Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама





Топталған лықсымалар мен ысырмалар Лықсымалар мен ысырмалар көлемді аймақты қамтыған жүйелі топтар күйінде де кездеседі. Лықсымалар мен ысырмалар арқылы бөлініп ауысқан тау жыныстары блоктары грабендер жəне горстер деп аталады. Грабендер (нем. - ор, шұңқыр) лықсымалар немесе ысырмалардан пайда болған, ортаңғы бөлігі төмен түскен, көтеріңкі шеткі бөліктеріне қарағанда жас таужыныстарынан тұратын құрылымдар (52-сурет). Сөйтіп грабендер жарықтар арқылы ортаңғы бөлігі шеткі бөліктерімен салыстырғанда төмен түсуімен сипатталады. Грабендер жай жəне күрделі болып бөлінеді. Жай грабен екі лықсыма немесе ысырмадан, ал күрделісі көптеген жарықтардан құрылады. Қосымшаланған грабендер бұрын пайда болған, көбінесе қатпарланған, интрузия кіріккен таужыныстары қабаттарында дамиды. Мұндай грабендер бұрын пайда болған құрылымдар үстінде шөгінді түзілуі мен қатпарланудан кейін қалыптасады. Олардың орталық пен шеткі бөліктерінің қабаттарының қалындығы бірдей болып, құрамы мен фациясында өзгеріс болмайды. Шөгінді түзілуімен қатар пайда болған грабендер біршама күрделі құрылысты болып келеді. Қосымшаланған грабендер бұрын пайда болған, көбінесе қатпарланған, интрузия кіріккен таужыныстары қабаттарында дамиды. Мұндай грабендер бұрын пайда болған құрылымдар үстінде шөгінді түзілуі мен қатпарланудан кейін қалыптасады. Олардың орталық пен шеткі бөліктерінің қабаттарының қалындығы бірдей болып, құрамы мен фациясында өзгеріс болмайды. Шөгінді түзілуімен қатар пайда болған грабендер біршама күрделі құрылысты болып келеді.

49.Ысырмалар (элементтері, жіктемесі, ерекшелігі, тегі, жасын анықтау)

Ыдырау жазықтығы төмен жылжыған таужыныстары қабаттарына қарай бағытталған, ал үстіңгі қанаты жоғары жылжып пайда болған жарылысты бұзылыстарды ысырмалар дейміз. Лықсымалар мен ысырмалар элементтері мен жіктемесі бір-бірлеріне өте ұқсас, сондықтанда оларды жеке қарамаймыз. Лықсымалар мен ысырмалар пайда болуы жағдайларының өзіндік ерекшеліктері бар. Лықсымалар құрылысы сұлбасына қарасақ үзіліп ауысқан қабаттар арасында бос қуыс қалады, яғни қабаттар бір-бірінен ығысып ажырайды. Ал бос қуыстың тегін лықсымалар пайда болған жер қыртысы, көлемінде созылулар болғандығымен түсіндіріледі, яғни созатын күштер əсерінен қабат біртүтастығы бұзылады. (51-сурет). Механикалық жағынан ысырмалар жарылу беті жазықтығы болып келеді. Сығылуды тудырушы күш горизонталды бағытталған жағдайда пайда болған ысырмалар ыдыратқышы тік болады, ал горизонтқа бағытталған күштер бұрышталған болса ыдыратқыш жайдақ немесе тіктеу келеді.

50.Ажыраулар (құрылысы, тегі)

Ажыраулар - қанаттарының жылжуы ажырау жазықтығына (бетіне) перпендикуляр өтетін үзіліп жылжыған қабаттар (В. В. Белоусов). Ажыраулар кезінде қанаттар арасындағы ашылған кеңістіктер көлемі артады. Ажыраулардың амплитудасы ажырау бетіне перпендикуляр өлшенеді. Оның мөлшері əртүрлі болып келеді, кейбір жағдайда ондаған метрге жетеді, ал көбінесе, бірнеше метрден аспайды. Ажырағанда пайда болған кеңістіктер əдетте, таужыныстары мен минералдарға толады. Ажыраулар үзілу бетіне перпеңдикуляр бағытталған созылу күштері əсерінен пайда болады.

Олар төменгі қабаттардан көтерілген суықтармен толып дайкалар түзеді. Кейбір жағдайларда ажыраулар қуысы жоғарыдан төмен түскен түйіртпектермен толады. Оларды класикалық дайкалар дейді.

51.Бастырмалар (тегінің ерекшелігі, құрылысы)

Бастырма- жоғарыда қаралған үзіліп жылжыған қабаттар, бір-бірінен ығысқан кезде таужыныстарының қабаттары деформацияланбайды немесе аздап қана деформацияланады. Бірақта қатпарлар түзілуімен параллель өтетін үзілулер де болады. Үстіңгі қанаты көлбеу бұрышпен (60 кіші) жылжу жазықтығы бойымен астыңғы қанатын баса орналасатын ысырмалар сипатты қатпарлар түзуімен бірге пайда болған үзілулер бастырмалар деп аталады. Бастырмалардың иректелген бір түрі 55-суреттегі геологиялық карта мен оның қимасында көрінеді. Бастырмалар қатты (өте) қысылған көлбеу немесе төңкерілген қатпарларда дамиды. Бірыңғай таужыныстарда түзілген қатпарларда бастырулар қатпардың топсасында, ал әртүрлі жыныстардың пайда болғандарында қанаттарында байқалады. Ыдыратқыш бұрышының әртүрлілігіне байланысты бастырманың а) тік шұғыл; б) жайдақ; в) горизонтальды түрлері көрсетілген.

52.Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)

Тектоникалық жамылғылар немесе шарьяж деп аса жайпақ көлденеңдік немесе толқынды жазықтар арқылы ауысқан ірі бастырмаларды айтамыз. Жамылғылар күрделі қатпарлы облыстарда жиі байқалады. Олар Альпіде, Аппенинде, Гималайда, Карпатта, Кавказда, Алтайда, Оралдың батыс беткейінде кеңінен дамыған. Жылжып ауысқан қабаттар таужыныстар массасын, орасан зор бүтіндей қатпарлы кешендерді қамтиды (57а-сурет) Жамылғыларда __________ауысқан аспалы қанаттар жыныстары аллохтон, ал орныңда жылжымай қалған төсеніш (астыңғы) қанатын автохон деп атайды. Аллохтың қабаты жұқалау болғандықтан кейде мүлдем мұжылып, шайылып кетеді де (мысалы, өзен аңғарында), автохтон бетке көрініп шығып жатады. Ондай жерлер тектоникалық саңылау деп аталады. Жамылғының табанына көбінесе, аллохтонның қозғалысына майлаушы материал болатын жоғары иілімді түзілімдер орналасады. Аллохтон жылжитын бет сүйреу деп аталынады. Жамылғылар (шарьяж) амплитудасынын ұзындығы көбінесе, 10- 20 км, ішінара одан да жоғары болып келеді. Осындай ұзын ажырап ауысулардың себебі мен механизмі əлі толық ашылмаған,бірақ олардың басым көпшілігінің қатпарлануымен байланыстылығы сөзсіз.

Date: 2015-09-05; view: 961; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию