Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Chrysler минивэні





Бірнеше жылды өткізіп жіберіп, 1984 жылға қарайық. Жан-жақтан қоршауға алынған, банкроттыққа өте жақын тұрған Chrysler компаниясы автокөлік өнеркәсібінде жаңа көгілдір мұхит жасап, минивэн шығаратыны туралы хабарлады. Минивэн автомобиль мен фургонның арасындағы шекараны қиратты, соның арқасында автомобильдің жаңа түрі пайда болды. Кәдімгі фургоннан көлемі шағын, бірақ автомобиль-әмбебап немесе стейшн-вэгомнан кеңірек келген минивэн нуклеарлы отбасы велосипедтерімен, иттерімен және басқа да қажетті заттарымен сиятындай көлік болып шықты. Ал жүргізілуі жағынан минивэн жүк көлігі немесе фурадан да жеңіл болды.

Chrysler-К негізінде жасалған минивэн кәдімгі автомобильден әлдеқайда кең бола тұра отбасылық гаражға сыйып кететін. Алайда Chrysler бұл тұжырымдаманы дайындаған алғашқы фирма емес еді.

Ford пен GM қызметкерлерінің сызбаларға арналған тақталарында минивэн сызбалары бірнеше жыл бойы ілулі тұрса да, фирмалар бұл автомобиль өздерінің әмбебап автомобильдерінің саудасын жоққа шығарады деп қауіптенетін. Олардың Chrysler-ге баға жетпес мүмкіндік сыйлағанын мойындамау қиын. Минивэнды шығарудың бірінші жылы ол Chrysler-ді сату көлемі жағынан чемпионға айналып, компанияға Үлкен Үштіктің аса ірі ойыншысы ретіндегі жайғасымын орнына келтіруге септігін тигізді. Үш жылдың ішінде Chrysler тек минивэндердің саудасынан 1,5 миллиард доллар иемденді11.

Минивэндердің табысқа жетуі 1990 жылдары басталып кеткен және Chrysler фирмасы ашқан көгілдір мұхиттың шекарасын кеңейткен SUV (sport utility vehicle) сегментіне жататын автомобильдердің, жол талғамайтын автоның серпілісіне жол ашты. Жүк автомобилінің шассесіне қондырылған, жол талғамайтын автолар автомобильден жалпы мақсатқа арналған жеңіл жүк машинасына көшу бағытына келесі қадам жасады. Бастапқыда олар нашар жолмен жүруге және қайық тіркемелерін тасымалдауға арналған болатын, алайда біраздан соң жай автомобильдерге ұқсастығы, минивэнге қарағанда адамдарға және жүкке арналған кеңістіктің ұлғайғаны және ішкі жағының ыңғайлы әрленгені үшін және осы қасиеттері төрт дөңгелектегі атқарымдығы жоғары жетекпен, жетекке алу мүмкіндігімен әрі сенімділікпен үйлесім тапқаны үшін жас отбасылар арасында кең тарап кетті. 1998 жылға қарай жаңа жеңіл жүк автомобильдерінің (минивэндердің, жол талғамайтын автолардың және пикаптардың) саудасының деңгейі 7,5 миллионға дейін өсті, сөйтіп жаңа автомобиль саудасының 8,2 миллионымен тең келуге жақындап қалды12.

Тарихтан көргеніміздей, GM мен Chrysler көгілдір мұхит жасаған сәтке дейін қалыптасқан ұйымдар болатын. Сонымен қатар, олардың мұхиттары көбінесе технологиялық инновацияларға негізделмеген еді. Олардың негізінде жатқан технология айналадағы барлық адамдарға қол жетімді болатын, тіпті Ford-тың революцияшыл конвейері өлшеніп оралған етті шығаратын салада бұрыннан бар еді13. Автокөлік өнеркәсібінің тартымдылығы көбінесе көгілдір мұхитпен байланысты стратегиялық қадамдардың арқасында үнемі өсіп отырды, кейде азайып барып қайта артты. Дәл осыны бұл саладағы компаниялардың өсу үрдісі мен пайдасының артуы туралы да айтуға болады. Пайда мен өсу негізінен осы компаниялардың жасай алған немесе жасай алмаған көгілдір мұхиттарына тікелей байланысты болатын.

Осы компаниялардың барлығы олардың үнемі жасап отырған көгілдір мұхиттарының арқасында ұзақ уақыт бойы есте қалды. Сол сияқты, Ford кей кездері айтарлықтай қиындықтарға тап болып отырды, әйткенмен негізінен жүз жыл бұрын жасалған Т Үлгісінің арқасында оның бренді осы күнге дейін өз танымалдылығын жоғалтқан жоқ.

 

Date: 2015-08-15; view: 403; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию