Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психикалық жүйке жүйесі және ми





 

Адамның жүйке жүйесі аса күрделілігімен ерекшеленеді. Орталык жуйке жүйесі- жұлыннан және мидантұрады.

Жұлын –омырқа жотасының қуысында орналасқан және жүйке тіндерінен тұратын жуан жіп түрінде болады. Жұлынды колденең кесіп коретін болсақ, оның шеттерінде ақ зат орналасқан, ал іш жағынан сүр зат.

Бас ми бас сүйегінің қуысында орналасқан.

Адамның бас миы ең жоғары сатыдағы жануарлардың, адам тәріздес

маймылдардын миымен салыстырганда оте күрделі болып табылады. Бас ми бір-бірімен байланысты бірнеше

бөлімдерден түрады. Осы бөлімдердің ішіндегі негізгілері төменгілері: сопақша, артқы ми, ортаңғы ми, аралық ми және соңғы ми.

Артқы мидыңнегізгі бөлімдеріне көпіржәне мишықжатады.

Сопақша ми - бұл жұлынның жалғасы. Оның адам ағзасының өмір сүруі үшін ерекше мәні зор. Онда тыныс алуды, жүрек қызметін, қан тамырларының кызметін реттеп отыратын орталықтар орналасқан.

 

Мишық- ерікті қозғалысты реттеп отыратын мүше. Мишықтың жұмысы бұзылганда адам түра алмайды және үздіксіз қозғалыс жасай алмайды, тепе-теңдікті сақтамайды, тез шаршайды, қозғалу мүмкіншілігінен айырылады.

Ортанғы ми - сопақша мимен бірге кеңістікте денені ұстауын, бағыт -бағдарын басқарады. Ортаңғы мидың қызметіне жарыққа, дыбысқа және басқа да тітіркендіргішке бағдарлы рефлекстер жатады. Ортаңгы мидан жоғары аралық ми орналаскан, оның негізгі бөлігіне көру бөгеттері мен бөгеттердің қосымша саласы жатады. Мидың бүкіл бөлімдері өзара бір-бірімен байланысты және бірыңгай тұтас жүйені құрайды. Бірақ олардың қызметінде мидың төменгі бөлімдерінің жоғары бөлімдеріне бағыныштылығы қатаң сақталады. Оларға үлкен жарты шарлар үстемдік етеді.



Ми екі үлкен жартышарға бөлінеді: оң және сол жағы. Сыртынан үлкен жартышарлар бірнеше миллиметр қалыңдығы бар түсті затпен қапталған. Бұл сүр түсті зат - үлкен жартышарлар қабығы. Әрбір жартышар 5 бөлікке бөлінеді: маңдай, шүйде, самай, шеке және аралша.

Перифериялық жүйке жүйесіорталык жүйке жүйесінен ажырамай біртұтас болып келеді. Орталық жүйке жүйесінен шығатын және өз тармақтарымен бүкіл ағзага тарайтын жүйкелер перифериялық жуйке жүйесін құрайды, сонымен катар ағзаның әрбірр бөлімін орталық жүйке жүйесімен байланыстырады. Бас мидан 12 жұп, ал жұлыннан осы жүйкелердің 31 жұбы тарайды.

Сезгіштік жүйкелертітіркендіргіштерден пайда болған қозуларды орталыққа, демек аралық ми мен бас мига жеткізеді. Осы жүйкелердің көмегімен біз қоршаган дүниені түйсінеміз және қабылдаймыз. Бұл жүйкелер, басқаша айтканда рецепторлық (қабылдаушы) орталыққа баратын немесе афференттік жүйкелердеп аталады.

Қозғалыс (немесе моторлық) жүйкелер орталықтан келген импульстарды бұлшық еттерге және бездерге беріп отырады. Осы жүйкелердің көмегімен біздің бұлшық еттеріміз қозғалысқа келеді, әртүрлі іс-әрекеттер жасайды, осы жүйкелердің көмегімен әртүрлі бездердің қызметі реттеледі. Бұл жүйкелер, басқаша айтсақ, орталықтан келетін немесе эфференттік жүйкелер деп аталады.

Вегетативтік жүйке жүйесі ми мен одан тыс орналасқан жүйке жолдарының ерекше біріккен және қиылысқан жүйке жолдарын қүрайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің жекелеген жүйке клеткалары мен жүйке жолдары ас қорыту, қан айналым, тыныс алу және т.б. мүшелерде орналаскан. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтан келетін талшықтары барлық сезім мүшелері мен тері жасушаларында болады. Осы талшықтар арқылы вегетативтік жүйке жүйесі сезім мүшелеріне әсерін тигізеді. Ол белгілі дәрежеде адаптацияға, демек сезім мүшелерінің бейімделуіне әсер етеді.



 








Date: 2015-09-24; view: 526; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (2.357 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию