Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Руақтың өш алуы





 

Әруақ өзіне қастандық жасаған адамнан өшін алып, оны жазалуға дейін бара алады. Әруақтың өзіне керекті істерді адамға жасату үшін қандай әрекеттерге баратынын төменгі Шәкәрім келтірген мысалдан көре аламыз.

«Америкада бір адам өзінің жақын қарындасын қиянатпен алдап, жақындық қылып, ол жүкті болып қалған соң, халықтан жасырып, елеусіз орынға қойса да, іші білінетін болған соң, қызды өлтіріп, көмген. Біраздан соң бір диірменшіге түнде әлгі қыздың үрейлі әруағы келіп: мені ломмен өлтіріп, бәлен жерге киімімді, бәлен жерге денемді тықты. Соны судьяға айтпасаң өзіңді жазым қыламын деген. Сонда қыздың миы бырқырап, қан ағып, бүлінген денесі айқындалып, жас нәрестенің бейнесі көрініп тұрыпты. Диірменші судьяға айтпаған соң, үш рет келіп, оған тыныштық бермейді. Аяғында айтып тексеріп, айтқанындай шыққан соң, сперттерге сол қыздың жанын шақыртып алып, үйдің төрт қабырғасына сегіз жерден сурет тартатын аппарат қойып, соған қыздың жаралы пішінін, баланың бейнесін түсірген. Сол сурет күні бүгін ғылымдар жиналысы үйінде тұр дейді. Спиритизмді алғаш ашқан Кетти Кипикак деген Америка әйелі де фотоаппаратпен түсірген осындай сурет бар дейді».

Бұл әңгімеде өзіне жазым қылған адамнан өшін алу үшін жасаған әруақтың әрекеті айтылады. Әрине, жоғары рух өзінің денесінен босаған соң бұл әлемнен қолын үзіп, фәни әлемнің шырғалаңдарына көңілін бөлмей кете берер еді. Ал әлі толық жетілмеген, бұл әлемнің байланысын толық үзбеген әруақтар өздерінің фәни әлемдегі істерін толық тастап кете алмайды. Сондықтан олар жәбірлегендерден өшін алып, ал қуаныш, бақыт әкелгендерге көмектесуге ұмтылады. Қыздың әруағы өзін жәбірлеген туысынан өшін алуға басқа адамды мәжбүр еткен. Ол өзінің қандай қуаты бар екенін жақсы біліп, оны қорқытып, судьяға барғызды. Осының өзі керек болған жағдайда әруақтрадың өзі де түрлі қылмыс істерді ашуға көмектесе алатынын көрсетеді. Осылай экстрасенстер әруақтардың көмегімен түрлі қылмыстарды ашуға көмектесе алады.

Әңгімеден әруақтардың түрлі құбылыстардың, оқиғалардың болған уақытын айтуға, қылмысты істерді ашуға көмектесе алтынын көре аламыз. Жуырда Ресей теледидарында өткен экстрасенстер жарысы мұның жақсы дәлелі. Олардың жасаған таңғажайып әрекеттері, мысалы, саусақ таңбасы арқылы адамның кім екенін, үйленген, не болмаса әлі үйленбегенін, еркек, не әйел екенін, тіпті бойын да айтып бергендері бір қарағанда таңғажайып нәрсе. Ал осының барлығын әруақтың айтып бергенін білсек, онда ешқандай да таңданарлық нәрсе жоқ. Экстрасенстардың жұмысына әруақтар көп көмек жасайды. Кейде олардың көмегін экстрасенстердың өздері де білмеуі мүмкін. Себебі, олар бақсылар тәрізді өздеріне табиғатынан берілген қасиет бойынша инстинктпен жұмыс істейді. Кейбір жағдайларда оларды инстинкт толық басқарады. Ал логикалық ой тек қана бөгет болады. Әруаққа басқаның логикасы керек емес. Оған өзінің айтқанын толық жеткізетін дәнекер (медиум) ғана керек. Егер бұл талап орындалмаса, әруақ бәрінен бас тартып, кетіп те қалады. Нәзік әлемдерде еркіндік сезімі біздің әлемге қарағанда молырақ. Бірақ бұлай нәзік әлемдерге еніп, әруақтардың тынышын алудың өзі жөн бола бермеуге тиісті. Себебі, әрбір әлемнің өз мақсаты, соған байланысты өз өмірі, өз заңдылығы бар. Олар бір-бірінен бөлек, өзара араласпаулары керек. Әр өмір өзінің шырғалаңын өзі шешу керек. Қандай жан иесі болса да өзіне берілген тағдырды өзі шешу арқылы ғана дамый алады. Осыны жақсы білетін әруақтар фәни өмірге арнайы мақсат болмаса, көп араласпайды. Тек қана әлі жетіле қоймаған төменгі әруақтар ғана фәни әлемдегі әдеттері бойынша көңілін көтеріп, ермек ету үшін кейде түрлі істерге араласады. Ол істер өзіне ұнамаса, оны тастап кетіп қалып, не болмаса, тіпті, әдейі бөгет жасауы да мүмкін. Нәзік әлемдер ісіне араласу болмыс үйлесімділігін бұзатын өте қауыпты әрекет болса керек. Әруақтың нәзік денесі өзгергіш болғандықтан ол түрлі бейне алып, не болмаса қыздың әруағы көрсеткендей өзінің тәнінің бұрынғы кемшілігін, алған жарақатын да көрсете алады. Әруақтар медиумға әсер етіп, сеанс кезінде оның түрін де өзгертеді. Мысалы, Америкада бір қыз медиум өзінің бір жыл бұрын өлген ағасымен байланысқанда оның бейнесіне кіріп, дәл ағасы тәрізді болған. Бұл кезде ағасының бұрынғы бейнесіне байланысты қыздың бойы ғана емес, жынысы, дене бітімі, салмағы да өзгерген.

Үйдің төрт қабырғасына сегіз жерден сурет тартатын аппарат қойып, соған қыздың жаралы пішінін, баланың бейнесін түсіргендігі әруақты фотоаппаратпен түсіруге де болатынын көрсетеді. Осылай қыздың нәзік денесі жартылай заттанды деуге болады. Ол өзіне керек кезінде жоғалып кетеді. Осының өзі біздің маңымызда көзге көрінбейтін әруақтардың, яғни нәзік әлем өмірі қайнап жатқанын білдірмей ме? Біз оны сезінбейміз. Бұл біздің бақытымыз. Себебі, егер олардың өмірін көріп, білетін болсақ, бұл өмірді дұрыс түсіне алмай жүрген бейбақтар мүлде есінен адасар еді. Жер бетінде төменгі әруақтар өте көп. Сондықтан олардың өмірлері біздің күнделікті өмірден көп айырмашылығы жоқ деуге болады. Бұл туралы нәзік болмысты көретін, еститін және білетін медиумдар айтады. Кейбір еститін медиумдар оларды естуден қалай құтыламыз деп зар жылайды. Көретін медиумдардың халі де осы тәрізді, жақсы емес. Нәзік әлемдерден келетін түрлі төмен әруақтар келеңсіз істер жасап, адамның мазасын алады. Сондықтан аққу, сұңқар (медиум) болу өте жауапты және қауыпты міндет.

Кейбір әруақтардың келеңсіз қылықтар көрсететін себебі – олар әлі толық тазарып, жетіле қоймаған. Өмірден сабақ алып, түрлі сынақтардан өткен соң олар да кезінде рухани тазарып, жоғары көтеріледі. Сондықтан олар үшін Жаратушыдан кешірім сұрап, рақымын көрсетуді тілеу керек. Жетілудің бір ғана нысанасы бар! Ол – Жаратушы.

 

Date: 2015-07-22; view: 774; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию