Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Акушериядағы бимануалды тексеру





Мақсаты-жамбас түбінің бұлшықеттерінің жағдайын, кіреберістің үлкен бездерін, қынапты, жатыр мойнының қынаптық бөлігін, жатырды, оның орналасуын, мөлшерін және жатырдың мөлшерінің жүктіліктің қазіргі мерзіміне сәйкестігін оның пішінін, тығыздылығын, қозғалмалығын, ауырсынуын, жүктіліктің белгілерінің болуын, жатыр қосалқыларын және кіші жамбастың қабырғаларын анықтау.

Көрсетулері-жүкті әйелдің әйелдер консультациясына бірінші рет келуі, акушерлік стационарға түсуі.

Қарсы көрсетулері–плацентаның жатуына күдік.

Мүмкін болатын асқынулары–қанағудың күшеюі, хорионамнионит.

Ресурстары–гинекологиялық орынтақ, жеке жаялықтар, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге бимануалды қынаптық тексерудің, жүргізу кезараларын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.

2. Әйелдің зәр қуығын босатқанына көз жеткізіңіз.

3.Әйелді гинекологиялық орынтаққа, оның астына таза жаялықты төсеп, аяқтарын тізе және жамбассан буындарына бүгіп, екі жаққа қарай ашып, жатқызыңыз.

4.Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

5. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

6. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз, оң қолдың ортаңғы және сұқ саусақтарын қынапқа енгізіңіз. Осы тексеру жамбас түбінің бұлшық еттерінің жағдайын, кіреберістің үлкен бездерін, үрпіні, қынапты (көлемін, созылғыштығын, ауырсынуын, патологиялық үрдістердің болуын, күмбездердің жағдайын), жатыр мойнының қынаптық бөлігін (орналасуын, мөлшерін, пішінін, тығыздылығын, беткейін, қозғалмалығын, ауырсынуын, сыртқы ернеудің жағдайын). Әрі қарай тексеру екі қолмен жалғастырылады. Оң қолдың саусақтары артқы күмбезде, ал сол қол алдыңғы іш қабырғаға орналасады. Сол қолдың саусақтары алдыңғы іш қабырғасы арқылы сегізкөз бағытында терең батады. Жатырды тексеру кезінде анықтаңыз: орналасуын, мөлшерін, пішінін, тығыздылығын, қозғалмалығын, ауырсынуын, жатыр мөлшерінің жүктіліктің қазіргі мерзіміне сәйкестігін, ал сонымен қатар жүктіліктің белгілерінің болуын (Горвиц-Гегар, Пискачек, Снегирев және т.б.). Сыртқы қолды кезекпен кезек жамбастың бүйір қабырғаларына қарай, ал ішкі қолды- қынаптың бүйір күмбездеріне қарай жылжыта отырып, жатырдың қосалқыларын тексеріңіз. Өзгермеген қосалқылар әдетте пальпацияланбайды.

7.Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және қалдықтардың қауіпсіздік қорабына (ҚҚҚ) салыңыз.

8. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

9. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.

 

Ескерту.Тексеру алдында зәр қуығын босату қажет.








Date: 2015-07-01; view: 559; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.013 sec.) - Пожаловаться на публикацию