Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Психология салалары





 

Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес, көп жағдайда олар қоғамдық тәжірибенің өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде ол өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби тәжірибелік іс-эрекеттің бір саласына айналуда.

Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі - психиканың іс-әрекеттедаму принципі. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.

Еңбек психологиясыадамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми үйымдастырудың психологиялық тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, әуе психологиясы, ғарыштық психология және т.б. бар. Инженерлік психология негізінен адам мен машинаның қызметін бөлу және үйлесім проблемаларын шешетін автоматтандырылған жүйелерді басқарушы оператордың қызметін зерттейді; әуе психологиясы ұшуды үйрету мен ұшуды орындау үрдісінде адамның іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан зерттейді; космос психологиясы ағзаға шамадан тыс психологиялық ауыртпалық түсетін ауасыз жагдайдағы адам іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

Педагогикалық психологияның қызметі– адамды оқыту мен тәрбислеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Педагогикалық психологияның бөлімдеріне немесе салаларына мыналар жатады: оқыту психологиясы (дидактикалық психология негіздерін зерттейді); тәрбие психологиясы (мектептегі тәрбие жұмысының психологиялық негіздерін зерттейді); ұстаз психологиясы (мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастардың, мұғалімге қойылатын талаптардың психологиялық мәселелерін зерттейді).

Медиңиналық психологиядәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармакологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психогигиенаға бөлінеді.

Нейропсихология- психикалық қүбылыстардың физиологиялық ми құрылымдарымен арақатынасын зерттейді.

Психофармакология- дәрі-дәрмек заттардың адамның іс-әрекетіне әсерін зерттейді.

ІІсихотерапия- ауруды емдеу үшін психикалық әсер ету тәсілдерін қолдануды зерттейді.

ІІсихопрофилактика мен психогигиена- адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін талдауды зерттеу болып табылады.

Арнаулы психология- бірнеше бөлімдерге белінеді: патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.

Патопсихология- адамдардың дұрыс психикалық іс-әрекетінің бұзылуының әр түрлі түрін зерттейді.

Олигофренопсихология- мидың туғаннан болатын ақауына байланысты психикалық дамудың патологиялық сипатын зерттейді.

Сурдопсихология- есту сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.

Тифлопсихология- көру сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.

Заң психологиясызаң жүйесін іске асырумен байланысты психологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы, криминалды психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеу психологиясы. Сот психологиясы тергеу үрдісіне: қатысушылардың мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады; криминалды психология деп мінез-құлықтың психологиялық мәселелерін және қылмыскер тұлғасын қалыптастыру мен қылмыстың себептерін анықтайтын саласын айтады; еңбекпен түзеу психологиясы еңбекпен түзеу колониясында ұсталғандардың психологиясы, сендіру және көндіру әдістері арқылы тәрбиенің психологиялық мәселелерімен айналысады

Әскери психологияадамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін, қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптарын, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және әскери техниканы басқарудың психологиялық мәселелерін

зерттейді.

Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым мен өнердің шығармашылық психологиясы да кіреді.

Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жағдайда психологияның даму принципі іске асады. Осыған байланысты психология келесі салаларға бөлінеді: Жас сатыларының психологиясыжеке адамның әртүрлі психикалық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін (жеке даму) зерттейді де келесі салаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология).

Салыстырмалы психология- психикалық өмірдің филогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.

Әлеуметтік психологиядеген атпен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік психология адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.

Жалпы психологиябарлық психология салаларының ішінде айрықша орынды иеленетінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті - психологияның әдіс мәселелері мен тарихын, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және болмыстың жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және тәжірибелік іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеулерінің нәтижесі - психология ғылымының барша салалары мен белімдерінің іргетасы қызметін атқарады.

 








Date: 2015-09-24; view: 682; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.006 sec.) - Пожаловаться на публикацию