Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Жүктіліктің мерзімін анықтау





Мақсаты-жүктіліктің мерзімін анықтау кезінде студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау:

1. соңғы етеккірі бойынша;

2. овуляция бойынша;

3. әйелдер консультациясына бірінші келуі бойынша;

4. нәрестенің бірінші қимылының күні бойынша;

5. босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойынша;

6. УДЗ мәліметі бойынша.

Көрсетулері- босандыру мекемесіне жүкті әйелдің әрбір келуі кезінде, бірінші рет келуі кезінде, сонымен қатар жүктіліктің мерзімін УДЗ бойынша анықтау үшін.

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.

Ресурстары– үстел, орындықтар, күнтізбек, акушерлік сызғыш, УДЗ- аппараты, тақтай төсек (кушетка), жеке жаялықтар, гель-крем, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, жүктіліктің мерзімін анықтаудың маңызын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Жүктіліктің мерзімін соңғы етеккірдің күні бойыншаанықтау үшін, жүкті әйелден соңғы етеккір күнін анықтаңыз:

· осы күнге7 күн қосып және одан 3 айды алып тастап, сіз қазіргі сәттегі жүктіліктің мерзімін аласыз (Негель қағидасы).

3. Жүктіліктің мерзімін овуляция бойыншаанықтау үшін:

· белгілі ұрық байлау күніне 266 күнді қосу;

· сонымен қатар, шартты түрде ұрық байлау күнін базалды температураның көтерілуі бойынша анықтауға болады;

· сонымен қатар, экстракорпоралды ұрықтандыру күні бойынша;

· сонымен қатар, қолдан ұрықтандыру күні бойынша;

· сонымен қатар, овуляцияны ультрадыбысты мониторинг мәліметтері бойынша.

4. Жүктіліктің мерзімін әйелдер консультациясына бірінші рет келуі бойыншаанықтау үшін:

· жүкті әйелден бірінші рет әйелдер консультациясына келген кездегі жүктіліктің мерзімін анықтаңыз;

· 12 аптаға дейін ерте келуі кезінде бұл мерзім сенімді, сондықтан қазіргі сәтте жүктіліктің мерзімін осыған қарап есептеп шығарады.

5. Жүктіліктің мерзімін нәрестенің бірінші қимылы бойыншаанықтау үшін:

· жүкті әйелден нәрестенің бірінші қимылының күнін анықтаңыз;

· бірінші босанатын әйелдерде бұл 20 апта;

· қайта босанатын әйелдерде бұл 18 апта;

· нәрестенің бірінші қимылының күнінен бастап қазіргі сәтке дейін жүктіліктің мерзімін есептеп шығарады.

6. Жүктіліктің мерзімін босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойыншаанықтау үшін:

· жүкті әйелден босанғанға дейін берілетін демалыс күнін анықтаңыз;

· босанғанға дейінгі демалыс жүктіліктің 30аптасынан бастап басталады;

· босанғанға дейінгі демалыстың берілген күнінен бастап қазіргі сәтке дейін жүктіліктің мерзімін есептеп шығарады.

7. Жүктіліктің мерзімін УДЗ мәліметі бойыншаанықтау үшін:

· жүкті әйелді УДЗ-ге жіберіңіз;

· трансабдоминалды сканирлеу кезінде жүктіліктің барын 4-5 аптадан бастап анықтауға болады;

· трансқынаптық эхография кезінде-1-1,5 апта ерте анықтауға болады;

· жүктіліктің бірінші үш айлығында жүктіліктің мерзімінің ең дәл көрсеткіші құйымшақ-төбе өлшемі(ҚТӨ) болып саналады;

· нәрестенің фетометриясы кезінде нәрестенің бипариеталды өлшемін, бастың шеңберін, іштің шеңберін және сан сүйегінің ұзындығынанықтайды.

Ескерту.Жүктіліктің мерзімін анықтау әйелдер консультациясында, акушерлік стационардың қабылдау-қарау бөлімшесінде (фильтрде),перзентхананың жүктілер патологиясы бөлімшесінде, сонымен қатар адамның ұрпақ өрбіту қалалық орталығында.

 








Date: 2015-07-01; view: 1056; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию