Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Су ресурстары проблемалары





1.Табиғат жағдайы. Тіршілік үшін табиғаттың рөлі зор. Аумақ бойынша табиғат жағдайының өзгеріп отыруы да заңды құбылыс. Табиғат жағдайы дегеніміз – табиғат күштері мен объектілері, оның сапасы. Табиғат жағдайының өндірістік күштерді дамытуда, қоғамдық өмірде маңызы зор. Бірақ табиғат жағдайы шаруашылықта, адамның өндірістік және өндірістік емес іс-әрекеттерінде тікелей пайдаланылмайды.

Табиғат ресурстары – бұл шаруашылықтың дамуына қажетті табиғи қор. Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады. Пайдалы қазбалар, жер, су, ауа, жел, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі – табиғат ресурстарын құрайды.

Минералды ресурстар. Республикамыздағы минералды ресурстардың ерекшелігі – олар көбіне жер бетіне және бір-біріне жақын орналасқан. Сондықтан да минералды ресурстарды арзан ашық әдіспен өндіріп, кешенді түрде пайдаланады.Еліміз пайдалы қазбалардың аса бай қорына ие.Жер қойнауында Менделеев кестесіндегі 109 элементтің 99-ы ашылып,оның 60-қа жуығы зерттеліп,өндіріске тартылған.Еліміз дүние жүзі бойынша вольфрам қорынан бірінші,хромит,фосфор кенднрінен екінші орын алады.

Су ресурстары. Қазақстан су ресурсына онша бай емес және олар біркелкі таралмаған. Жалпы климаттық ерекшеліктерге байланысты су қоры өзгеріп отырады. Климат жағдайының құрғақтығына байланысты егістікті суландыру үшін өзен суының маңызы зор.Қазақстанда жалпы саны 85 мың өзен бар,48 мыңнан астам көл бар.Елімізде 4 мыңнан астам тоған мен су қоймалары бар.Тоған мен су қоймаларындағы суларды жер суару үшін,электр энергиясын өндіру үшін және өндірісте пайдаланады.

Биологиялық ресурстар. Қазақстан аумағы өсімдіктерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Елімізде өсімдіктердің 5700-дей түрі кездеседі, оның 14%-ы тек Қазақстанға тән. Осы өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Республика аумағы орманға өте тапшы, орман алқабы бар болғаны 13млн га. Бұл барлық аумақтың 4%-ын құрайды. Қазақстан орманының басым бөлігі – сексеуіл ағашы. Ол көбіне шөлді аймақтарда кездеседі. Қылқан жапырақты ормандар Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай тауларында кездеседі.

Жер русурсы.Қазақстанның жер ресурсы орасан зор,оның жер көлемі 270,1 млн га-ды құрайды.Мұндағы жер көлемінің 82%-ы ауыл шаруашылығына жарамды жер.Оның жайылым мен шабындыққа жарамдысы-190 млн га,ал жыртылған жер көлемі-30,2 млн га.Қазақстан дүние жүзінде жыртылған жер көлемінен алтыншы орында,ал жайылым мен шабындықтан төртінші орында.

2.Су ресурстары проблемалары.Су-тірі организмдердің маңызды материалдық негізі. Биосферадағы заттар мен энергия алмасу судың қатысуы арқылы жүреді. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Жер шары халықтарының жартысынан астамы ауыз судың жетіспеушілігінен жапа шегуде. Осыған орай Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету шараларын жүргізіп келеді. 2000 жылы Жер шары өзендерінің суын пйдалану 14%- ды құрады. Оның көп бөлігі ауыл шаруашылығына жұмсалды.

Судың ластануы бірнеше факторларға байланысты:

Біріншіден, атмосфералық жауын-шашын жердің беткі қабатына келіп түскен өнеркәсіп қалдықтарын шайып, құрлық және Дүниужүзілік мұхит суына құяды. Мысалы, Ертіс су алабы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Риддер қорғасын зауыты, Зырян өндіріс орындарының сарқынды сумен ластануда. Судың құрамында қорғасын, мырыш, сынап, т.б. шектеулі рауалы мөлшерден асып кетуі байқалады.

Екіншіден,су ресурстары ауылшаруашылық тыңайтқыштары мен пестицидтерін көп қолдануға байланысты ластанды. Мысалы, Ақдала, Шарын,Шенгелді массивтерін күріш алқаптары үшін игеруге байланысты мин. Тыңайтқыштар мен химиялық препараттарөте көп қолданылуда. Соның әсерінен Іле өзенінің сапалық құрамы төмендеуде.

Үшіншіден, адамның белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде Дүниежүзілік мұхит суының ластану процесі жылдам жүруде. Мұхит суының мұнай қалдықтарымен ластануы ғаламдық экологиялық апат болып отыр.








Date: 2015-09-05; view: 1768; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.006 sec.) - Пожаловаться на публикацию