Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық территориялық межелеу . 2 page





76.Қазақстандықтардың ҰОС майдандарындағы ерліктері. КСРО-ның жау қолында қалған ауд-да соғыстың алғашқы күнінен бастап партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қаз-дықтар да қатысты. Ленинград обл-да 220,Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина,Белоруссияда 3000 қаз-дық болды. 300 қаз-дық қарсыласу қозғалысына қатысты. Респ-ға И.С.Арискиннің, А.Жұмағалиевтің, К.Ғ.Омаровтың, З.У.Хұсановтың есімдері кеңінен мәлім болды. Олар жолдарды бүлдірді, басқыншы-лардың гарнизондарына жазалау операцияларын жүргізген кезде күтпеген жерден шабуылдап, батыл қимылдар жасады. Қаз-дық саяси қызметкерлер Г. Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедьяров, Қ.Қайсенов, Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды.ҰОС-дағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры тағы берілді, олардың 497-і қаз-дық, соның 97-і қазақ. Қаз-дықтардан 1-ші болып 1941 ж. 22-шілдеде Кеңес Одағы батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын 3 рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Ерекше ерлік көрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктер Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жау ұшағын құлатқан) Кеңес Одағының батыры атағын 2 рет алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Мәметованың, мерген Ә.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К. Миллердің, минеметші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің командирі Б.П.Ущевтің, атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдері бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің 3 дәрежесіне ие болды.1941 ж. маусымдағы шайқасқа Литваның Шауляй қ. оңт таман 219-атқыштар полкі қатысты, бұл полк 1919 ж. қазанда Қостанайда Қызыл Әскер қатарына өз еркімен келген шаруалардан жасақталған болатын. 312-Ақтөбелік дивизия Малоярославь түбінде жаудың 3-4 дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Жаңа 53-дивизия құрылып, өз жеңісін Вена түбінде аяқтады. 102-Шымкенттік дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. Панфиловшы 1075-атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгер жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. П.Б.Вихревке Батыр атағы берілді. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ленинград шайқасында ерекше ерлік көрсеткен қазақстандықтар: Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Партия ұйымдастырушысы С.Баймағамбетов А.Матросовтың ерлігін қайталап (жау дзодын кеудесімен жауып), Батыр атанды. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына 1-ші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. Артилериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С.Жылқышев батылдығымен ерекше көзге түсті. Ал 1942 ж Арыстан Ахметов 19 жауынгермен әскери маңызы бар төбені қорғауда ерлік көрсетті. Жаралы болып, ессіз қалған Арыстанды жау әскері қолға түсіріп азапқа салды. Әскери мәлімет ала алмаған жау оның үстіне жанармай құйып өртеді.1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды.1942 ж. 17-шілдесінен Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 ж-дың күзінде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қаз. даласына жетті. 1943 ж. желтоқсанда белгіленген шекара б/ша Қаз. Сталинград обл-мен Каспий т-нен Александров-Гайға дейінгі 500 км бойында шектесті. Орал қ-да ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Осы Сталинград шайқасында 1942 ж. 19-желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров Боковская-Пономаревка ауд-ғы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза табады. Жамбыл ұлы Алғадай 19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетын басқарып жүріп, Синельниково қ-да ерлікпен қаза тапты. Полковник Ғ.Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді. Минометші Қ.Сыпатаев пен капитан А.Бельгин қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түсіп өшпес ерлік жасап, қаза тапқаннан кейін оларға Батыр атағы берілді. Ж.Сұраншиев «Ұшқыш партизан отрядының» құрамында жүріп, Лида қ-ғы астыртын жұмысқа қатысты. Рейхстаг терезелеріне алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен офицер Р.Қошқарбаев пен оның досы Г.Булатов болды. Қаз-ның мыңдаған өкілдері Украинаны, Беларусьты, Балтық респ-ын, Молдованы азат етуге қатысты. Міне осындай көптеген қаз-дық азаматтар ерлік жасап, әр түрлі ордендер-медальдармен марапатталды. 142 қаз-дық Солдат ерлігі орденінің толық иегері атанды. Жалпы Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қаз-дықтар саны – 96638. Ал ҰОС-да қаза тапқан қаз-дықтар – 603 мың адам.

77.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардығ еңбектегі ерлігі. 1941-1945 жж респ бұрынғы КСРО-дағы қорғасын, мыс қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды. Республика мыс(35 %), қорғасын(85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды. Соғыс кезіндегі он оқтың 9-ы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды. Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. Осы жылдары 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі ашылды. Атырауда мұнай айыратын зауыт салынды. Ал республика жеңіл өнеркәсіп өнімдері бойынша одақта РКФСР-ден кейін 2-орынға шықты. Қызыл Армия жауынгерлерін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуде респ-ның жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қыруар жұмыстар атқарды. Ер-азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдыкорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. Жұмыс істеп тұрған электрстанциялар жүйесі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы энергетиканың жаңа ірі және орташа нысандарымен толықты. Темір жол құрылысы жалғасты. Елдің корғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға женіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары бейімделді. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, тоқыма, тері, аяқ киім салалары жылдам дамыды. 1941ж Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды. Бүтіндей алғанда республика өнеркәсібі өндірісі соғыс жылдары 37%-ға өсті, бұл соғыстың алдыңғы 4 жылдағы өсімінен 2% жоғары.. Бұл нәтижелерге үлкен қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35%-ға дейін өсті. Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе обл. «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда обл. «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы 3 интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.Мал өсірушілер де күш-жігерін аяған жоқ. Жезқазған ауд Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау обл. «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова 1000-нан астам жылқыны шығынсыз бағып келді.

78.Қазқстанның-соғыстан кейінгі 1946-1964 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі Соғыстан кейін Әкіммшіл-әміршіл басқарудың әдістеріне қоғам санасына дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті: •Адам бостандығын аяққа таптау.•Еңбекшілерді еңбек құрралдарынан ажырату.•Еңбекшілерді саясаттан және биліктен ажырату.•Жеке басқа табыну үстемдігі.Мына жүйені таратып айтсақ халық санасын байлау еді.Комунитсік партияның жетекшілік рөлі артып, қоғамның түрлі салаларына араласты. 40-50 жылдары Сталинизм идеологиясы күшейді. Комунизм түсінігі Еуропа ғалымдары түсіндіруі боцынша Комунизм утопистік идея еді.Комунизмге өтудің нағыз ғылыми ойы болмады.Керісінше көз байлаушылыққа айналды.Себептері:•Ғылымға жат, тұрпайы пікірлермен алмастырылды.•Ел өндірісі статистика тек сандық көрсеткіштерге ұмтылды.50 жылдарда нақты комунизм өмірі көрінбегендіктен Сталин екінші ойды тұжырымдады: «Социялизм дамыған сайын – тап күресі күшейе түседі»«Халық жауларына», «социялизм жауларына» қарсы әрекеттер үздіксіз жүргізіліп отырды. Соғыста тұтқынға түскендер қашқын болып есептеліп, өндірстегі апаттар кәсіби төмен мамандарды «халық жауларының» әрекеттері саналып, жазықсыз құрбандарға айналып отырды. Әсіресе осы жағыдай Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырданды ұзақ күн» шығармасында орын алды.50 жылдары «жылымық жылдарында» бірнеше ағымды әрекеттер болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И Брежнев отырды. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдіктер жасады.Ғалымдардың тың жерлерде осынша кең көлемде көп игеруі табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген болжамдары шындыққа айналды. Тың игерілген аймақтарда қазақ мектептері жабылып, қазақ халқының өз тілін ұмытуына әкеп соқтырды. Мал шығыны көбейді. Осыған байланысты 1955 жылы қаңтарда КОКП ОК Пленумы мал шаруашылығының ауыр жағдайын талдады. Сол бойынша малды бағып күтудің жаңа шаралары енгізілді. Нәтижесінде мал шаруаылығы деңгейі көтерілді Мал тұқымы асылдандырылды Экологиялық-географиялық болжам жасауы қазіргі деңгейі бойынша табиғи ортаға ауқымды антропогендік аймақтық және глобалды тұрғыда әсер етудің нәтижесін алдын-ала болжау қиын,алайда кудік туғызбайтын бір нәрсе мұндай әсер жер биосферасы жекелеген компоненттерінің деградациясын туғызады.Тарихи қалыптасқан тұрақты алмасу мен жалпы сапалық қайта тулеудің тепе-келер теңдігін бұзады.Ал экономикалық пайдалылығына келер болсақ,статистика ондай есеп жургізбегендіктен мәселенің ол жағын айқын елестету қиын.Аңызға айналған Қазақстан милиард пұт астығының экономикалық көрсеткішінің шынайы құны қандай екенін ешкім біле алмайтын шығар.

79. Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық, экономикалық, әлеуметтік- демографиялық салдары. Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шар.ғы үшін аса ауыр кезең болды.1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Оның нәтижелері: 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы, мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га. жер қайтарылуы. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76%, 1950ж -95% ға өсті. 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды. Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп, ірі ұжымдық шаруашылықтар құрылды. 1945жылы – 6737колхоз,1952жылы -2047колхоз. Мал саны өсіп, суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан,Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей, жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумында Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И Брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады.Тың жерлер игерілетін аймақтар:Қостанай,Ақмола,Солт.Қаз, Көкшетау,Торғай,Павлодар. Бұл жылдары Қазақстанда 25млн га жер жыртылды.1960ж аяғына қарай астық өндіру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда 3,8 есеге артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруден Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.Жағымды құбылыстар:Қазақстан КСРОның негізгі астықты аймағына айналды, экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті,Қазақстан көп ұлтты респ.болды,еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті,жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді. Жағымсыз құбылыстар: экологиялық жағдай ауырлады, мал шаруашылығы төмендеді, тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді,жер-су аттары орысша аталды,республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді,тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады,тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игері басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.1954-1962 ж 2 млн адам келді.Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды.Қоғамдық өмірді демократияландыру үрдісі басталды.Шетке кеткен отандастарымыз елге қайта оралуға мүмкіндік алды. Мысалы КСРОға келген 350мың адамның 200мыңы Қазақстанға оралды.Мал шаруы ашылығының артта қалу себептері:күштерді ұжымдастырудың зардаптары,материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі,жайылымдық жерлердің қысқаруы.Басты себеп:әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің ауыл шаруашылығын жүргізудегі сауатсыз әрекеттері.

80.1965-1985 жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайы. 1964 ж қазанда жузеге асырылған партиялық аппарат төңкерісі «Хрущевтік субъективті-волюнтаристік саясатын» мансұқ етіп,Л.И.Брежнев бастаған партиялық-мемлекттік иерархиялық сатылы лауазымының жаңа басшылары созылмалы кеселге ұшыраған әлеуметтік экономиканы сауықтыруға кірісті.КОКП ОК-тің наурыз және қыркуйек айларында өткен пленумдарында,партиялық құжаттарда көрсетілгендей «шаруашылық тетікті жетілдіру б\ша тарихи дерективалар» қабылданды.Осы дерективаларда «маркстік-лениндік экономика ғылымының» теориялық тұжырымдамалары көрініс тапты. Қаз\да индустрияландыру үрдістері 1965-1985 жж біршама екпінді журді.Еліміз КСРО дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды.Жалпы ішкі өнім көлемі б\ша республикамыз КСРО да үшінші орын алды.Cол аралықта импортта қарқындап өсті.Алайда бұл процестің кереғар жағы да болды.Мәселен орасан зор мөлшерде болат шығарған өнеркәсіптің өзі жоғары сапалы болатты қажетсінді.Демек егер өнімнің жалпы сұранысы сандық қатынастағы сұранысты қанағаттандырса,ал сапа жағынан өте артта қалды.Жоспардың баға көрсеткіштері де бұрмаландыАуыл шаруашылығына қаржы құюдың орасанүлкен көлемдері баламалы қайтарым бермеді.Жұмыс істеп тұрған ұйымдық шаруашылық құрылымдардың тетігі мультмилиондаған қаржы бөлуге қарамастан ұдайы тығырыққа тіреліп,жұмсалатын аса қомақты шығындарды қажетті нәтижеге бұруға дәрменсіздігін танытты.Осыдан келіп лажсыз жағдай туындады:құрылымдардың шұғыл алға ұмтылуы үшін кең ауқымды жеделдету процесін іске асыру қажет болды,ол ушін өз кезеңінде,басқалармен қатар орасан көп қаражаттар талап етілді,бірақ олар сол құрылымдарға тускен бойда,құрылымдардың өздері арқылы құрсауланып отырды.Сонымен,жылдан-жылға кеңейіп,қоғамның ғаламат қорын жұтып отырған,ауқымды да алуан түрлі шаралар кешені,арагідік экономикалық құрылымды «сілкіп қойғанымен»,оған алға жылжи түсудің жолын көрсете алмады.

Экономикалық саясаттың басты міндеті халықтың әл-ауқатын көтеру деп есептелді.Кеңес адамдарының тұрмыс деңгейі жақсара бастады.Жан басына шаққандағы нақты табыс-2,6 есеге өсті, төменгі жалақы-70. Ұжымшар мүшелерінің кепілді еңбек ақысы 210 сом.Кеңшар жұмысшыларының жалақысы 247 сом болды.

1965ж КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы «Өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту» және «Мемлекеттік басқарудың органдарын өзгеше құру туралы» заң қабылдады.Кейбір кәсіпорындар біріктірілді. Өнеркәсіптік,құрылыс материалдары,орман,целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу,азық-түлік т.б. 1965 ж экономиканы басқаруда одақтық республикалық министрліктер құрылды. Бұл шаралар экономикадағы жағдайды кқтеруге алғышарттар туғызды. 1981-1985 ж әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді. 1970-1985 ж 887,7 мың пәтер тұрғызылып 3 млн астам адам қоныстандырылды. 1980 ж ортасында медициналық қызмет көрсету,білім беру, әлеуметтік салада артта қалушылық байқалды.Полигон маңайында, Арал мен Балқаш өңірінде,алыс аудандарда тұратын адамдар өмірі өте ауыр болды. Бұл аймақтарда бір жасқа дейінгі сәбилердің шетінеуі жиі болды.

81.1986 жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.”, “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” газеті жарық көрді, “Аллажар”, “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Қ.Рысқұлбековке «жасақшы С.Савицкийді өлтірді деп» деген айып тағылды.Оған 1996 ж "Халық қаһарманы "деген атақ берілді.Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.1991ж желтоқсанда «1986ж 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Н.Назарбаевтың жарлығы шықты.

Date: 2015-07-27; view: 1023; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию