Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







АЛҚАНША БЕЗДІҢ ГИПЕРФУНКЦИЯСЫ МЕН ГИПОФУНКЦИЯСЫ





Қалқанша без гормондары. Қалқанша без трииодтиронин (Т3) және тетраиодтиронин (Т4) тирозин амин қышқылының туындысы болып табылады. Тироксин - қалқакша бездің негізгі гормоны. Ол 1914 жылы алынған, ал, химиялық құрылысы 1926 ж. анықталды. Тироксиннің құрамына тиронин ядросымен байланысқан төрт атом йод кіретіндіктен оны Т4 белгісімен белгілейді.

Тироксин белгілі болғаннан кейін 25 жыл өткен соң екінші гормон табылды. Оның молекуласында үш атом йод болғандықтан оған трииодтиронин деген ат берілген. Трииодтиронин тироксинге қарағанда 5 есе активті және аз мөлшерде синтезделеді.

Гормондар биосинтезі. Тиреоидты гормондардың құрамына йод кіретіндіктен организімге ол үзбей түсіп отыруы қажет. Қоректік заттың құрамындағы йод ішек арқылы қакға өткеннен кейін оның органикалық және органикалық емес қосындылары иодидқа немесе иондық формаға айналады. Иодидтер қанға түсісімен бірден гормондық заттар түзілуге жұмсалады.

Гормондар биосинтезі бірнеше кезеңдерден тұрады; 1) Қалқанша без клеткалары қандағы кездесетін йодты иодидтер түрінде ғана сіңіре алады. Осыған байланысты клетка мембранасының сыртында иодидтерді ұстап, клетка ішінде бағыттайтын "иондық насостармен" жанасқан сәтте АТФ-аза ферментінің қатысуымен қызмет атқарады. Иодиттер "иондық насостармен" жанасқан сәтте АТФ- аза ферменті АТФ-ті АДФ және бос күйіндегі фосфатқа ыдыратады. Бұдан бөлінген қуат клетка мембранасын модификациялауға жұмсалады. Нәтижесінде клетка мембранасында уақытша "саңылаулар" пайда болып, иодидтер осы саңлаулар арқылы тиреоциттік клеткалар ішінде өте бастайды.

2) Тиреоциттік клеткалардың ішінде енген иодидтер тотығу процесіне ұшыран, йод молекулаларына айналады. Енді молекула түріндегі йод тиреоцит клаткаларынан фолликула ішілік коллоидқа өтеді. Коллоид құрамына амин қышқылы - тирозин болады. Йод молекуласы тирозинмен реакцияға түсіп, моноиодтирозин түзеді.

3) Моноиодтирозиннің декарбоксилденуі нәтижесінде моноиодтеромин (МИТ) және дииодтирамин (ДИТ) түзеледі.

4) Бір молекула МИТмен ДИТ конденсацияланғанда тироксин (Т3), екі молекула ДИТ өзара конденсацияланғанда тироксин (Т4) (тетраиодтиронин) түзеледі.

Түзелген гормондар фолликула ішілік тиреоглобулинмен байланысқа түсіп, онда көпке дейін сақталады. Қажет кезінде коллоидты заттан гормондар бөлініп, қанға өтеді. (сурет 2)Секрециясы. Тиреоидты гормондардың қанға түсу жылдамдығы олардың тиреоглобулиннен ферменттер жүйесінің көмегімен ажыратылу жылдамдығына тәуелді. Бұл процесс пиноцитоздық құбылыспен тығыз байланысты. Ол үшін пиноцитозданған коллоидтық қөпіршіктер лизосом клеткаларымен оранады.

Секрециялық процестің осы кезеңінде аденогипофиздік ТТГ қатысады. Тиреотропты гормондардың тікелей әсерімен және ферменттер жүйесінің (протеаздар) қатысуымен тиреоглобулин ыдыратып, одан активті түрдегі тиреодиты гормондар (Т3 және Т4) Босатылады. Олардың липофильдік қасиеттерінің басым болуына байланысты лизосом мембранасынан цитоплазмаға тоқтаусыз өтіп, одан әрі қанға шығарылады. (сурет 3)

Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал, нысана-клеткаларда бұл комплекстер ыдырап Т3 мен Т4 босатылады. Гормонның тек аздаған мөлшері ғана бос күйінде кездеседі. Аталған гормондардың жартылай ыдырау мерзімі 3-4 тәулік.

Без функциясының реттелуі. Қалқанша бездің функциясы нервтік және гуморальдық жолдармен реттеледі. Гипоталамус және гипофиздік жүйе арқылы оған ми қыртысынан сигналдар үздіксіз келіп жатады. Бұған адамдарда кездесетін кейбір психикалық травмалар мен жануарларда байқалатын эмоциальдық қозудан кейінгі қалқанша бездің функциональдық активтілігінің артуы мысал бола алады Орталық нерв жүйесі без қызметіне мойынның симпатикалық нерв талшықтары мен кезеген, тіл-жұтқыншақ және тіл асты нервінің талшықтары мен кезеген, тіл-жұртқыншақ және тіл асты нервінің талшықтары арқылы ықпал етеді. Қалқанша без гормондарының бөліну қарқындылығының температуралық ауытқуларға, ауыр дене еңбегі мен басқа да стрессорлық әсерлерге сәйкес өзгеріп отыратындығы осы жолмен реттеліп, қамтамасыз етіліп отырады. Қалқанша бездің қызметін реттеуде торлы құрылым маңызды роль атқарады. Ол симпатикалық нерв арқылы осы бездің қызметін күшейтеді.

Қалқанша без гормондарының түзілуі мен бөлінуін реттеуде аденогипофиздің де маңызы зор. Гормондық гомеостаз ішкі секреция бездерінің арасындағы өзара корреляциялық механизм негізінде іске асады.

Қалқанша жанындағы бездер, GLANDULAPARATHYROIDEA (екі жоғарғы, екі төменгі), ұлқанша без бүйір бөліктерін ту артқы бетінде орналасқан кішкене денешіктер болып табылады. Олардың орташа шамалары; ұзыны 6 мм., ені 4 мм., қалындығы 2 мм., жай көзбен қарағанда кейде оларды жай бөліктерімен, қосымша қалқанша бездермен немесе бұғақ безінің ұсақталған бөліктерімен шатастыруға болады.

Қызметі организімде кальций мен фосфор алмасуын реттейді (паратгормон), стреспе тартылу кезінде бездер экспирпациясынан адам өліп кетуі мүмкін.

Миксидема (кілгейлі ісік) — халқы зоб ауруына көп шалдығатын елдерде, мысалы Шотландияда, Оңтүстік Америкада жиі кездеседі. Бұл ауру кезінде беттің, мойынның, қол-аяқтың терілері қалыңдайды, сары су үймелеп іседі, шашы және тістері түседі. Жыныс бездері зақымдалады, көбінесе әйелдерде менструация тоқталады, жүрек кейеді, қандағы эритроциттер саны 40-50 % ке дейін азаяды, негізгі зат алмасу да 40-50 % ке дейін азаяды, дене температурасы төмендейді, көру және есту органдары зақымдалады, ақыл - ес нашарлайды, себебі, орталық нерв системасы нашар козатын болады.

Тиреоидты гормондардың физиологиялық әсерлері. Трииодтиронин мен тироксиннің активтілік қасиеттері бірдей емес, әртүрлі. Трииодтиронин тирокинмен салыстырғанда 5-10 есе активтірек, бірақ ол-аз мөлшерде түзіледі. Тиреоидты гормондар әсерінің негізгі эффектілерін олардың организімдегі түрлі алмасу процестеріне, өсу мен дамуына ыкпал ете алатын көптеген бейімделушілік реакцияларға қатысуынан байқауға болады.

Қалқанша, без гормондары организімдегі зат алмасу процесінің қарқынын, организімнің өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі нерв қызметіне әсер етеді. Бұл гормондар клетка митохондрияларындағы тотығу процесінің қарқынын жоғарылатып, клеткадағы энергия алмасу мен белок алмасуын күшейтеді.

Тироксин қоректік заттардың - белоктардың, көмір сулардың, майдың тотығуын күшейтіп тканьдердің глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарлатады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын жылдамдатады. Тиреоидты гормондар денедегі су мен минеральдық тұздардың алмасуын реттеп ас қорыту мүшелерінің қызметіне ықпал етеді. Аталған гормондардың әсерімен бұлшық еттердегі алмасу процестері күшейіп, сүттену процесі жақсарады.

Қалқанша без гормондары тек энергия алмасуын ғана емес, құрылымдық өзгерістерді жақсартып, организімнің өсіп-өнуін шапшандатады, сондықтан олардың жетіспеушілігі өсудің баяулауына әкеп соқтырады. Тиреоидты гормондардың маңызы, әсіресе төлдерден айқын көрінеді. Бұл гормондардың жетіспеушілігі салдарынан нерв жүйесінің қалыпты қызметі бұзылып, даму және өсу процестері баяулайды. Малға қосымша тироксин енгізсе (экспериментальдық гиперфункция) негізгі зат алмасуы күшейіп, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды, жүрек жұмысы жиілеп, жиырылу күші артады, дене температурасы көтеріледі, организімдегі көмірсу қоры кеміп, мал тез шаршайды, салмағы жоғалады. Жас кезде байқалатын гипотериоздан балалардың ақыл-ойы, санасының дамуы бұзылыды. Тироидты гормондар метаморфоз процестеріне әсер етеді. Егер итбалықтарды құрамында йод жоқ суға салса, өзгеріс болмайды, яғни итбалық бақаға айналмайды, егер суға йод немесе қалқанша без гормондарын қосса , ол біртіндеп бақаға айналады, яғни ересек бақаға тән мүшелер өсіп, қалыптасады. Бұл гормонның кейбір жануарлардың түк қабаты мен түлеу процесіне әсері бар екендігі дәлелденіп отыр.

Тиреоидты гормондардың энергия алмасуына тигізетін әсері, олардың "калоригендік" ықпалынан жақсы байқалады. Гормондар жетіспесе алмасу процестерінің жылдамдығы төмендейді, ал көбейіп кетсе негізгі алмасуы жоғарылайды. Калоригендік эффект жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адам организімінің барлық клеткаларынан айқын байқалады.

Тиреоидты гормондар (тироксин) клеткадағы иондардың трансмембраналық айырмашылықтарын сақтау процестеріне қатысады, мұның биопотенциалдық генерациялану кезінде мені бар. Трииодтиронин мен тироксин катехоламиндердің сезгіштігін жоғарылатып, олардық гликогенолиздік және гипергликемиялық әсерін күшейтеді.Тиреоидты гормондар дегидратациясы бауыр мен бүйректе жүреді. Онда аталған гормондар глюкурон қышқылдарымен активсіз қосылыстар түзіп, гормондық қасиеттерін жоғалтады, одан әрі асқазан жолы арқылы сыртқа шығарылады.








Date: 2015-08-06; view: 392; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.008 sec.) - Пожаловаться на публикацию