Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Айта жаңғырту





Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады, қайта жаңғыртудың осы түрі көбінесе адамның үнемі айналысатын әрекетімен мазмұндас болады. Мысалы, музыкант мелодияларды қалай болса солай жаңғырта береді.

Арнайы қайта жаңғырту мақсат қоюмен, ерік күшін жұмсаумен, арнаулы әдіс- тәсілдер қолданумен жүзеге асады.

Тану-- қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес үрдістері. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мысалы, біреу бір нәрсені қиналмай, тез және толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Объектіні дұрыс тану үшін адамдардың көзі төселіп үйренген, өмір тәріжибиесі мол, бақылағыш болуы шарт. Ес процесінде болатын қателіктердің көпшілігі дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың өзі алғашқыда зер салып, жөнді қабылдай алмаудан болады.

Қайта жаңғыртудағы бұл қиындықтар сонымен қатар қазіргі сәтте қажеттіні қайта жаңғыртудың мүмкіншілігінің болмауы ұмыту болып табылады. Сондықтан ұмыту - есте сақтауға кері үрдіс емес, қайта жаңғыртуға кері үрдіс. ¥мыту толық болуы мүмкін, ондай жағдайда есте сақталған материалды немесе оның бөлігін көп мезгілге дейін қайта жаңғырта алмаймыз. Көп жағдайда ұмыту уақытша болады. Алғаш есте қалдырған материалды неғұрлым толық және дұрыс түрде қайта еске түсіруді р еминисценция (латын сөзі- reminiscetia-қазақшалағанда еске алу, жаңғырту мағынасында қолданылады) деп атайды. Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.

І

 

 

Зейіннің (назар) түрлері мен сипаттамалары,

зейінсіздік (алаңғасарлық)

Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.

Назар немесе зейін деп - адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтады. Зейін – басқалардың ішінен адамды қоршаған көптеген заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету.

Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мысалы, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Сондықтан да зейін кез-келген іс-әрекеті орындаудың шарты болып табылады. Мысалы, қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеу техникаларымен жұмыс, ғылыми зерттеу жүмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес. Адамды қоршаған кептеген заттардың ішінен біреуін бөліп, зейін аударады, ал қалғандарына мән бермейді. Міне, осы қасиетінен зейіннің таңдамалы сипатын аңғарамыз. Басқаша айтқанда, зейін психикалық іс-әрекеттің таңдамалы сипатын білдіреді. Оқушының сабақ үстінде әрекетін байқап көрейік, оқушы мұғалімнің айтқанын зейін салып тыңдайды, түсінеді және оның түсіндіргенін есінде сақтайды. Оқушы есеп шығарғанда, шығарма жазғанда осы іс-әрекетті қалай зейін қойып орындайтынын аңғару қиын емес.

Физиологиялық тұрғыдан бұл белгілі бір жүйке орталықтары қозғанда, басқа орталықтары тежеледі де И.П.Павловтың негіздеген жүйке үрдістерінің индукциялық заңы бойынша бас ми алабының белгілі бір бөлігінде қозу үрдісі пайда болса бас мидың басқа бөліктерінде тежелу үрдісін шақырады. Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығы басқаларына үстемдік етеді, оны доминанта деп атайды, ал мидың қалған бөліктері индукция заңы бойынша тежеледі. Сонымен, доминанта деп бір уақытта адам санасына әсер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен біреунің басқаларға үстемдік етуін айтады. Академик А.А.Ухтомскийдің зерттеулері бойынша жүйке жүйесіне әсер еткен көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуінің жеңіп шығып, күшті әсер етуі. Бас ми алабында қозудың бірнеше орталыгы пайда болады. Бұл жағдайда қозудың әрбір орталығы барлық бас мидың алабында жайылу (иррадиация) жағдайында болады. Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында қайшылық, күрес туындайды. Осы күрестің нәтижесінде осы орталықтардың біреуі жеңіп, үстемдік етеді, академик Ухтомский оны доминанта деп атаған еді.

Зейін түрлері Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні белсенді зейін деп атайды.

Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Адам өмірінің барлық кездерінде еріксіз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу - еріксіз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мысалы, қызықты кітапты оқуға еріксіз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу ерікті зейінді керек етеді.

Ерікті зейін деп алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын саналы түрде таңдай отырып, адам

санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықылыспен берілген дұрыс.

4. Түрлі қолайсыз жағдайларда да жүмыс істеуге машықтану. Мысалы, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-күрсілдер де) әсеріне берілмей жұмыс істеу керек.

5. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек.

Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікі зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жүмсамай-ақ орындалатын зейін. Мысалы, бала оқуға төселсе, бұл оны тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Үйреншікті зейін ырықты зейін арқылы дамып қалыптасады.

Date: 2015-09-24; view: 1682; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию