Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Психология ғылым ретінде қалыптасуы және даму сатылары





I тарау. Психологияның негізгі мазмұны.

 

Психология ғылым ретінде қалыптасуы және даму сатылары

Когнитивтік, бихевериоральдық және гуманистік психология

Психология салалары

Психологиядағы зерттеулердің тәсілдері

Психика ұғымы және оның даму сатылары

Психикалық жүйке жүйесі және ми

Рефлекстер және оның түрлері

§8.Негізгі психикалық үрдістер, психикалық қасиеттер, психикалық

Жағдайлар

Психика, мінез-құлық, іс-әрекет

 

Психология ғылым ретінде қалыптасуы және даму сатылары

 

Психология - адамзатқа арналған күрделі, әрі маңызды ең кызықты көне ғылымдардың бірі. Адамзат баласы ғасырлар бойы көптеген ғалымдардың зерттейтін объектісі болып келеді. Өйткені, адамзат қоршаған әлемдегі ең ғажайып әрі құпия жаратылыс иесі.

Ежелгі грек философы Сократтың екі мың жыл бұрын айтқан «Өзіңді таны!» деген мәнді де мағыналы ұранды сөзі бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ.

Психика туралы түсінік адамға және оның жеке өміріне өмірлік тәжірибе береді. Бір адам туралы «Ол өте жақсы психолог, кез-келген адамның қандай екенін бірден айта алады» деген сөзді

жиі естіп жатамыз. «Психологтың» астарында өмірлік тәжірибесінің арқасында адамның өмірде көргендері арқылы көп нәрсені байқайтындығы, сезінетіндігі, сол арқылы өзгелерге түсіндіре алатындығы анықталады. Сондықтан біздің әр қайсысымыз белгілі бір сатыда «Психологпыз». Қоғаммен бірге өмір сүріп және араласа жүріп біз өзімізше ол адамдардың ішкі омірі туралы түсінік жасауға мәжбүрміз, олардың қылықтары мен айтқан сөздерінің мағыналары мен себептерін ажыратамыз, олардың бізге және басқа адамдарға деген қарым-қатынастарын болжай аламыз.

Әртүрлі заттар мен құбылыстарды көре отырып, олар бізге ұнауы немесе ұнамауы мүмкін, кейбіреулерін есте сақтаймыз немесе ұмытамыз, біреулеріне зейін аударамыз, басқаларына көңіл бөлмейміз, осы құбылыстардың барлығы - біздің психикамыз.

«ІІсихология» сөзі гректің екі сөзінен құралған: «псюхе»- жан, екіншісі «логос» - ғылым, ілім дегенді аңғартады. Жалпы психология - адамның жанын, рухани дүниесін және психикалық өмірін зерттейтін ғылым.

 

Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психикасының ең жоғарғы түрі -сананың болуымен ерекшеленеді. Адам - саналы құбылыс. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез- құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.

Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі - барлық психикалық құбылыстарды зерттеу мен түсіндіру болып табылады, демек олардың пайда болуы, қалыптасуы мен даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып оқыту және тәрбие үрдісін дүрыс ұйымдастыруға болады.

Сонымен, психология - психика мен оның қалыптасуы және даму заңдылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады. Ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.

Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің «Жан туралы» атты еңбегінде алғаш рет психикалық қүбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотельді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Психологияның екінші тарихы, 1879 жылы басталды. Сол жылы неміс ғалымы В.Вундт /1832-1920/ Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, оның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.

Қазақстанда ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн. Қазақ психологиясының тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаев Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі – кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы – бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (XV-XX) болса, екінші кезеңі марксистік кеңестік (1920-1990) психология деп аталады, үшінші кезең – егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының (1991-2006) жаңа кезеңі.

Жан дүниесінің сыры жайлы пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тәні саудың жаны сау», «Тән ауырса, жан ауырады», «Жан бар жерде қаза бар» т.б. Осындай мақалдарда жан мен тәннің ара-қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес.

Өрісі биік, психологиялық ой-пікірлерді Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров шығармаларынан да көптен кездестіруге болады. Мысалы С.Торайғыров: «Жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыста болады, адамның тәні өсуімен қатар, жаны да бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде, адам өлгеннен кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ, жек көру жоқ, маххабат жоқ, өмір жоқ, яғни бір сөзббен айтқанда тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды» деп қорытынды жасайды.

Қазіргі кезде өндірісте, ғылымда, медицинада, өнерде, оқытуда, ойында және спортта психологиялық заңдылықтарды білмей және түсінбей көптеген іс-әрекеттің түрлерін іске асыру мүмкін емес. Адамның даму заңдары туралы ғылыми білімдердің жүйесі, оның потенциалдық мүмкіншіліктері туралы барлық қоғамдық даму үшін қажет. Кезінде белгілі психолог-ғалым С.Л.Рубинштейн «Жалпы психология негіздері» атты кітабында былай деп жазды: «Психологияның зерттейтін өзіндік қүбылыстардың ішінен анық та айқын, ерекше бөлініп түрғандары - біздің қабылдауларымыз, сезіндеріміз, ойларымыз, талпыныстарымыз, қажеттіліктеріміз және т.б. Демек, біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтындар жатады».

Психиканың мәні туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуы мен дамуы әр уақытта философияның негізгі мәселесі - материя мен сананың, материалдық және рухани бастаманың арақатынасын шешумен тығыз байланысты. Осы мәселені шешудің төңірегінде бір-біріне қарама-қарсы философиялық екі бағыт пайда болды: идеалистік және материалистік. Идеалистік философияны жақтаушылар психиканың материяға тәуелсіз, өз бетімен өмір сүретін бірінші алғашқы құбылыс деп қарастыру. Материяның туындысы бойынша психиканы екінші құбылыс материядан туады деп қарастырады. Адам психикасын материалистік түрғыдан түсінуді идеалистік философтар көптеген ғасырларға ыгыстырды, адам психикасын оның рухани өмірінің көрінісі ретінде қарастырады, ол барлық материалдық табиғат сияқты заңдарға бағынбайды деп есептеді. ХҮІІ ғасырда Рене Декарт психологиялық білімдерді дамытуда жаңа дәуірді бастады. Оның түсіндіруінше: «Тек ішкі органдардың жұмысы емес, сонымен қатар ағзаның сипаттамасы, олардың басқа да ішкі денелермен өзара іс-әрекеті жанды қажет етпейді» деген болатынды. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше үлкен әсер етті. Декарт бір уақытта екі ұғымды енгізді: рефлекс және сана. Оның түсіндіруінше, бір-біріне байланыссыз, екі бастама материя мен рух өмір сүреді. Сондықтан да психология тарихында бұл ілімді «дуализм» (duali- гректің сөзі, қазақшалағанда «екіжақты» деген мағына береді). Философияда бұл бағыт объективті идеализм деген атпен дамыды.

 








Date: 2015-09-24; view: 558; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.007 sec.) - Пожаловаться на публикацию