Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері





Жер қыртысының құрлықтық жəне мұхиттық түрлерінің болуы, оның көлеміндегі құрлықтық пен мұхиттық атты негізгі құрылымдық элементтерін

бөлуге мүмкіндік береді. Құрылымдық элементтер дегеніміз жер қыртысының жеке бөліктерінің құраушы таужыныстарының белгілі бір үйлесімді тіркестігімен жəне жатыс ерекшеліктерімен бір-бірінен өзгешеленеуі. Бұл ерекшеліктерге ондағы тектоникалық қозғалыстар пəрменділігі мен əркелкілігі, магматизм мен метаморфизм процестерінің түр-сипаттары жатады. Сонымен, жер қыртысының бірінші дəрежелі құрылымдық элементтері құрлықтар мен мұхиттар болып табылады. Бұлар тек географиялық ұғым емес, геофизикалық түсінік екенін атауымыз керек, себебі құрлықтық құрылымдар тек құрлықтар көлемімен ғана шектеліп қоймайды. Геофизикалық зерттеулер көмегімен анықталған мəліметтер бойынша жердің ірі облыстары өздерінің бедерімен ғана емес, ондағы жер қыртысының тереңдік құрылысының өзгешеліктерімен ажыратылады екен. Тереңсулы мұхит кеңістігіне төмен қалыңдықты (6-8 км жоғары емес) қыртыс тəн, ал ол болса, 1-2 км шөгінді қабаттан жəне бірнеше мың метрлік майысқақ қасиетті базальттардан тұрады. Оның астында қыртыс асты қабығы немесе құрамы, жорамалмен аса негізді жынысты жер мантиясы орналасқан. Керісінше, материктер қабаттарының жоғарғы қалыңдығы (орта есеппен 35- 40 км), яғни 0-20 км шөгінді жамылғы, 10-15 км гранитті-метаморфит жəне 15-20 км базальтты қабаттарымен сипатталады. Сөйтіп, жер қыртысы геологиялық, геофизикалық қасиеттері жəне химиялық құрамына байланысты шартты түрде "шөгінді", "гранитті", "базальтты" қабаттарға бөлінеді. Шөгінді қабат көлденеңді толқындар жылдамдығы 2-5 км/с салыстырмалы əлсіз қатпарланған жəне төменгі сатылы метаморфталған терригенді (құмтастар, гравелиттер, конгломераттар, əртүрлі саздар) карбонатты, тұзды жəне басқа көбінесе жер қыртысының төмендеген бөліктерін құрайтын комплекстерден тұрады. Мұнда шөгінді жыныстармен бірге магмалық (жанартаулық, пирокластық) жəне метаморфтықтарда (сазды жіктастар) кездеседі (53-сурет) "Гранитті" қабат — континенттік қыртысты құраушы негізгі элемент. Ондағы көлденеңді толқындардың таралу жылдамдығы 5,5-6,5 км/с. Жер шарының көптеген жерлерінде ол беткі қабаттарда шығып жатады (немесе ұңғымалармен ашылған). "Гранитті" қабат қышқылды магмалық жəне терең метаморфталған (гнейстер, слюдалы жіктастар жəне т.б.) жыныстардан тұрады. Сондықтан да оны гранит-гнейсті (В. Белоусов бойынша) немесе гранитті-метаморфты (Е. Милановский мен В. Хаин бойынша) қабат деп те атайды. "Гранитті" қабаттың ең жоғарғы қалыңдығы 40 км-ге шейін жетеді. Қыртыстың табаны "базальтты" қабаттан құралған. Эксперименттік жолмен алынған мəліметтерге қарағанда көлденеңді толқынның жылдамдығы 6,5-7,4 км/с, яғни базальттарды ажырататын серпімділік толқын жылдамдығына тəн. Бірақта мұндай жылдамдықтар жоғары (гранулитті) метаморфизм сатысына ұшыраған шөгінді мен вулканогенді жыныстарға да тəн екен. Сондықтан В. Белоусов, И. Рязанов, П. Мишо ұсыныстары бойынша бұл қабатты гранулитті-базальтті деп те атайды. Оның қалыңдығы 40 километрге шейін, табаны Мохоровичич бетіне сəйкес келеді. Жоғарыда аталған қабаттар сипаттамасы, континенттік жер қыртысын сипаттайтын қасиеттер. Терең бұрғылау материалдары бойынша мұхиттық қыртыстың жоғарғы қабаты шөгінді қабат. Сейсмикалық толқындар таралу жылдамдығы 1,5-2 км/с. Оның қалыңдығы мұхит ортасында өте төменде, жағалауға қарай 10-15 км дейін өседі. Ал жалпы мұхит түбінің басым бөліктерінде шөгінділердің қалыңдығы жүздеген метрден жоғарыламайды. Мұхит шөгінділерінің жасы төменгі юрадан голоценге шейін (мысалы, Тынық мұхиттікі — І^). Демек, олардың жасы құрлық шөгінділерінен анағұрлым жас көрінеді. Мұхиттық қыртыстың екінші қабаты — базальтты қабат. Ол Тынық мұхит көлемінде толық (тереңдігі — 0,8-1,2 км), ал Атлант мұхитында жартылай қалыңдығына тексерілген. Құрамы біршама тұрақты, яғни төменгі калийлі толеитті базальттардан, брекчия, жанартау күлдерінен жəне долеритті дайкалардан тұрады. Сондықтан сейсмикалық толқындар жылдамдығы да 2,2-5,5 км/с өзгереді. Бұл қабаттың қалыңдығы суасты көтермелерінде 1,5-2,0 км, ең тереңсулы ойыстарда 0-500 м аспайды. Үшінші қабаты габбро-серпентинитті, ол мұхиттық қыртыстың іргетасы болып есептелінеді. Ол қабат қалыңдығының тұрақтылығымен (5-6 км), сейсмикалық толқындар таралу жылдамдығы 6,4-7,2 км/с мөлшерінде болуымен сипатталады. Бұлардан басқа субконтиненттік пен субмұхиттық атты аралық қыртыс түрлері бөлінеді. Олардың ерекшелігі құраушы қабат қалыңдықтарының байырғылардан төмен немесе жоғары болып келуінде. Жер қыртысының бұл құрылымдық элементтері жеке құрылымдардан тұрады. Оларға геосинклиндер, платформалар жəне орогендер жатады. Бұл құрылымдарды зерттеу геология ғылымының бір саласы геотектониканың үлесіне тиеді.








Date: 2015-09-05; view: 488; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.006 sec.) - Пожаловаться на публикацию