Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тылсым дүниемен танысуым





Мен 1999 жылы Астанада тұратынмын. Өзімнің 40 жасқа толған тойымды шешеме барып тойлайын, ол кісінің көңілін көтерейін деген мақсатпен, сәуір айында, Алматы облысында бұрынғы Күрті ауданының орталығы Ақши ауылында тұратын шешемнің үйінде өзіміздің жан ұямызбен атап өттік.

Бір уақытта анам айтты: «Немере бауырың Ержан көріпкел, емші болып жатыр, әруақтар ордасына барып сәлемдесіп қайт», – деді. Тойдан кейін ертесіне Құлиев Ержандікіне бардым. Ержанның әкесі марқұм Ұзанқұл аға сынықшы, оташы болған адам. Барып сәлем бергеннен кейін аталар үйіне кіргізді, ол кезде «орда» дегеннің не екенін түсінбеймін, көзім бақырайып аң-таң болып отырмын.

Біраз отырып әңгімелестік, өзімнің мазалап жүрген сұрақтарымды болжап берді. Менің көріпкелдікті, тылсым дүниені мойындауым, шүбәсіз сенуім алғаш рет осы жерден басталды. Ержанның болжағаны: Барған жеріңізде бір орыс, бір қазақ жігіті отырады. Қазаққа сәлемдескеннен кейін орыспен сөйлесіңіз, сол жігіт жұмысыңызды бітіріп береді. Ертесіне Ержан бауырымның айтқаны айдай келді. Сол күні көңіл күйім көтеріңкі, қуанышпен үйге оралдым. Тылсым дүниеге таң қалмасқа шарам қалмады.

Ержанның «аталар ордасында» отырмыз, тағы 5...6 адам келді, Ержан аталар аруағына бағыштап құран оқыды. Келген адамдарға емін жасады, бір уақытта:

– Аманжол аға, сізге арақты қойсын, намазға жығылсын дейді.

– Оны айтып жатқан кім?

– Атам келіп тұр, тұрып сәлем беріңіз.

Біреу келіп қалған екен деп, отырған орнымнан асып-сасып атып тұрдым, Ассалаумағалөйкім! – деп сәлем бердім, жан-жағыма қараймын ешкім көрінбейді.

– Ой, ол атаң қайдан келеді, атаңның қайтыс болғаныныа отыз жыл боп қалды. Білмеймін сенің не айтып тұрғаныңды.

Ержан алдыңғы сөзін қайталап тағы айтты.

– Олай болса мен арақтан туылған жоқпын, әкем Жалпақтан туылдым, қойдым ендеше арағыңды – дедім. Осы сәттен бастап арақты мүлдем аузыма алмайтын болдым. Сол үйде жұбайым Қарлығаш екеуміз біраз емделіп қайтадан Астанаға қайттық.

 

Date: 2015-07-22; view: 656; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию