Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Екі буындық сұлбалар





Қосымшаны көп компьютерлерге тарату оның орындалу сапасын көтеруі мүмкін: жылдамдығы, біруақытта қолдаушыға қызмет көрсету саны.т Бірақ қосымшаны ұйымдастыру күрделі болады да, қолданушы таратып өңдеу қызметін қолданбайтын болады. Сондықтан, практикада оны екі немес үш бөлікке бөледі.

Ең көп тарағаны – екі буындық, мұнда көбінесе бір буынға немесе орталық компьютерге немесе клиент машинасына ған жүк түседі. Орталықтандырылған схемада (9.1.а-сурет) қолданушы компьютері терминал ретінде, тек мәліметтерді көрсету үшін жұмыс істейді, ал қалған қызметтері орталық процессорға беріледі. Қолданушы компьютерінің ресурстары елеусіз көлемде ғана қолданылады. Жүк түсетіні – тек экранда диалог терезелерін көрсететін ОЖ-нің енгізу-шығару жүйесінің графикалық құралдары, және де орталық компьютердің командаларын қабылдайтын және клавишалардың, мышканың координатасы жайлы ақпаратты қайтаратын ОЖ-нің желіден желілік құралдары. Қолданушы компьютерінде істейтін программаны – терминал эмуляторы деп атайды.Бұл схема терминалдың мейнфрейм негізіндегі жұмысын қайталайды. Ерекшелігі тек терминалдың орнына компьютерлер қолданылады, қосылу локалдық интерфейс емес, желі арқылы болады.

Орталытандырылған схеманың басты кемшілігі – ол жеткілікті түрде масшабталмайды, отказоустойчивый (істен шығуға төзімді) емес. Орталық компьютердің өнімділігі (производительность) осы қосымшамен жұмыс істейтін қолданушы санын шектейді. Ал орталық компьютердің істен шығуы барлық қолданушы жұмысын тоқтатады.

«Файлдық сервер» схемасында (9.1б) клиент машинасында қосымшаның файлдық операциялардан басқасының барлық бөліктері орындалады. Желіде өте қуатты компьютер болады, қолданушыға қажетті файлдар сақталатын үлкен көлемдегі дискілік жүйесі бар. Бұл компьютер фйалдық сервер ролін атқарады – бөлінетін доступтағы мәліметтерді сақтайды. Бұл схемада локалдық қосымшаларды қолдану үшін желілік ОЖ-ге редиректор сияқты желілік файлдық қызмет компонентін енгізді. Ол желілік аттарға арналған арнайы атау арқылы қашықтықта орналасқан файлға баруды (обращение к файлу) ұстап қалады. Мысалы, //server1/doc/filt1.txt, сұраныстарды желіге жібереді де, қосымшаны желілік жүйелік қызметтерден босатады.

Мұндай схема жақсы масшабталады, өйткені қосымша қолданушылар және қосымшалар орталық түйінге – файлдық серверге елеусіз ғана жүк түсіреді. Бірақ бұл схеманың да кемшіліктері бар.

1. Көп жағдайларда желілік жүк күрт өседі, мысалы, міліметтер қорына келетін көптеген сұраныстар бүкіл міліметтер қорын клиент машинасына жүктеуге әкеледі (локалды түрде қажетті жазбаларды алу үшін), бұл қосымшаның реакция уақытының үлкеюіне әкеледі.

2. Мәліметтерді көрсету, қосымша логикасын, мәліметтер логикасын орындау үшін, мәліметтер қорының операцияларын қолдау үшін клиент компьютерінің есептеу қуаты үлкен болуы керек.

 

Date: 2015-07-10; view: 710; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию