Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атмосфера және онымен байланысты экологиялық проблемалар





1.Еңбек ресурсын еңбекке жарамды адамдар құрайды. Қазір Қазақстанда 16-дан 63 жасқа дейінгі ерлер, 16-дан 58 жасқа дейінгі әйелдер еңбек ресурсы болып табылады. Қазақстан халқының 9 млн-нан астамы, яғни 59,2%-ы еңбек ресурсы болып есептелінеді.

Металургия, құрылыс сияқты ауыр өнеркәсіп салаларында ерлер еңбегі басым қолданылса, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрмыстық қызмет көрсету және дене күші аздау жұмсалатын салаларда әйелдер еңбегінің үлесі жоғары. Еңбекке қабілетті жастағы халықтың басым бөлігі экономика саласында жұмыс істейді. Республикада ерлер жалпы халық санының 48,12 % -ын, ал әйелдер 51,88 % -ын құрайды.

Экономиканы ойдағыдай дамытуда ғылым мен техниканың жетістіктерін ересек адамдармен салыстырғанда жастар оңай меңгере алады. Сондықтан да 25-тен 49 жасқа дейінгі адамдар еңбекке неғұрлым қабілетті деп есептеледі.

Кенттену (урбандалу) – қалалар мен қала халқының өсуі, рөлі мен арасалмағының артуы және қалалық өмір салтының кеңінен таралуы. Кенттену мемлекеттің өнеркәсібі өркендеп, жұмысшылар, мамандар, білікті кадрлар қажет болған жағдайда дамиды.

Қазір Қазақстанда 86 қала, 200 шамасында қала типтес елді мекен бар. Алматы еліміздің ең ірі миллионер қаласы (халқы 2008 жылы 1348,5 мың адам құрады). Бүгінде Астана қаласының халқы 574,2 мың адам болса, енді 3,4 жылда халық саны 1 млн адамнан асатын болады. Шымкент қаласының халқы 550 мыңнан асып отыр.

Қарағанды, Рудный, Балқаш, Риддер қалаларында өнеркәсіп орындары жақсы дамығандықтан әрі ірі жол торабында орналасқандықтан халық көп қоныстанған. Павлодар, Ақсу, Теміртау, Өскемен қалалары қуатты жылу және су электр стансыларының салынуына орай өркендеген.

Атырау облысы аумағында мұнай кәсіпшілігінң өркендеуімен көптеген жұмысшы елді мекендері орын тепті.

Кейбір өнеркәсіпті ірі қалалардың маңында шоғырланған көптеген шағын және орташа қалалр жиынтығы агломерация деп аталады. Республикадағы ең ірі агломерация Қарағанды мен Теміртаудың айналасында топтасқан. Оған Саран, Абай, Шахты, Топар, Долинка, т.б. қала типтес елді мекендер жатады.

Атмосфераның ластану көрсеткіші мөлшерінің жоғарылығы жөнінен Қазақстанда 7 қала тіркелген. Соның ішінде Риддер қаласы бірінші орын алады. Одан кейін ластану дәрежесі жөнінен Өскемен, Ақтөбе, Алматы қалалары тұр. Мұндай қалалрда көмірқышқыл газын сіңіріп, оттек бөлетін, қала қозғалысының шуын бәсеңдететін жасыл желектерді көбірек отырғызып, өнеркәсіп орындарының мұржалалрына сүзгілер орнату шараларын іске асыру қажет.

Халықтың ауылда қоныстану ерекшелігі. Табиғи-тарихи және экономикалық жағдайларға байланысты халықтың ауылдық жерде орналасу тығыздығы түрліше.

Солтүстік аудандарда ауыл халқы өзендермен көлдердің жағасында, кейде суайрықтарында, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста суармалы егіншілік дамыған қаналдар мен арықтарды бойлай орналасқан.

1989 жылмен салыстырғанда ауыл халқы 431 мың адамға азайды. Ауыл халқының азаюы – халықтың қалаға, жұмыс іздеп көшіп кетуімен байланысты. Оған Алматы, Ақмола облыстары халқының азайып, Алматы, Астана қалалары тұрғындарының көбеюі нақты мысал.

Елімізде халықтың әл-ауқатын арттыру Қазақстан Республикасы саясатының басты міндеті болып табылады.

2. Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.

Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.

Жыл сайын жерге 2-5 млн тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10-16-10-5м шамасындағы бөлшектерден тұрады. Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады. Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі организмдерді күн сәулесінен қорғайды. Заттардың биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртегі оксиді мен диоксидінің және т.б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады. Атмосфералық ластануға табиғаттың алапат құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30 - 150 млн/т газ және 30 - 300 млн/т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады. Тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997 ж.) атмосфералық ауаға 20 млн тонна күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар химиялық ластағыштар - сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттері салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады.

Кейбір ғалымдардың айтуынша, қазіргі кездегідей ауа райының ыстық болуы шамамен 55 млн жылдай бұрын да болған. Солтүстік теңізде, қазіргі Норвегия аумағында геологиялық авария болып, жанартау лавалары үлкен мұнай қабаттарынын астына енген. Нәтижесінде атмосфераға 2 млн тоннаға жуық буланған мұнай өнімдері бөлінген. Сол кездегі осы жағдай неге адып келгені, қанша уақытқа созылғаны белгілі. Атмосфералық ауадағы сол шаңды күлдер 200 ООО жылға созылған еді. Қазіргі үрдіспен, алдағы 20 жыл ішінде атмосфераға тағы да осындай мөлшерде ластауыштар бөлінетін болады.

Date: 2015-09-05; view: 23794; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию