Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы





 

Мақсаты- нәрестенің орнынын, жатуын және позициясын анықтағаннан кейін, акушерлік стетоскоппен нәрестенің жүрек соғысының сипатын бағалау және анықтау.

Көрсетулері –жүктіліктің екінші жартысында әйелдер консультациясына әрбір келуі кезінде немесе босану кезінде.

Қарсы көрсетулері – жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Ресурстары - тақтай төсек немесе кереует, жеке жаялық, акушерлік стетоскоп,

ультрадыбысты аппарат, дәкелі шариктер, спирт, гель, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеудің қажеттілігін және мақсатын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Әйелді арқасымен жеке жаялыққа, аяқтарын созып және ішін ашып тақтай төсекке немесе кереуетке жатуын сұраңыз.

5. Әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап отырыңыз.

6. Акушерлік стетоскопті спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.

7. Қолыңызға акушерлік стетоскопті (ультрадыбысты зерттеу анализаторын) алыңыз, оның кең қоныш тарататын жағын жүкті немесе босанатын әйелдің ішіне қойыңызда, нәрестенің жүрек жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) анықтаңыз (қалыптыда 120-160 соққы/минутына). Ұзынша орналасқан және баспен жатуы кезінде нәрестенің жүрек соғысы кіндіктен төмен жақсы естіледі (1-позиция кезінде-кіндіктен төмен сол жақтан, 2-позиция кезінде-кіндіктен төмен оң жақтан), нәрестенің жамбаспен жатуы кезінде жүрек соғысы кіндіктен жоғары жақсы естіледі, 1-позиция кезінде- кіндіктен жоғары сол жақтан, 2-позиция кезінде- кіндіктен жоғары оң жақтан. Көлденең орналасуы кезінде нәрестенің жүрек соғысы кіндік деңгейінде басқа жақын жерде жақсы естіледі. Көпнәрестелі жүктілік кезінде нәрестенің жүрек соғысы әдетте жатырдың әртүрлі бөлімінде анық естіледі.

Тахикардия (160 соққы/мин.жоғары) немесе брадикардия (120 соққы/мин.аз), дыбыстардың үнділігінің төмендеуі, аритмия нәрестенің гипоксиясын дәлелдейді.

8. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

9. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

10. Нәтижелерін құжаттарға енгізіңіз.

 

Ескерту. Семіздігі бар әйелдерде және қағанақ суларының көп мөлшерде болуыкезінде жүрек дыбыстары қатаң болуы мүмкін. Нәрестенің жүрек соғысын тыңдайтын жер, ол нәрестенің орнына, позициясына, түріне және жатуына байланысты болып келеді

.

 

Date: 2015-07-01; view: 4299; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию