Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Руақтың тірі адамның денесінен шығуы





 

Рух тірі адамның денесінен шығып, әруақ болып хабар айта алады екен. Бұл туралы Шәкәрім былай деп жазады.

«Бір ғылымды қатын түнде қорасындағы иттер үрген соң тысқа шықса ешнәрсе жоқ болған соң, қайта келіп шамын өшіргелі жатқанда күнде жеміс сатып жүрген бір кедей қатын көрінеді де, мен бұрынғымнан да сорлы болдым дейді де жоғалады. Қайдан келгенін білмей, есікке қараса, күршек ілулі тұр. Ертең ерте әлгі бейшара қатынның үйі өртенеді. Жеміс сататын қатын түнде көрінген кезде оның өзі үйінде ұйқыда жатқан».

Бұл әңгімеден әруақ өлген адамның денесінен ғана емес, өлмеген адамның денесінен де шыға алатынын көреміз. Өлмеген адамның рухы әруақ болып өзінің нәзік болмысымен, нәзік денесімен келіп көріне алады. Адам ұйықтап жатқанда рух денеден шығып, қатынға келіп көрінген, тіпті өзінің қандай ауыр жағдайда екенін айтып кеткен. Есік күршегі ілулі тұрса да рух үйдің қабырғасынан өтіп кеткен. Жеміс сататын қатын түнде көрінген кезде оның өзі үйінде ұйқыда жатқан, ал үй ертең ерте өртен. Ендеше ол өрттің болатынын алдын ала білген. Көрші қатынға келіп бұл туралы айтқан, сөйтіп өзінің ұйықтап жатқан денесіне қайта енген. Үйдегі әйел «көретін» медиум болған, бірақ онысын өзі білмеген. Егер ол өзінің әруақтарды көретінін білсе, онда келген рухтан неге келгенін сұрап білер еді ғой. Сөйтіп ол әруақтың неге келгенін білген соң, ұйықтап жатқан қатынды оятып, үйін өрттен аман алып қалар ма еді, қайтер еді. Бірақ қатын медиумның кім екенін білмесе керек.

Өрт болатынын біле тұра әруақ денесін ұйқыдан оятпаған. Не себептен? Оның себебі: өзінің әлсіздігінен денені оятуға қауқары жетпеген болуы мүмкін. Кім білсін.

Осылай рух денеден шығып өзіне керекті адамдармен кездесіп, оларға көрініп, тіпті сөйлесе алады екен. Бұл туралы басқа көптеген мысалдар келтіруге болар еді. Бірақ Шәкәрім әрбір жағдайға бір мысал ғана келтіріп отырады. Осы келтірілген мысал рухтың нәзік денесімен сапар шегуін көрсетеді. Арнайы жаттығулар арқылы бұл қасиетті жетілдіруге де болады. Осылай бір адам екі жерде бір уақытта бола алады. Ол рухани жетілу жолында Жаратушының көмегімен толық тазарып, заттық кірленуден арылады. Ол ұйықтар алдында Жаратушыдан басқа бір жерге баруға ұлықсат сұрайды. Осылай жан өзінің периспритімен, нәзік денесімен тәнді тастап, қалаған жағына барады. Рух өзінің жетілу деңгейіне байланысты нәзік денесін қоюландыру арқылы адамның қолын қысып, не болмаса сипалап, басқа адамның денесіне сезінетіндей бола алады. Рух дененің ояу кезінде де бөлінуі мүмкін. Бұл кезде дене өте жоғары сезімде болып, ерекше қасиеттер көрсетеді. Мұндай жағдай Алла тағалаға құлшылық жолында өте жоғары жетілген әулиелерде ғана болуы мүмкін.

Адам бірнеше болып бөліне алады. Бұл кезде оның жаны бөлінбейді. Жанның сәулесі жетіге бөлінеді. Бұл сәуленің бір уақытта бірнеше айнада шағылысатыны тәрізді. Бір адамның көп болып бөлінуі йогалардың жеті сиқырының бірі болып есептеледі. Өте жетілген йогтардың сегізге бөлініп, сегіз жерде бір уақытта бола алатын қасиеті осылай түсіндірілсе керек.

Адам бірнеше жерде көрінгенде оның бір ғана денесі болады. Ал екіншісі тек қана нәзік болмыс, перисприт. Адам оянғанда денелер қайта қосылып, жан тәнге енеді.

Date: 2015-07-22; view: 697; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию