Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Р Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау төріндегі толғаныс сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз





Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жезқазған өңірінде болғаны газет оқырмандарына жақсы мәлім. Сапар барысында Президент арнайы сұхбат берді. Бүгін жұртшылық назарына Елбасының Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғаныстарын ұсынып отырмыз. Әңгіме қазіргі экономика мәселелері, ел тарихы, тіл тағдыры, дін ахуалы төңірегінде өрбіді. Осы сапар Қазақ елінің рухани орталықтарының бірі – қа­сиетті Ұлытау жерінде өтті. Өзіміз келіп отырған Ұлы­тау – өте қасиетті жер. Ұлы­тау­ деп аталуының өзінің тарихи­ мәні бар. Қазақтың ен дала­сы­ның қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қор­ғаны бар, Орталыққа келсең – қал­мақ­тармен соғысқан Аңырақай шай­қасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осын­­­дай қасиетті жерлер көп. Деген­мен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бер­мейді.

Біз, жалпы, діннен де, тілден де айырыла жаздаған елміз. Кеңес Одағы кезінде тікелей орыстандыру саясаты жүргізілді. Қазақтың тілі бір шоғыр қазақтардың тілі болып қалды. Ол қайда шығады? Кімге керек болады? Қазақтың шекарасынан асып шықсаң, бұл тілдің керегі бар ма, жоқ па? Бір жағынан алып қарағанда оның жөні бар. Біз еліміз үшін, жұртымыз үшін тарихымызды, мәдениетімізді, санамызды, ғұрпымызды өзіміздің тіліміз арқылы ғана жеткізе аламыз. Қазақтың кейбір сөз оралымдарын, Абайдың сөз өрнегін басқа тілге, мәселен, орысшаға, ағылшыншаға аударып көрші. Ол мүмкін емес. Себебі, тілдің өз қасиеті бар. Сондықтан тіл жоғалатын болса, сол қасиет те жоғалады. Сол сияқты біз тәуелсіздік жылдарында дінімізге қайта оралып жатырмыз. Қарап отырсаң, қазақ ешқашан дінінен айырылып көрген емес. Ешқандай уақыт үзілісі болмағандай, дінімен қайта қауышты да, әрі қарай жалғастырып жүре берді. Бұрынғыдай қорықпай, жасқанбай, дінге бас иіп, Құдайға құлшылық етіп, мешіттер салып жатырмыз. Қаншама азаматтарды – білімді, дінді насихаттайтын молдаларды дайындап келеміз.
Мемлекеттік тілдің қолданылуы, оның өркендеуі үшін барлық жағдай жасалды. Конституцияға «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай етіп жазылды. Солай ғой? Ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп, кедергі жасап отырған бір адам жоқ. Өзіміз қазақша сөйлеуіміз керек. Қандай мінбеден қазақша сөйлесең де, ешкім «тәйт, былай тұр» деп айтпайды. Қанша адам отырса да, соларға арналған аудармасын беріп, қазақ тілінде сөйлеуге болады. Біз тілімізді құрметтей білуіміз керек. Ешкімге анау сөйтпеді деп уәж айтудың жөні жоқ.
Біз Тәуелсіздік жариялағанда Қазақ­стандағы қазақтың саны 40 пайыз болатын. Басқалар «Сендер азсыңдар мына мемлекетте, қайдағы тәуелсіздік сендерге?» деп айтпайтын ба еді? Дегенмен, елге соның бәрін түсіндіріп, күресе жүріп, біз тәуелсіздік жарияладық. Қазір, міне, қазақтың саны 65 пайызға жетті. Қазақстан халқының саны сол кездегіден азайып, біразы көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, еврейлер көшті, немістер көшті, анау көшті, мынау көшті… Осы тұста халық 13-14 миллионға жуық болған еді. Қазір 4 миллиондай халық қосылып, 17 миллионнан астық. Тіпті, Кеңес Одағы кезіндегіден де көбейіп барамыз. Құдайға шүкір, жыл сайын халқымыздың саны артуда. Оның ішінде қазақтың саны көбеюде.
Сондықтан мен бұл жерде де сабыр­лылық керек деп ойлаймын. Болашақ біздің қолымызда. Болашақ бізге бетін бұрып тұр. Қазақтың саны көбейіп, тіл­дің ауқымы кеңейіп келеді. Көп облыс­тарда барлық іс қағаздары қазақ тілінде жүргізіледі. Оған ешкім кедергі жасамайды. Қазағы көп аудандар қазақша жүргізеді. Оның ішінде қазір қазақша сөйлейтін басқа ұлттың азаматтары қаншама? Көріп отырсыздар, барлық жерде бар. Оларды теледидардан көріп жүрсіздер. Журналистер арасында да, қарапайым адамдар арасында да бар. Қазір өз тағдырын Қазақстанмен байланыстыратын адамның бәрі баласына қазақ тілін үйретіп жатыр. Ал енді тарихын, болашағын қазақпен бірге деп санамайтындар бәрібір кетеді. Оған біз тыйым сала алмаймыз, салып та отырған жоқпыз. Сондықтан өз халқымыздың сана-сезімін үйретіп, өз тілімізді өзіміз бағалауымыз керек. Мен қазақтың тілін ғана білемін, басқасы құрысын деп жүргендердің кім екенін алып қарайықшы. Ол – не орыс тілін жөнді білмейтін адам, не ағылшын тілін мүлде білмейтін адам. Оқуға мойынсынбайды, сөйлегісі келмейді.
Тілді байыту керек! Оған халық­аралық ұғымдарды енгізсек, тіліміз дамиды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұдан қорқып, шошудың қажеті жоқ. Тіліміз өркендеп, өсіп келе жатыр дей аламын. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Қазақстанда мемлекеттік тілдің болашағы зор. Дүниеде 6 мың тіл бар. Жыл сайын оның 10 пайызы жойылып отырады. Қажет еместері… Оны қолданатын адамдар аз, ауқымы тар. Солай болып жатыр. Ал мына ағылшын тілін дүние­жүзі халқының 70 пайызы қолданады. Неге оны қолданады? Ол – ғылым мен білімнің, ақпарат құ­ралдарының, интернеттің, медицина мен мәдениеттің тілі. Ағылшын тілін білмей-ақ өмір сүреміз деуге бо­лады. Әрине, болады! Бірақ онда ағыл­шын тілі арқылы тарап жатқан ілімді білмейсің. Оны білмесең, өркендеп өсуіңе жол ашпайсың, болашағыңа балта шабасың. Сондықтан біз мемлекетімізді алға сүйреп, экономикасын көтеріп, өркендеп-өсіп, озық отыз елдің қатарына қосыламыз деп отырғанда, халқымыз, жастарымыз ағылшын тілін білмесе, қалай болады? Мысалы, 1 жарым миллиард халқы бар Қытай елі қытай тілін құрметтеп отыр ғой. Бірақ барлық элитасы, бизнесі ағылшын тілінде де сөйлейді. Жапондардың бизнес элитасы, ғылым-білімі ағылшын тілінде. Бір миллиард халқы бар Үндістан тәуелсіздігін алған кезде ағылшын тілін доғарып тастады да, 5-6 жылдан кейін қайта оралды.
Кеден одағына кірдік. Ресей шекарасында біздің пойыз келе жатыр делік. Бұрын бір тоннаға жүз теңге төлейтін болсақ, Ресей шекарасына кіргеннен кейін үш жүз теңге төлейтінбіз. Қазір ондай жоқ. Мен жай ғана мысалмен айтып отырмын. Шындығында мыңдаған, миллиондаған теңге төлейтін едік. Сонда біздің тауардың бағасы жаңағы ақшадан бірден өсіп кететін. Ондай бағамен шетелге барған кезде бәсекеге түсе аламыз ба? Түсе алмаймыз. Біз мұнайды, темірді, көмірді тасымалдап жатқан елміз. Біздің мемлекетіміз бұдан қаншама пайда тауып жатыр. Бұл бір. Екіншіден, қоян-қолтық сауда жасайтын екі ел бір-бірінің тыныштығын қолдайды. Бір-бірінің бейбітшілігіне мүдделі болады. Бір-біріне қол сұқпайды, саясатына араласпайды. Бір-бірімен жанжалдаспайды. Ол жағы да белгілі. Сондықтан бұл жерде ешқандай қорқатын, жасқанатын нәрсе жоқ. Оның бәрін мен қадағалап отырмын.Бұл Ресейдің экономикасын төмендетеді. Зауыттары нашар жұмыс істей бастайды. Сосын біздің тауарларды алатын жағдайы болмайды. Біздің шикізатты қабылдау мүмкіндігі азаяды. Міне, осы тұрғыдан қиыншылық көруіміз мүмкін. Екіншіден, Ресейдің де қарсы санкциялары бар. Тұтынатын тағам өнімдерін алмаймыз деп жатыр. Біз осыны пайдаланып, Ресейге азық-түлік өнімдерін көбірек шығаруымыз керек. Фермерлеріміз көкөністі, ет-сүтті, басқа да тамақ түрлерін көбірек әзірлеп, көптеп сатып, пайда таба алады. Мұның да қауіпті жағдайлары бар. Бірақ пайдалы жағын қолдануға болады.
Қазақстанның болашағы жарқын деп санаймын. Себебі, біз ешбір елге тиісіп көрген халық емеспіз. Ешбір елге жау емеспіз. Төңірегіміздің ешқайсысы да бізге жау емес. Бізге сырттан келіп тиісейін деп тұрған ешкім жоқ. Дегенмен, қандай жағдайда да өз қауіпсіздігімізді ойлап, Қарулы Күштерімізді сайлап, іші-сыртымызды, етек-жеңімізді жиып, сақ отыруымыз керек. Осылай төңірегіміз бейбіт, өзіміз бейбіт, ішіміз бүтін, бірлігіміз берік болса, ұтылмаймыз. Қазақтың бірлігі – мына көпұлтты халықтың бірлігі. Біз бірте-бірте жарқын болашаққа жетеміз деп санаймын. Менің арманым, ойым – Қазақстан­ның мәңгілік болуы. Сондықтан «Мәң­гілік Ел» деген идеяны ұсындым. «Мәң­гілік Ел» болу үшін бәрін жасап жатырмыз. Әнеукүні Үкіметте біраз өзге­­рістер жасаған себебіміз мынау: Үкі­мет билігінде отырған шенеуніктер саны шағын болуы керек. Ал олардың істеген жұмысы ауқымды болуы қажет. Жаңа министрліктердің басына келген басшылардың жасы 40 пен 50-дің аралығында. Көпшілігі ағылшын тілін меңгерген, өз саласының маманы. Олар Ресеймен де, басқа шетелдермен де еркін сөйлесіп, келіссөз жүргізе алады. «Болашақ» арқылы оқыған, өз елімізде тәрбиеленген сондай жастарымыз қаулап өсіп келе жатыр. Бәрі де мемлекет жұмысымен айналысуда. Қазақстанның ең үлкен патриоты да, елді алға сүйрейтін де солар болады

98.Қазақстан – әлемдік қауымдастықта. Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралықаренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңістігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілері Жиырма жылдан астам уақыт бұрын тұтас КСРО-ның құлдырауы түрлі пікірталас тудырды. Азаматтардың барлығы өткенді қайтара алмайыз және бұрынғы КСРО-ның қазіргі тәуелсіз мемлекеттері әрі қарай өз беттеремін дамиды деуде. Дегенмен, елдер әрі қарай өздерінің саяси тәуелсіздігін сақтай отырып, өзара ынтымақтастықтың экономикалық тиімділігін алдыңғы орынға қоятын болады.

ТМД, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Еуразия одағы сияқты түрлі «ықпалдастық құрылымдар» бұрынғы кеңес тарихының толық ұмытылмағандығын білдіреді. Кеңес үкіметі кезінен сақталған кейбір экономикалық байланыстарды кейінгі жылдары әрі қарай дамыту қазіргі тәуелсіз елдердің арасында қарым-қатынастың қалыптасып қалғандығын білдіреді. Олар Орталық Азия, Закавказье және бұрынғы КСРО-ның шығыс бөлігіндегі елдер.

Қазіргі таңда Кедендік одақ «посткеңестік экономикалық бірлестік» іспетті. Тек оның құрамына Ресей, Қазақстан және Беларус Республикасы кіреді. Осындай бірлестіктердің артықшылығы мен кемшіліктерін қанша айтқанмен, тек бір анық нәрсені мойындау керек. Барлық посткеңестік бірлестіктердің (олардың саны жиырмадан асады) ішіндегі Кедендік Одақ ең тиімді әрі ұзақ уақыт бойы жұмыс атқарып келе жатқан ұйым саналады.

КО құрылғаннан бастап оның құрамына Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияны қосу мәселесі талқыланып келеді. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты Кедендік Одақ мүше елдердің санын көбейтер емес.

Ресей Кедендік Одақ елдерінің қатарына Украинаны енгізуге тырысып жүр. Бұған Қазақстан мен Беларус Республикасының саяси тұрғыдан қызығушылығы жоқ. Ал Мәскеу үшін Украинаның қатысуынсыз ешқандай посткеңестік бірлестіктер маңызды емес. Ресей басшылығы Киевтің қатысуынсыз КО, Еуразия Одағының болашағын қарастырмайды.

Сонымен, посткеңестік елдерді біріктіруге тырысудың екі аспектісі бар, олар – саяси және экономикалық. Дегенмен айта кету керек, Кедендік Одақ пен Еуразиялық Одақ тек Ресей, Қазақстан және Беларус елдерінің бірінші басшыларының саяси еріктеріне негізделген.

Еске сала кетсек, Кедендік Одақ - екі немесе бірнеше мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларус Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз-гертіледі» деп атап көрсетті.

Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қа-лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.

100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы. Қазақ халқының бүгінгі мәдениеті мен дүниетанымын тереңі-нен әрі жан-жақты түсіну үшін оның қайнарларын халқымыздың архетиптік санасындағы іздерінен іздеу яғни түріктер мен арғы-қазақ мифологиясынан бастап, ілкі түркілер мен ежелгі қазақ-тардың дәстүрлі мәдениетінен табу керек. Қазақ халқының дүние-танымы мен дәстүрлі мәдениетінің рухани тамырлары мен бастау көздері ежелгі сақ, ғұн және ортағасырлық түркі мәдениетінде екенін отандық зерттеушілер бүгінгі күні дәлелдеп, түйіндей тү-суде. Әсіресе, ортағасырда барлық түркі халықтарының бірігіп, бір суперэтносқа ұйысқан кезеңнің орны бөлек. Елбасы Н. Назар-баев ғасырлар тоғысының Түркі қағанатының 1450 жыл толуы қар-саңында жазылған «Тарих толқынында» еңбегінде былай деп жазды: «Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені ата-бабаларымыз адамзат тарихында өш-пес із қалдырып кеткен, Еуразия құрылығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен» [1, 94 б.]. Өткен тарихымызға құрметпен қарап, оны танып-білуге деген құштарлық, рухани мұраларымыздың негіздерін айқындауға деген, ұрпақтар арасындағы мәдени-тарихи сабақтастықты жаңғыртуға деген ұмтылыс еліміздің тәуелсіздік алуы барысында мүмкін болып отыр. Ол қазіргі тарихи кезеңдегі қоғамның қажеттілігінен туындап, өркениетті мемлекет құру міндетімен байланыстырылады. Отаршылдық тұсында сөнуге сәл қалған рухани мұраның ұшқынын қайта тұтату үшін Елбасының бастамасымен көтеріліп, жүзеге асқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тигізген әсері зор болды. «Қазақтың ежелгі даласындағы түркі тілді мәдениеттің терең астарлы тарихына үңілетін болсақ, онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін қосатын талай мәдени мұраның қорына тап боламыз. Тек осы рухани байлықты төкпей-шашпай, келесі ұрпаққа барлық қадірін түсірмей жеткізе білу қазіргі заманның зерделі қоғамының тарихи міндеті екенін атап өте аламыз. Мемлекетіміздің осы руханилыққа толы игілікті істі қолға алып, ғалымдардың, зерттеушілердің көмегімен үлкен бағдарламаны жүзеге асырамыз деген талабы күрделі мәселе және ол болашақты ойлаудан туындаған қадамдардың қатарына жатады», — деп жазады профессор С. Нұрмұратов [2, 5 б.]. Адамдардың әлеуметтік немесе ұлттық бірлестіктерге ұйы-суының негізін ортақ дүниетаным, ортақ сенім құрайтыны анық. Кез-келген елдің немесе халықтың оның өркениеттік дамуы сырттан енгізілген ықпалдардың әсерімен емес, ұлт болмысының терең рухани қыртыстарын қамтитын дүниетанымдық тұрғыда шешіледі. Сондықтан ұлттың өткен тарихы мен дәстүрлі рухани-дүниетанымдық тұғырларын қалпына келтіруде философия ма-ңызды орын алады. Қазақ халқы философияға бейім халық және ол өзінің рухани бастауларын түркілік дәстүрлерден алады. Академик Ә. Нысанбаевтың қонымды пікірі бойынша, ең алдымен «түркі философиясы» деген ұғымның мәнін ашып алу керек. Жекелеген ғылым салалары табиғат пен қоғамның нақты қырларын зерттеумен айналысса, ал философияның пәндік аймағы адам мен әлемнің арақатынасын қамтиды. Осыған сәйкес ғылым ұлттықтың ауқымынан тыс жатса, ал философия өзінің бастауын мифологиядан, діннен алатындықтан әлемге деген қа-тынастың этникалық сипатымен, мәдени ерекшелігімен тығыз байланыста болады. Философияны Гегель ұлттық мәдениеттің «тірі жаны, квинтэссенциясы» деп анықтағаны белгілі. Демек, әлемде қанша ұлттық жетілген мәдениеттер бар болса, сонша ұлттық философиялық жүйелердің болатындығы белгілі. «Әлем-дік философия», «үнді философиясы», «қытай философиясы», «грек философиясы», «ислам философиясы», «неміс философиясы», «орыс философиясы» деген сөз тіркестері философия тарихында орныққан болса, ал «қазақ философиясы» түгілі, «түркі философиясы» терминін айтудың өзі баршаға белгілі идеологиялық қысымның әсерінен мүмкін болмай келді. Ал қазір-гі саяси тәуелсіздік пен рухани дербестік, мәдени плюрализм мен толеранттылық жағдайында қазақ философиясына, оның алдың-ғы сатысы түркі философиясының типологиясын жасауға, оның архетиптері мен хронотоптарын анықтауға мүмкіндік туды. Профессор Тұрсын Ғабитов қазақ мәдениеті аясындағы түркілік философияның мынадай типтерін ұсынады: «1. Еуразиялық көш-пенділердің исламға дейінгі философиясы; 2. Орталық Азияның ислам ренессансы тұсындағы философиясы; 3. Қазақ хандығы дәуірінің философиясы; 4. Зар заман және, Ағартушылық дәуірін-дегі қазақ философиясы; 5. Азаттық қозғалысының қазақ философиясы; 6. Қазақтың маркстік философиясы; 6. Қазақстан Респуб-ликасының философиясы. Анахарсистен бүгінгі күнге дейін — бұл түркі философиясы болмысының уақыты» [3, 132 б.]. Бұл типологиядан біз ортағасырлық түркілік философияны бөліп алып, хронологиялық шеңбермен шектелеміз, яғни VI ға-сырда түркілердің әлемдік тарихтың сахнасына шыққан кезеңнен бастап, XVI ғасырда түркі тілдес халықтың қазақ, өзбек, ноғай, татар, башқұр, қарақалпақ және т.б. бөлінгеніне дейінгі кезең. Жалпы кез келген кестенің шартты екендігін айтып өту керек. Ортағасырлардан бұрыңғы да, одан кейінгі-де түркілік философияда ортақ құндылықтардың, рухани сабақтастықтың болғанын ешкім-де теріске шығара алмайды. Дегенмен қалыптасу мен дамудың белгілі бір сатылардан өтетіні анық. Аталған мыңжылдық уақыт аралығы Орхон-Енесей ескерткіштерінен белгілі түркілік дәстүрлі дүниетанымды, түркі халықтарының ортақ абызына айналған Қорқыт Ата дүниетанымын, «Оғызнаме» мен «Кодекс куманикус» ескерткіштерін, ислам ренессансы тұсындағы түркі философиясы мен әдебиетін, әл-Фараби философиясын, Махмұт Қашқари мен Жүсіп Баласағұн мұрасын, түркілік ислам философиясы мен теологиясын, оның ішінде Халлаж Мансұр мен Әбу Мансұр әл-Матуриди, Ахмед Йүгінеки мен Қожа Ахмед Иасауи, Сүлеймен Бақырғани мен Хұсамеддин Сығнақи шығармаларын, Насреддин Рабғұзи мен Хорезмидің, Хұсам Кәтиб пен Сәйф Сараидің, Құтып-тың еңбектеріндегі даналық тағылымдарын қамтиды.

 

 


 

Date: 2015-07-27; view: 1554; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию