Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз





«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. Ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді. Жастар қанатының құрамын 2012 жылғы есеп бойынша 200 мың адамды құрайды. «Жас Отан» Жастар қанаты «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының идеясын қолдайды. Ұйымның мәлімделген міндеті - мемлекеттің дамуды жаңашылдыққа ұмытылуды қамтамасыз ету мақсатымен елбасының саяси платформасының негізінде Қазақстан жастарын біріктіру. Мақсаты - өзінің cоңынан жастарды тартып, қабілетті, мықты және абыройлы саяси жастар ұйымын құру.Негізгі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Жас Отан» ЖҚ негізгі жұмыс бағытын айқындайтын кезек күттірмес міндеттерді жүзеге асырады:

1. Мемлекет басшысының саясатын қолдап, жастарды біріктіру. Аталған міндет жастар арасында еліміздің Президентінің беделін нығайту мен «Нұр Отан» ХДП-на жастардың сенімін көтеру бойынша кешенді шаралар әзірлеп, мемлекеттік-патриоттық негізде еліміздегі жастарды біріктіру.

2. Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – жастар үшін мемлекеттік кепіл мен құқықтарының қорғалуы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылған.

3. «Жас Отан» ЖҚ қызметінде жастардың көп бөлігін тарту арқылы «Нұр Отан» ХДП әлеуметтік базасын кеңейту. Жастар қанатында партияның мүшелерін көбейту бойынша механизмдер әзірленуде, сондай-ақ, «Жас Отан» Жастар қанатына басқа да жастар ұйымдары мен қауымдастықтар тартылуда.

4. Міндет партия мен мемлекеттік органдарға кадрлар резервін қалыптастыру. «Нұр Отан» ХДП мен биліктің мемлекеттік органдарында кадрды толықтыратын жас көшбасшыларды дайындайтын және айқындайтын жүйені құруды көздейді.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының жастар қанаты 2008 жылға дейін өзіндік заңды тұлғаны иеленбеді. 2006 жылғы 26 қарашадағы «Отан» Республикалық саяси партиясының саяси кеңесінің отырысында партия төрағасының міндетін атқарушы Б. Т. Жұмағұлов өз баяндамасында өткен 1,5 жыл ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының бірде-бір Республикалық кеңесінің отырысы өтпеді, ал оның басшысы өз араларында байланыстары жоқ, әртүрлі іс-шаралар өткізді, — деп атап өтті. Партияның саяси кеңесінің, орталық аппаратына, барлық филиалдар мен өкілдіктері алдына тез арада жастармен жұмысты күшейту мәселесі мен аталған бағыт бойынша Іс-әрекеттер бағдарламасын ұсынуды міндеттеді. 2008 жылдың 17 қаңтарында Президент Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында көктемде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс берді.2008 жылдың 14 мамырында Мемлекет басшысы, партия төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты» I Съезі өтті. «Жас Отан» ЖҚ I Съезіне дейін «Нұр Отан» ХДП бастамасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды талқылау бойынша парламенттік тыңдау өткізілді. Съезге қатысатын делегаттардың тізімі бекітілген, еліміздің барлық облыстарында жастар конференциясы өткізілді. Сондай-ақ, съезге Қазақстанның жастар ұйымдарының көшбасшылары мен партия және Саяси кеңестің бюро мүшелері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің басшылары және Парламент депутаттары мен Үкімет пен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері және БАҚ, ҮЕҰ мен шетелдерден жас қонақтар келді I съезд делегаттарымен қоғамдық бірлестіктің жарғысы мен 2008-2011 жылдарға арналған Іс қимыл стратегиясы қабылданып, ұйымның Атқарушы хатшысы болып, Нұрлан Өтешев сайланды.

93, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚР НЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Се­мей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүние жүзінің назарын еріксіз ау­дарды. Осы бір батыл қадамның өзі мемлекетіміздің қауіпсіздігіне кепіл болып, әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құруда үлкен серпін берді. Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған – Елбасы аз жылдың аясында туған елін әлемдік қауымдастыққа танытты. Елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. ҚР Президентінің қызметіне кірісуге арналған салтанат сол жылдың, яғни 1991 жылдың 10 желтоқсанында болған еді.

КСРО ыдырап, республикалар тәуелсіздік алған кезде қазақтар да өз жерінде азшылыққа (40 пайыз шамасында) ұшыраған болатын. Тіл мәселесі қашанда күрделі және нәзік болып келеді, солай болып қала береді де. Осыны бәрінен бұрын дұрыс аңғарған және мүмкін болар салдарды болжай алған Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев орыс тілінің ресми тіл ретінде бекітілуін батыл жақтады.

Қазақ елін құру, қалыптастыру жылдарын­да Елбасымыз Н.Назарбаевтың мынадай үш ұлы еңбегі бар: біріншісі – астанамыз­ды Алматыдан Ақмолаға көшіріп әкеліп, орнықтыруы. Екіншісі – көршілерімізбен шекарамызды бейбіт жағдайда, дипломатиялық жолмен шегендеп алуы. Үшіншісі – алыс-жақын шетелдердегі қандастарымызды Отанға орал­туы

Бүгінде Қазақ елі – ата-баба­лары ғасырлар бойы аңсаған азат күнге жетіп, тәуелсіздік туын тіккен күннен бастап, тағдыр талайымен төрткүл дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған қандастарын қомақты қаражат бөліп, еліне шақырып отырған санаулы ғана мемлекеттердің бірі. Соның арқасында өткен 20 жыл ішінде 300 мыңға жуық отбасы Атажұртқа оралып, бұрыннан керегесі кең, бүгінде өзгелермен терезесі тең тәуелсіз еліміздің халқы 1 милли­оннан астам қандастарымызбен толықты.

Ағылшын публицисі, саяси еңбектерімен белгілі Дж.Айткен «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасып дамуы» деген еңбегінде Қазақстанды әлемдік қоғамдастықпен таныстырудың, оның жетістіктерін жеткізудің кілті Назарбаев тұлғасында екендігін мойындайды және аталған кітабын осы бағытта жазады.

«Қазақстандық жол» тура­лы Елбасы Н.Назарбаев осы аттас кітабында: «Бүгіндері Қазақстандағы реформалар тәжірибесінің нәтижелі екендігін халықаралық сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлемдегі басты мемлекет лидерлерінің өздері де мойындап отыр. Қазақстанның көшбасшылығы сәтті таңдап алынған өтпелі дәуірдің саяси-экономикалық үлгісіне негізделген. Ол – күшті президенттік билік және оған қоса жедел де қарқынды экономикалық реформалар.»

Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақ елінің тарихы жасалды. Бірақ та оны қазақ елінің көшбасшысы бола алған Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық қызметінсіз көзге елес-тету мүмкін де емес.Өйткені, тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздіктің сан қырлы соқпақты жылдарындағы оның тізгінін ұстаған Мемлекет басшысы, оның тұңғыш Президенті – Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарған қызметінсіз тәуелсіз ел тарихының парақтарын жазып шығу мүмкін де емес болатын. Өйткені, бұл тарихта тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, керегесін керіп, шаңырағын көтерген, бар-жоғын түгендеп, іргесін кеңейткен, оны әлем елдері мойындаған мемле­кетке айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен Қазақстан Республикасының Президенті, оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері, ұстанған саясаты, саяси қызметі, өзіндік дара жолы жатыр.

94. «Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазақстан – 2030» стратегиясының негізгі қорытындылары шығарылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағыттары белгіленген болатын. Е ліміздің ендігі міндеті – қол жеткенді сақтай отырып, ХХІ ғасырда ұлттық экономикамыздың өсуін, орнықты дамуын жалғастыру. Елбасы Жолдауда жаңа ғасырдың жаһандық 10 сын-қатеріне айрықша тоқталды. Олар Қазақстан үшін де, әрбір өңір үшін де жаңа табыстарға жету жолында мұқият ескерілуі керек. Биылғы Жолдау мемлекет дамуының 2050 ж дейінгі даму стратегиясын белгілеуімен ерекшеленеді .«Біздің басты мақсатымыз – 2050 ж қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде беделді қоғам құру.Қазақстан 2050 ж қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы тиіс» деп меже қойды Елбасы. Осы тұрғыда аудан бойынша нақты істерге тоқталар болсақ, өңірдің өсіп, дамуы үшін елді мекендерді газдендіру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша инвестициялық жобалар жоспарлы іске асырылуда. Осы орайда алға қойылып отырған міндет – бюджет қаражатын өз мүмкіндігіміз шегінде ғана шығындау және тапшылықты барынша қысқарту, бюджет қаражатының ысырап болмауын басты назарда ұстау. Жергілікті бюджеттің кіріс болжамын орындау, қосымша салық базасын кеңейту жөнінде биылғы жылғы жұмыстарға талдау жасап, нақты ойластырылған шараларды белгілеу, ауыл шаруашылық саласында мал тұқымын асылдандыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру – маңызды іс. Шағын мал бордақылау алаңдары жобасын іске асыруға ниет білдірушілер, асыл тұқымды бұқалар сатып алушылар бар. Сонымен бірге ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу жұмыстары кенже қалып отыр. Күні бүгін көкөніс түрлері толықтай басқа жерлерден тасымалданып әкелінеді. Бұның өзі оның бағасының жоғары болуына әсерін тигізуде. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша алға қарай кәсіпорындар ашудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлау еңбек нарығына бейімделген жүйе бойынша жүргізілуі керек. Елдің барлық аумағында сапалы да қолжетімді медициналық қызмет көрсету, білім беру саласына басымдылық бере отырып, жетілдіру міндеттері қойылды. Дәрігер кадрларды дайындау, басқа жерлерден кадр тарту, оларды тұрақтандыру үшін әлеуметтік пакеттерді іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізу міндеті тұр.

95.«Қазақстан-2050» стратегиясы. ХХІ ғасырдың жаһандық мәселелері.
Елдестіретін елшілер алдындағы келелі сөзді Мемлекет басшысы былтырғы жылдың маңызды жетіс­тіктерінен бастаған болатын. Шындығында, былтырғы жыл Тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты сыртқы саясат тарихындағы аса жемісті қадамдарымен ерекшеленді. Былтыр еліміздің өңірдегі һәм әлемдегі ұстанымы беки түсті. Жаһандық бәсекеге қабілетті елдер арасында 51-орынға көтерілдік. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан шетелдік инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ең үздік елдердің қатарына кірді. Өткен жылдың өзінде-ақ елімізге $20 млрд астам тікелей шетелдік инвестиция тартылып, БҰҰ кон­ференциясының индексі бойынша сауданы дамы­туда Қазақстан 23-орынға шықса, бизнесті жүргізу рей­тингінде 29-орындамыз. Аса қысқа мерзімде мұн­шалықты көрсеткішке жету – Қазақстаннан басқа ел­де болмаған жайт. Дәлелі айқын – әлемнің ең қар­қынды экономикасы бойынша алғашқы үштікте Қытай мен Катар және Қазақстан тұр. «Еліміздің халықаралық ұйымдардағы позициясы да айтарлықтай артты. 2012 жылы Қазақстан БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігіне сайланды. Бұл – еліміздегі адам құқы мен бостандығын сақтаудағы ілгерілеушіліктің де айқын дәлелі. Бұдан бөлек, Қазақстан ядролық қауіпсіздікке арналған Сеул саммитінде таратпау жөніндегі жаһандық қозғалы­сының лидері ретінде мойындалды. АҚШ пен Ресей секілді екі ядролық держава басшыларымен бірге ҚР Президентінің үшжақты келіссөзге қатысуы­ның өзі еліміздің антиядролық қозғалыстағы осынау орнын нақты көрсетсе керек. Бұл ретте Президент Н.Әбішұлы ядролық энергетиканы бақылауда ұс­тауға қатысты қазақстандық бастаманың одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Жылды қорытындылай келе, Елбасы аса маңызды жетістік саналатын ЭКСПО-2017 мәселесіне де миссия басшыларының назарын аударды. Президент ҚР халқы атынан Астанаға қолдау білдірген ел басшыларына алғыс жолдап, шетелдердің іскерлік топтарын осынау ауқымды шараға ынтымақ­тасуға шақырды Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның сыртқы саясаты өңірлік, жаһандық қауіпсіздікті жан-жақты нығай­туға бағытталған болып қала беретінін жеткізді. Бұл ретте Қазақстан өзінің көр­шілерімен – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия және ТМД елдерімен әріптестікті одан әрі дамытуды ұстанады. «Орталық Азиядағы көршіле­ріміз әрқашан біздің сыртқы интегра­циялық және экономикалық саясатымыздың тірегі болып қала береді. Біз АҚШ пен ЕО, Азия мемлекеттерімен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыта түсеміз. Африка және Латын Америка­сының басты мемле­кеттерімен кең ауқымды өзара тиімді қарым-қатынастар орнатудың жақсы перспективалары ашыла түседі», – деді Елбасы. Бұдан бөлек, Президент Қазақстан үшін түркі тілдес мемлекет­термен, ислам мемлекеттерімен ынтымақ­тастықты дамыту маңызды бағыт екендігін айтты. Осы бағытта түркі тілдес мемлекет­термен қа­рым-қатынас қазірдің өзінде қалыптасқан халықаралық бірлестік­тер аясында жалғасатын болады. Бұлар Түркі мем­лекеттерінің ынтымақтастық кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Астанада құрылған Түркі академиясы болып табыла­ды. «Біз Алматы қаласында көптарапты дип­ломатияның Өңірлік орталығын қалып­тастыруға кірістік. Онда ұйымдар мен бағдарламалардың, қорлар мен БҰҰ ма­мандандырылған мекемелерінің өңірлік және субөңірлік мәртебесіндегі 16 өкілдігі қызмет етеді. Қазіргі таңда Халық­аралық даму агенттігін құру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл агенттік біздің көршілеріміз бен басқа да мемлекет­терге техникалық көмектер көрсетпек. Сондықтан да біз осындай орталықты Астанада немесе Алматы қаласында ұйымдастыруға әзірміз», – деді Н. Назар­баев. Түйіндей айтсақ, Қазақстан Еуразия жүрегінің тыныштықта, қалыпты соғуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады.

96.«Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауының баға жетпес құндылығы - қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты - «Қазақстан - 2050» стратегиясын алдын-ала сарабдал сүзгіден өткізе, толымды талдаудың айқын үлгісі ретінде ұсынуы. Демек, «Қазақстан - 2050» стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт өлшемі. «Қазақстан - 2050» бағдарламасының түпкі межесі - еліміздің XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан ойып орын алуы. Әрине, бұл межеге жету жолында алға қойылған мақсат, міндеттер парадигмасына жаңа сапалық тұрғыдан қарау қажеттілігі туындайды. Бұл туралы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев мәлім етті.Оның айтуынша, Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. Бұл орайда рухани негізіміз - қазақ тілі турасында айта келіп, Елбасы: «Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», - деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді шараларды тереңдете түсуді баса айтады. Елбасы 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміздің қажеттілігін нұсқай келе, бұл ұлт болып шешуге тиіс көкейкесті мәселе екендігін және балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиістілігімізді орынды атайды. Елбасы өз Жолдауында Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген әрбір ел патриотының еңсесін көтерер, көңілін марқайтар қағидалы тұжырым-түйіндерін сенімді де нық айты Елбасы Жолдауындағы қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру турасындағы айтылған ой-тұжырымдар да әбден қолдауға лайық. Ал Елбасының ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек, қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады деуін бір кісідей қолдауға тиіспіз. Тап осы бағыттағы тіл саясатына қатысты жоспарлы іс-шаралар М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да жүйелі жүзеге асырылуда. Биылғы 2012-2013 оқу жылынан бастап университетімізде халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы ашылып, кешенді кең көлемді іс-шаралар ғылыми-әдістемелік тұрғыда қолға алынуда. «Қазақстан - 2050» Стратегиясындағы тіл саясатына қатысты тұжырымды-түйінді қағидаларды елеп-екшей келе, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы көптілді білім берудің нормативті-құқықтық базасын дайындау, көптілді білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуде арнайы мамандықтарға орай ағылшын тіліндегі оқулық, оқу құралдарын, үш тілді терминологиялық сөздіктерді әзірлеу, көптілді топтарда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге қатысты оқу-әдістемелік кешендерді даярлау бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Сондай-ақ орталықтың кәсіби филолог-тілші мамандардан құрылған ғылыми-әдістемелік кеңесі жоғары оқу орны оқытушылары мен студенттері үшін ағылшын тілі курстарын жүргізу, көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орнында көптілді топтар ашу, осы салаға қатысты мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуге бағыт беру, көптілді білім беруді енгізу мониторингісін саралай жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруда. Көптілді білім беруді теориялық-әдіснамалық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында көптілді білім беру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындап, көптілділіктің өзекті проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізуді жоспарлауда. Нәтижеде көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім мекемелерімен, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуға, университет студенттерімен, орта мектеп оқушыларымен көптілді оқу-тәрбиелік шаралар ұйымдастыруға басымдық берілуде. Университет тарихында тұңғыш рет ашылған халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының «Полиглот» атты басылымы университет ректоры, академик Асхат Иманғалиевтің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өрілген алғысөзімен алғаш рет жарық көрді. Енді бұл басылым ай сайын жарық көріп, студенттерге көптілді білім алудың құндылықтарын насихаттай бермек. Демек, көптілді білім беруді дамыту - көп қырлы мәселе. Бұл саланы қилы қырынан қарастыру - университет профессор-оқытушылар құрамының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Басты мақсат - көптілді және көп мәдениетті маман қалыптастыру.

Date: 2015-07-27; view: 2340; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию