Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бу Бәкрдің кезінде сахабалар Құранды (тұтас кітапқа) жинағандығы





 

Исламда жақсы бидғат бар дейтіндер Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейін Әбу Бәкрдің кезінде сахабалар Құранды біртұтас күйінде жинады дегенді дәлел етіп келтіреді.

Аллаһтың қалауымен, бұған жауап өте оңай:

Біріншіден, Құранды сахабалар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде-ақ жаза бастаған, әрі бұл туралы Құранның өзінде де айтылады: «Тазартылған нұсқаларды оқитын Аллаһ тарапынан жіберілген бір елші» («әл-Бәйина» сүресі, 2-аят).

Яғни Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды жүрегінен оқыған, әрі ол нұсқаларға (шиыршық қағаздарға) да жазылған болатын. Қараңыз: “Тәфсир әл-Бәғауи” 8/495.

Әбу Са’ид әл-Һудриден (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Менің атымнан Құраннан басқа еш нәрсе жазбаңдар. Ал кім менің атымнан Құраннан басқа бір нәрсе жазған болса, өшіріп тастасын!» Муслим 3004.

Бұл хадисте Құранды жазып алу Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде-ақ басталғанына нұсқау бар.

Ал хадистерді жазуға келер болсақ, алғашында Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандар пайғамбарлық миссиясының басында Құран аяттары мен хадистерді шатастырып алмау үшін, хадистерді жазуға тыйым салған болатын, бірақ кейін хадис жазуға да рұқсат берді. ‘Абдуллаһ ибн ‘Амр (Аллаһ оған разы болсын) былай деген: “Мен Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) естіген барлық нәрсемді жаттап алу үшін оларды жазып жүрдім. Бірақ құрайыштықтар маған бұлай істеуге тыйым салып: «Сен шынымен де барлығын жазып жүрсің бе? Аллаһ Елшісі қарапайым адам ғой. Ол кейде ашуланған күйінде сөйлейді, ал кейде риза болып сөз айтады», - деді. Сонда мен жазуды тоқтаттым да, кейін болған жайтты Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтып бердім. Ол саусағымен өз аузын көрсетті де: «Жаза бер! Жаным Қолында болғанмен ант етейін, мынадан ақиқаттан басқа еш нәрсе шықпайды!», - деді”. Ахмад 2/62, Әбу Дәуд 3646, әд-Дәрими 1/125. Сенімді хадис. Қараңыз: “әс-Силсила әс-сахиха” 1532.

Екіншіден, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде аяттар оқтын-оқтын түсіп тұратын, әрі олардың кейбіреулері басқаларының күшін жоятын, аяттардың орналасу орындары мен тәртібі де ауысып тұратын. Сол себепті Құранды біртұтас күйінде жинау мүмкін болмады. Алайда Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған соң мұндай өзгерістер болуы мүмкін емес еді, демек, Құранды біртұтас күйінде жинамауға да еш себеп қалмады.

Үшіншіден, Құранды біртұтас күйінде жинау «Шын мәнінде, оны жинау, оқу Бізге міндет» («әл-Қийяма» сүресі, 17-аят), - деп айтқанАллаһ Тағаланың о бастағы уәдесі еді.

Төртіншіден, Құранды біртұтас етіп жинау бүкіл сахабалардың бірауызды келісілген пікірі еді, өйткені Әбу Бәкр (Аллаһ оған разы болсын) бұған қатысты басқа сахабалармен ақылдасып, содан соң олар бұл істі Зәйд ибн Сәбитке тапсырды. Ал имам әш-Шәтыби былай деді: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары Құранды бір мусхафқа жинау керек екеніне бірауызды келісті». Қараңыз: “әл-И’тисам” 3/12.

Ал Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, Аллаһ Тағала Мұхаммедтің үмметін толығымен адасу үстінде жинамайды!» Ахмад 5/145, Ибн Мәжаһ 3950, әл-Хаким 1/115. Хадистің сенімділігін хафиз әс-Суюты мен шейх әл-Әлбани растады.

Мұның үстіне, сахабалар Құран Кәрімді біртұтас етіп жинауды Исламдағы маңызы зор оқиға болған игі іс деп есептеген! ‘Али ибн Әбу Талиб (Аллаһ оған разы болсын) былай деген: «Құран кітапты таратуда ең көп сауап алатын Әбу Бәкр. Аллаһ Тағала Әбу Бәкрді рахымына бөлесін! Ол Аллаһтың Кітабын ең бірінші болып жинаған кісі». Әбу Дәуд “әл-Мәсахиф”. Хафиз Ибн Хәжар иснадын жақсы деді. Қараңыз: “Фәтхул-Бәри” 9/17.

 

Сахабалардың оған дейін ешқандай нұсқауы болмаған, бірақ кейіннен (шариғатта) заңдастырылған іске айналған белгілі бір құлшылық рәсімін жасауы

 

Исламда «жақсы» бидғат бар дейтіндер өздерін ақтау үшін кейбір сахабалардың Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде осыған дейін шариғатта нұсқауы болмаған, бірақ кейіннен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды құптаған белгілі бір құлшылық түрлерін жасағандығын жиі келтіреді.

Мәселен, олар Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен ол Хубайб әл-Әнсариді (Аллаһ оған разы болсын) мүшриктер тұтқынға түсіріп, оны өлім жазасына кескені туралы баяндаған хадисін келтіреді. Хубайб өз өлімі алдында намаз оқып алуға рұқсат сұрайды. Әбу Һурайра бұл туралы былай дейді: “Сөйтіп Хубайб әрбір мұсылман үшін өлім жазасының алдында екі ракағат намаз оқуды бастап берген ең ағашқы кісі болды”. Әл-Бухари 3045, 4086.

Олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыған дейін мұндай амалды жасамағанын әрі ол туралы айтпағанын, алайда бұл істің бастамасын Хубайб жасағанын, бірақ соған қарамастан Әбу Һурайра әрбір мұсылман үшін бұл әрекетті заңды деп атағанын келтіреді.

Немесе олар Біләлдің (Аллаһ оған разы болсын) әрбір дәрет алып болғаннан кейін екі ракағат намаз оқығанын немесе сол сияқты мысалдарды келтіреді.

Аллаһтың мейірімімен, бұған жауап оп-оңай:

Мұндай әрекеттер немесе сахабалардың сөздері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құптауына, не айыптауына тікелей байланысты екенін білу керек. Сахабалардың мұндай әрекеттері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде әрі дін тамамдалмағанға дейін істелген. Сондай-ақ Хубайбтің немесе Біләлдің әрекеттері тек Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды құптағаннан кейін ғана Исламда заңды етіп бекітілгенін білу қажет! Жоғарыда айтып өткеніміздей, Сүннет дегеніміз – Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқаны, өзі істегені және өзгелерге істе деп бұйырғаны әрі оның жанында істеліп жатқан әрекеттерді және Құран уахи етіліп жатқан уақытта істелген әрекеттерді үнсіз құптап, тыйым салмағаны.

Имам әл-Қасталани «Шарх "Сахих" әл-Бухари» кітабында бұл жөнінде былай деген: «Расында, Хубайбтің іс-әрекеті шариғатты (Аллаһтың бұйрығымен) бекітуге құқықты болған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде жасалғандықтан әрі ол осы іс-әреткетті құптағандықтан Исламда заңдастырылды!» Қараңыз: “Иршад әс-сари” 5/165.

Тура сол сияқты, Біләлдің әрекетін де Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құптады. Бурайда (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндаған: “Бір күні таңертең Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Біләлді шақырып келуді бұйырды да, ол келген соң: «Әй, Біләл! Сен Жәннатқа не нәрсеңмен менен озып (кірдің)?! Мен Жәннатқа қашан кірсем де, онда сенің аяғыңның дауысын естимін», - деді. Біләл: “Уа, Аллаһтың елшісі, мен азан айтқан соң әрдайым екі ракағат намаз оқитынмын және дәретім бұзылған кезде үнемі дереу дәрет алатынмын әрі Аллаһ үшін екі ракағат намаз оқуым қажет деп ойлайтынмын”, - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Осы екі себепті!», -деді”. Ахмад 21962, әт-Тирмизи 3689. Хадистің сенімділігін имам Әбу ‘Иса әт-Тирмизи мен шейх әл-Әлбани растады.

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хубайбтің, Біләлдің немесе басқа бір сахабаның әрекетін құптады, ал, мәселен, ол ‘Усман ибн Мә‘зунның үйленбей, елден оңашаланып тұруды қалаған әрекетін пірадарлық (монахтық) өмір-салты деп атап, құптамады. Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біреуі: «Түні бойы ұйықтамай, намаз оқимын», - деген, басқасы: «Үнемі ораза ұстаймын», - деген, ал үшіншісі: «Аллаһқа құлшылық етуден көңілім аумауы үшін, ешқашан үйленбеймін», - деген үш сахабаның да сөздерін құптамады. Сол үшеуінің сөзі Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәлім болған кезде, ол оларға: «Аллаһпен ант етемін, мен сендерден гөрі Аллаһтан көбірек қорқамын, әрі сендерге қарағанда Одан көбірек үрейленемін! Бірақ мен кейбір күндері ораза ұстаймын, ал басқаларында мұны істемеймін, мен түнде намаз да оқимын, ұйықтаймын да, сондай-ақ мен әйелдермен некелесемін. Ал кім менің Сүннетіме ілесуді қаламаса, ол менен емес!», - деді. Әл-Бухари 5063.

Сондықтан біз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардың кей сөздері мен істерін құптағанын, ал кейбіреулерін сөгіп, қайтарғанын аңғарамыз. Ол қабылдаған нәрсені біз де қабылдаймыз, ал ол қабылдамаған нәрсені біз де қабылдамаймыз. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғаннан соң сахабалардың істеген кейбір әрекеттері немесе сөздеріне келер болсақ, онда егер басқа сахабалар осыған келісіп, олардың ешқайсысы мұны айыптамаған болса, мұндайдың да заңды күші бар болады.

Хафиз Ибн Кәсир былай деп айтқан: «Адамдардың сөздері мен істері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері және істерімен салыстырылады, әрі оның сөздері мен істеріне сәйкес келетіндері – қабылданады, ал онымен сәйкес келмейтіндері, олар кімге тиісті болса да, жоққа шығарылады». Қараңыз: “Тәфсир Ибн Кәсир” 3/415.

Белгілі бір сахаба құлшылық мәселесінде ижтиһад жасап, бірақ онымен басқа сахабалар келіспегені туралы айтар болсақ, олардың еш күші жоқ. Бұған мысал ретінде Әнастің (Аллаһ оған разы болсын) мына сөздерін келтіруге болады: “Бір күні бұршақ жауа бастады. Әбу Талха (Аллаһ оған разы болсын) ораза ұстағанына қарамастан оны жей бастады. Одан: «Ораза ұстаған болсаң да, мұны жеп жатырсың ба?», - деп сұрағанда, ол: «Шынында, бұл береке!», - деп жауап берді”. Әл-Бәззар № 1022. Иснадының сенімділігін имам Ибн Хазм мен шейх әл-Әлбани растады.

Бұл сахабаның ісі болғанына қарамастан, мұсылман үмметі бірауыздан оны кері қайтарып, қабылдамайды. Имам Ибн Хазм былай деген: “Қателіктердің қатарына Әбу Талханың (Аллаһ оған разы болсын) ораза кезінде бұршақ жеп: «Бұл тағам да емес, сусын да емес!», - дегені жатады”. Қараңыз: «әл-Мухалла» 6/257.

Хафиз Ибн Ражаб «Шарх ‘Иләл әт-Тирмизи» (1/12) кітабында осы асарды ғалымдар бірауыздан кері қайтарған және істерде оны басшылыққа алмаған хабарлардың қатарында атаған.

Шейх әл-Әлбани былай деген: “Осы хабар «Менің сахабаларым жұлдыздар тәрізді, қайсыбірінің ізінен ерсеңдер де, тура жолда боласыңдар» деген хадистің өтірік екеніне дәлел болатындардан! Өйткені егер бұл хадис сенімді болғанда, онда Әбу Талхаға еріп, Рамазан кезіндегі оразада бұршақ жеген кісі оразасын бұзбаған болар еді. Ал мұндайды бүгінгі күні бірде-бір мұсылман айтпайтынына мен сенімдімін!” Қараңыз: «әс-Силсила әд-да’ифа» 1/154.

Егер сахабалардың Пайғабар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан немесе үмметтің бірауызды келісімен құпталмаған әрекеттері дін мәселесіндегі қандай да бір іске дәлел болмайтын болса, онда осы үмметтің ең жақсы адамдары болған сахабаларға қатысы жоқ біреулердің сөздері не істері қалайша дінде жақсы болмақ?!

 

Date: 2015-07-22; view: 395; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию