Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АЛҒЫ СӨЗ





А. НАУРЫЗБАЕВ

 

АТОМ ЖƏНЕ АТОМ ЯДРОСЫНЫҢ ФИЗИКАСЫ

 

 

ОҚУЛЫҚ

 

Алматы, 2012

 

~ 1 ~


ƏӨЖ 539.1 (075.8) ББК 22.38 я 73 Н 28

 

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен

 

Пікір жазғандар:

 

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н. Т. Данаев; физика-математика ғылымдарының докторы, профессор З. Жаңабаев; физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор С. Тамаев.

 

Наурызбаев А.

 

Н 28 Атом жəне атом ядросының физикасы:Оқулық/А.Наурызбаев–Алматы: 2012 ж. – 336 бет.

 

ISBN 978-601-225-467-9

 

Ұсынылып отырған оқулық сегіз тараудан тұрады. Сонымен қатар алғы сөз бен кіріспені қамтиды. Оқулық 336 беттен, 55 су-реттен жəне 4 кестеден тұрады.

Бірінші тарауда «Атом туралы кванттық түсініктер», екінші тарауда «Корпускулалық – толқындық дуализм», үшінші тарауда «Кванттық механиканың негізгі ұғымдары», төртінші тарауда «Қатты дененің кванттық физикасы», бесінші тарауда «Атом ядросының физикасы», алтыншы тарауда «Ядролық реакциялардың физикасы», жетінші тарауда «Ядролық физиканың экспериментал-дық əдістері», сегізінші тарауда «Қарапайым бөлшектер физикасы» қарастырылып, олардың заңдылықтары мен əдістемелік ерекше-ліктері жəне қолдану аясы қарастырылған.

Кредиттік жүйе бойынша жазылған бұл оқулықты «Физика-5В011000» жəне басқа да мамандықтарда оқитын білімгерлердің қолдануға толық болады.

 

ƏОЖ 539.1 (075.8) ББК 22.38 я 73

 

ISBN 978-601-225-467-9 © Наурызбаев А., 2012

© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012

 

© «Экономика» баспасы» ЖШС, 2012

 

~ 2 ~


АЛҒЫ СӨЗ

 

Оқулық көп жылдар бойы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымен М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқитын білімгерлерге оқылған лекциялардың жəне практикалық сабақтарда шығарылған есептердің негізінде жазылды. Физика, математика, биология жəне информатика мамандықтары бойынша физикалық танымдылық көзқарасты қалыптастыруға теория мен практикалық жəне тəжірибелік нəтижелерді өңдеу, қолданбалы есептерді техникаға, физикалық эксперименттерге пайдалана білуге көмектеседі. Арнайы жазылған ана тіліндегі оқулықтардың аз болуы, ауылдық жерден келген білімгерлерге көп қиындықтар туғызып отырғандықтан, осы оқулықты орыс тілінде жазылған оқулықтармен салыстыра отырып, терең түсінуге мүмкіншілік бар.

 

Оқулықта атом туралы кванттық түсініктер, корпускулалық-толқындық дуализм, кванттық механиканың негізгі ұғымдары, қатты дененің кванттық физикасы, атом ядросының физикасы, ядролық физиканың эксперименталдық əдістері, ядролық реакциялардың физикасы, қарапайым бөлшектер физикасы мүмкіндігінше жеңіл, түсінікті, қарапайым түрде баяндалған. Білімгер атом ж əне ядролық физика заңдылықтарына көңіл аударып, əлемнің физикалық сипатын түсініп, білім алуларына бағыт береді (мүмкіндік береді).

Оқулық кредиттік жүйе бойынша жазылды. Пəнге бөлінген кредит санының аз болуынан түсінікті себептерге байланысты, біраз материалдар білімгерлердің өзіндік жұмыстарының құрамына қалып, оқулыққа енбей отыр. Бағдарламада көрсетілген кейбір екі, үш тақырып бір тақырып ішіне енгізілді.

Оқулықта əрбір тарауға көлеміне байланысты, есептер шығарылып көрсетілді жəне білімгерлерге жаттығу үшін есептер берілді.

 

Оқулық мемлекеттік стандарт бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу əдістемелік Кеңесі жасаған (2006 ж.) бағдарлама бойынша жазылды.

 

 

~ 3 ~


Date: 2015-07-24; view: 1038; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию