Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Желілік ОЖ-нің функционалдық компоненттері





Компьютердің локалдық ресурстарын басқару құралдары автономды компьютердің ОЖ-сінің барлық функцияларын орындай алады: оперативті жадыны процесстер бойынша бөлу, процестерді жоспарлау және диспетчерлеу, мультипроцессорлық машиналардағы процестерді басқару, сыртқы жадыны басқару, қолданушымен байланыста болу және т.б.

Желілік құралдарды үш компонентке бөлуге болады:

Ортақ қолданысқа локалды ресурстарды беру құралдары компьютер – бұл ОЖ-нің серверлік бөлігі;

Алыстағы ресурстар мен қызметтерге сұраныс беру құралдар – бұл ОЖ-нің клиенттік бөлігі.

ОЖ-нің транспорттық құралдары коммуникациялық жүйемен бірігіп желі компьютерлер желі арасында хабар тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Желелік ОЖ-нің жұмысы қарапайым түрде келесідей: Мысалы А компьютерінің қолданушысы өзінің файлын желідегі басқа В компьютердің

дискіне орнату үшін келесіні орындайды. Ол үшін клавиатурадан сәйкес команданаы тереді де ентер клавишасын басады. Қолданушы интерфейсіне жауап беретін Ож-нің программалық модулі – осы команданы қабылдап, Он А компьютерінің Ож-нің клиенттік бөліігне береді. Клиенттік бөлік басқа компьютердің ресурстарына тікелей қол жеткізе алмайды, тек ресурстар жаткан компьютердің ОЖ-нің серсверлік бөлігінен сұрайды. Бұл сұраныстар желі бойынша таратылатын кішкентай хабарлама түрінде болады. Командалар (әрекеттермен қатар)

Коммуникациялық желі бойын.дағы серверлік және клиенттік бөліктер арасында хабарлама тасуды ОЖ-нің транспорттық құралдары басқарады. Оның функциялары: хабарлама құру, хабарламаларды бөлліктерге бөлу (пакеттер, кадрлар), компьютер атын сандық адрестерге түрлендіру, хабарламаны сенімді жеткізу, күрделі желіде маршрутты (бағытты) анықтау және т.б.

Хабарлама беру кезінде компьютерлердің қатынасу ережелері Ethernet, Token Ring, Ip сияқты коммуникациялық протоколдарда көрсетіледі. Коммуникациялық протокол ОЖ-нің клиенттік және серверлік бөліктерінің хабарламаларын желі бойынша тасымалдайды, олардың мазмұнына қарамайды.

В компьютерінің ОЖ-нің серверлік бөлігі жұмыс істейді, үнемі желіден келетін ресурстарына деген сұраныстарды тосып отырады.

Серверлік бөлік желіден сұранысты қабылдағаннан кейін локалды дискке барып оның каталогтарының біріне көрсетілген файлды жазады.

 

Лекция

Date: 2015-07-10; view: 1886; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию