Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дженерал Моторс





1924 жылға қарай машина шаруашылықта өз орны бар затқа айналды, ал америкалық орташа отбасының ауқаты едәуір өсті. Дәл осы жылы Дженерал Моторс (General Motors - GM) фирмасы автокөлік өнеркәсібінде жаңа көгілдір мұхит жасауға тиісті болған автомобильдер қатарын ұсынды. Фордтың атқарымдық стратегиясына GM «кез келген қажеттілікке және кез келген әмиянға сай келетін автомобильді» қарсы қойды – директорлар кеңесінің төрағасы Альфред Слоан жасаған бұл стратегия Слоанның өзі «масс-класс» нарығы деп атайтын америкалық жаппай көпшілік нарығының эмоционалдық ерекшеліктеріне жүгінген болатын7.

Ford компаниясы автомобильдің атқарымдық, «жылқысыз-арбалық» тұжырымдамасын жылжытуды жалғастырып жатқан кезде, GM автомобильді қызықты, керемет, ыңғайлы әрі сәнді етті. GM фабрикалары алуан түрлі үлгідегі, түсі мен стилі жыл сайын жаңартылып тұратын машиналар шығарды. Жыл сайын өндірілетін «Жыл үлгісі» жаңа сұраныс тудырды, себебі сатып алушылар сыртқы келбеті мен ыңғайлылығы үшін көбірек төлейтін болды. Адамдар машиналарын жиірек ауыстыратын болды, сөйтіп ұсталған машиналар нарығы пайда болды.

GM-нің сәнді әрі эмоционалдық қуаты бар автомобильдеріне деген сұраныс күн санап арта берді. 1926 жылдан 1950 жылға дейін Құрама Штаттарда сатылатын автомобильдердің жалпы көлемі жылына екі миллионнан жеті миллионға дейін өсті, ал GM өзінің нарықтағы үлесін 20 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайтты, ал Ford фирмасының үлесі болса 50 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеді8.

Алайда, АҚШ-тың автокөлік өнеркәсібінің жылдам өсуі жаңа көгілдір мұхиттың пайда болуы салдарынан мәңгілік жалғаса алмады. GM-нің орасан зор табысына қызығып, оның жасаған көгілдір мұхитына Ford пен Chrysler баса-көктеп кірді, осыдан соң Үлкен Үштік кез келген өмір салтына жарамды және кез келген қажеттілікті қанағаттандыра алатын автомобильдердің түрлі стильдерін жасау арқылы, автомобильдердің жаңа үлгілерін жыл сайын шығару сияқты ортақ стратегия бойынша жүріп отырды. Үлкен Үштік мүшелері бір-біріне еліктеп және бір-бірінен көшіріп болған соң, олардың арасында біртіндеп қатал бәсеке туа бастады. Бірігу арқылы бұл фирмалар АҚШ-тың автомобиль нарығының 90-нан астам пайызына ие болған еді. Масаттану кезеңі басталды.

Date: 2015-08-15; view: 439; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию