Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет №3





1. Қазақстанның халқы және тығыздығы, ұлттық құрамы. +++

2. Топырақ экологиясы. ++++

1.Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет. Әрбір халықтың өмір салты, әдет-ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдысы жөнінен өз ерекшелігі бар. Адамдар қатынасының маңызды құралы оның тілі. Елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Халық санын, халықтың өсуін, жастық-жыныстық құрылымын, геграфиялық орналасуын, тығыздығын, қала мен ауыл халқы арақатынасын, аймақтық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.

Халық саны. Қазақстан Республикасы халқының саны 1999 жылғы халық санағы қорытындысы бойынша – 14млн 953мың 126 адам. Халық туралы деректерді халық санағы береді. 2009 жыл 1 қаңтардың статистикалық мәліметтері бойынша Қазақстан халқының саны – 15778,2 мың адам болған. Ал екінші халық санағының алдын ала қорытындысы бойынша халық саны 16 млн 402 мың-нан астам адам болды. Халық саны бойынша еліміз ТМД-да Ресей, Украина және Өзбекстаннан кейінгі төртінші, ал дүние жүзінде елуінші орында.

Халықтың тығыздығы. Республика аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың 1км² жерге орташа тығыздығы 5,6адамнан келіп, ТМД елдерінің ішінде ең соңғы орында. Мұндай төменгі тығыздық Қазақстан аумағының өте кеңдігі және халық санының аздығымен байланысты. Жалпы халықтың орналасуына тарихи-табиғи және эканомикалық факторлар әсер етеді.

Халықтың ұлттық құрамы.Қазір бүкіл әлемдегі қазақтардың саны 13,5млн адамнан асып отыр. Әлемдегі 3мыңнан астам халықтардың ішінде демографтар атап көрсеткендей, саны жөнінен қазақ этносы 70-орында. Тілі жөнінен Алтай тілдік семьясының түркі тілдік тобына, ал діні жағынан исламның сунит бағытына жатады.

2. Топырақ экологиясы. Топырақ маңызды биосфералық және экологиялық қызмет атқарады. Адамзат өзіне қажетті қоректік заттардың 98-99%-ын осы топырақтан алады.

Республиканың 30млн га жерін өнеркәсіп, көлік байланыстары мен елді мекендер алып жатыр.Мысалы, Батыс Қазақстан аймағындағы мұнай- газ өнеркәсібінің дамуы топрақтың техногенді бүлуіне әкеліп отыр. Топырақтың бүлінуі салдарынан адамның деңсаулығы нашарлайды. Ол адамға ластанған топырақта өскен өсімдіктер арқылы, онымен қоректенген жануар арқылы тарайды. Осыған байланысты казір республикада генетикалық, онкологиялық, т.б. ауру түрлері таралып отыр. Мысалы, бүгінгі күні 2,6 млн-ға жуық адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Бұл фактілер тек қазақстандық ғалымдарды ғана емес Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымына мүше елдердің ғалымдарын да аландатуда.

Жер бетінде өндеуге жарамды жердің көлемі- 3200 млн га, оның жартысы ауыл шаруашылығына жарамды жер. Ал Қазақстанның ауыл шар.на жарамды жер -78,6 млн га. Еліміздің жер қорының көлемі үлкен болғанымен, соңғы жылдары оның сапасы күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбаудың салдарынан топырақ құнарсызданып, шөлге айналу процессі күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша республика жерінің 60%-ы шөлге айналған. Мұның барлығы топырақтың эрозияға ұшырауы,тұздану процесінің артуы химиялық және радиоактивті заттармен ластанудың нәтижесінде туындалуда.

Date: 2015-09-05; view: 16392; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию