

-елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін ажыратып болмайды;

-елесте әрдайым жалпыланған бейне (тау елесі, мысалы: ол Алатау не Памир емес, жер бетіндегі барша

тауларға тән белгі - биік шоғыр) сақталады;

-бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-дара болып келеді. Бұл адамдардың тұлғалық сапа-қасиеттерінің

өзіндік ерекшелігінен болады;

-елес көрнекі-бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған танымдық, білім қызметін

атқаруы мүмкін;

-түйсік және қабылдау үдерістеріне қарағанда елес сатысы анағұрлым жоғары деңгейлі келеді;

-елес ойлау жүйесінің құрамды бөлігі, ой азығы - есте сақталғанды елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан - жақты талдауға салып, нақтылай бастаймыз.



Тұлға өміріндегі елестің маңызды болуының жарқын дәлелі - бұл адамдардың шығармашылық өнері. Шығармашылық әрекеттің қай түрі болмасын өз бастауын осы елестен алады. Құлақтан қалып, есту түйсігінен айрылған әйгілі Бетховен ән-күй өрнек елестерін өзінің мәуелі шығармашылығының сүйеніші еткен.

Біздің санамызда тек қана бұрын біз қабылданған нысандар туралы елестетулер болуымен қатар, біз қабылдамаған нысандар туралы елестетулер пайда болады. Мысалы, біз солтүстік полюсте болмасақ та ол туралы елестете аламыз, біздің еліміздің өткен тарихының оқиғалары туралы елестетулер болады, болашақта да болжай білуге мүмкіншіліктеріміз бар. Бұл елестетулер қабылданған заттар туралы елестетулердің негізінде

тәжирибе мен білім негізінде киял арқылы жасалады. Бұл елестетулердің ес елестетулерінен ерекшелігі қиял елестетулері депаталады. Адамның іс-әрекеті жан-жақты. Ол өзінің еңбегімен табиғатты өзгертеді, табиғатта жоқ заттарды жасайды. Өзендердің бағытын өзгертеді, су-электрстанцияларын салады, күрделі құбылыстарды іске асырады, күрделі машиналар мен тұрмыстық заттарды, сонымен қатар жаңа технологияны

өндіріске ендіреді, яғни өмір үшін қажеттінің барлыгы іске асырылады. Егер де іс-әрекетінің нәтижесін анық елестете білмесе, адам осының барлығын істей алмаған болар еді. Сонымен, қиял депелестетулердің негізінде бұрын-соңды қабылданылмаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз. Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі агглютинацияболып табылады. Агглютинаңия деп бірнеше заттардың жекелеген элементтері немесе бөлімдерінің біртұтас бейнеге ұласуы мен бірігуін айтады. Мысалы, халық түсінігінде су перісінің бейнесі әйел мен балықтан және көк балдырлардан жасалуы. Қиял үрдістерінде естің елестетулерін өңдеу іске асып қана қоймайды, сонымен қатар адамның ой-түйіні іске асады, кейбір міндеттер шешіледі. Сондықтан да қиял үрдістерінде ойлау мен сөйлеудің бірлігі үлкен рөл атқарады.

Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді: қайта жасау қиялы және шығармашылық қиял.



Қайта жасау қиялыдегеніміз адамның жаңа заттар мен құбылыстарды сөздік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады.

Шығармашылық қиял дегеніміз - дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей, шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау.

Қиял ерікті және еріксіз болып бөлінеді:

Еріксіз қиял - алдын-ала мақсат коймай, ерік-жігер жұмсамай іске асатын қиялдың түрі. Бұл жерде бейнелер өздігінен жасалады. Қиялдың еріксіз іс-әрекеті ең алдымен қазіргі сәтте қанағаттанбаған қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, адам сусыз шөл далада болғанда қатты шөлдейді, ондай жағдайда адамда еріксіз су көздері туралы бейнелер жасалады.

Ерікті қиял алдын ала койылған мақсат бойынша, белгілі бейнені жасау үшін қажетті материалдарды таңдауға күш- жігерді жұмсау арқылы іске асады.

Қиялдың жан-жақтылығы оның іс-әрекетінің кеңінен таралатын салаларының қамтитын шеңберімен анықталады. Оның ішінде, сондай салалар болып табылатын табиғат, оның бүгіні мен болашағы және тарихи омірі, жердің қойнаулары мен жұлдызды аспан әлемі, техника мен өнер. Адам қиялымен неғұрлым көп саланы қамтыса, соғүрлым оның киялы жан-жақты болады. Қиял көп жағдайда шындық дүниеден жиі алшақтап келеді.

Қиял күшті және әлсіз болады. Қиял арқылы жасалынган бейнелер шындықты қабылдауға қаншалықты жақындауына байланысты қиялдың күші туралы айта аламыз. Кейде қиялдың қызметі сондай күшті байқалады, біз қиялдың нысандарын көргендей , естігендей немесе сезген сияқты боламыз. Осындай жағдайда реалдық шындық пен фантазия бейнелері арасында айырмашылық байқалмайды. Мысалы, Диккенс көзіне жас алып, өз кейіпкерлерінің бастан кешкен қиындықтары мен олімін еді.

Әрбір адам өзінің болашағы туралы міндетті түрде ойлайды, жоспарлайды. Адамның болашақтағы қажеттілік туралы ойлары арман деп аталады. Арман айқын немесе күңгірт болуы мүмкін. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген, келешекке бағытталған қиял процесі. Арманадамды алға ұмтылдыратын, итермелейтін себеп немесе іс-әрекеттің түрткісі болып табылады.

Өмірімен байланысты әсерлі қиял адамды еңбекке шабыттандырады, іс-әрекетке талпындырады. Ешқандай нәтижесіз қиялдаушылық адамды әлсіретеді, шындық дүниені өмірде іске аспайтын түс керумен ауыстырады. Сондықтан да қиялдай отырып, әруақытта да өзінің қиялының бейнесін бақылап отыру керек және күнделікті өмір тынысынан қол үзуге мүмкіншілік бермеу қажет. Арман, қиял күнбе-күн болашақты біздің бүгінгімізбен байланыстырғанда ғана пайдалы болады.








Date: 2015-09-24; view: 849; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.009 sec.) - Пожаловаться на публикацию