Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






СЛАЙД 8- Қарағанды облысындағы экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде өнеркәсіпке инвестициялар құрылымы





 

  2013 жылғы қаңтар-ақпан, млн. теңге Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %-бен Өнеркәсіпке негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, %-бен
2013 жылғы қаңтар-ақпан 2012 жылғы қаңтар-ақпан
Өнеркәсіп 21 536,9 149,1 100,0 100,0
Кен өндіру және карьерлерді қазу 5 721,3 2,4 есе 26,6 16,5
Өңдеу өнеркәсібі 14 648,9 147,2 68,0 68,9
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 894,8 64,8 4,1 9,6
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 271,9 38,0 1,3 5,0

 

Өнеркәсіпке салынған инвестициялардың негізгі көзі кәсіпорындардың өз қаражаттары болып табылды (94,4%). Бюджеттік қаражаттар үлесіне 0,5% тиесілі, шетел инвестицияларына – 1,5%, қарыз қаражатына – 3,6%.

Өнеркәсіпте игерілген, негізгі капиталыға салынған инвестициялардың едәуір көлемі Теміртауға (45,8%), Сәтбаевқа (17,8), Шахтинскке (8%) және Нұра ауданына (5,5%) тиесілі.

Жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік меншік нысанды кәсіпорындардың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2,2 есе артты

2013 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар 57,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 24,6%-ға артық.

 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2014 жылға өндіру көлемін жылына 6 млн. тоннаға дейін кезең-кезеңмен ұлғайту үшін өндіріс қуаттылығын жаңғырту жөніндегі жұмыс жүзеге асырылатын болады.

2011 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ келесі жобалар іске асырылды:

- сортты илеу цехы үшін дайындамаларды үзіліссіз құю машинасын салу (ДҮҚМ-3);

- №2 домна пешін күрделі жөндеу.

Саланы әртараптандырудың келешегі бар бағыты - металл өңдеу өнеркәсібі болып табылады.

Басқа металл емес минералдық өнімдер өндірісінде цемент шығару көлемі 4,7%-ға өсті.

2012 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 58,6 млрд.теңгені құрады немесе 2011 жылмен салыстырғанда өсім 8%.

ЖИИДМБ шеңберінде 2012-2016 жылдарға 25 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде Индустрияландыру картасына 6, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша - 19 инвестициялық жоба енгізілді.

2012 жылы экспортқа шығарушы-кәсіпорындарды қолдау жөніндегі белсенді іс-шаралар жалғасын тапты. Бұл - экспорттық шарттарды кредиттеудің жаңа схемаларын әзірле және оларды коммерциялық және саяси тәуекелдерден сақтандыру, сыртқы экономикалық қызметті қолдау институттарын дамыту, экспорттық өнім шығарушылар мен экспортқа шығарушыларға арнлағ салықтық жеңілдіктер.

«Экспорт 2020» экспортты дамыту және алға жылжыту пилоттық бағдарламасы шеңберінде «Ast Etalon Crown» өнімді сыртқы рыноктарға шығаруға байланысты шығындарды 50% көлемінде өтеу түрінде қаржылық қолдау алуға арналған өтінімі мақұлданды.

2012 жылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың түрлі шараларына 5 мың адамды қамтылды, оның ішінде:

- 3,7 мың адамды жұмысқа орналастырылды;

- 1,3 мың адамды қоғамдық жұмыстарға жіберілді;

- 380 жұмыссыз азаматты кәсіптік даярлыққа жіберілді.

2011 жылы жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік көмек көрсету стандартын енгізу жұмысыжүргізілді, бұл мақсаттарға РБ берілген 10,9 млн.теңге сомасындағы нысаналы трансферттер жұмсалды.

«Арселор Миттал Теміртау» трансұлттық корпарациясын бүкіл әлем біледі. Оның қожайыны —Лакшми Миттал. Лакшами Миттал Мексика, Оңтүстік Африка, Индонезия, Алжир, Польша, Чехия, Франция және Германиядағы болат қарытатын ірі-ірі зауыттардың қожайыны. Еуропа құрылығындағы ең ірілердің қатарына жататын Лакшми Миттал 1995 жылдан бастап Испат-Кармет иесі. Қазақстан кеңістігінде жұмыс істеп жатқан «Арселор Миттал Теміртау» ел экономикасына не берді, қандай мөлшерде инвестиция құйды, деген сұрақтар туындайды. Бүгінгі «Арселор Миттал Теміртау» әлемдегі ірі деген болат қорытататын зауыттың бірі. Жылына 5,5 миллион тонна болат береді. Өндірілген өнімнің 96% шетелге жіберіліп, әлемнің 65 мемлекетіне жөнелітіледі. Сыртқы Істер министрлігінің мәліметі бойынша, ««Арселор Миттал Теміртау» 1996 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің бюджетіне 5,5 миллиард доллар төлеген. Ал, одан басқа 630 миллион доллар көлемінде зауытқа, әлеуметтік салаларға инвестиция салыныпты. Қаржыгерлердің есебі мен болжамы бойынша, «Арселор Миттал Теміртау» Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 7-10% беретін көрінеді. (ЖІӨ — 37,5 млрд. доллар құраса, демек оның 10% 3 миллард 750 миллион доллар болады). Ал, 2007 жылы Лакшми Миттал 1 миллиард долларды зауыттың технологиясын жаңалап модернизациялауға, яғни жаңартуға жұмсады. Енді «Арселор Миттал Теміртау» 1 миллион 400 мыңдай халық тұратын ірі кәсіпорындары бар Қарағанды облысын 6-7 жылдың ішінде аяғынан тік тұрғызып қана қоймай, республикалық бюджетке де көп мөлшерде салық төлеуде. Мемлекеттік мүдде жағынан қарағанда, Лакшами Миттал секілді инвесторлар мемлекетке қаржы-экономика жағынан өте тиімді.

Экономиканың өсуіне ықпал етуші негізгі факторлар арасынан дүниежүзілік экономиканың жалпы жандануын және отандық экспорттық өнімге сұранысты қалпына келтіруді, халықаралық қаржы ұйымдарымен және БСҰ өзара қарым-қатынасты, шетелдік инвесторлардың отандық экономикаға қатысты орнын бөліп айтуға болады. Мұндай үрдіс өнеркәсіп өндірісінің өсуіне ықпал етеді.

Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін маңызды ішкі факторларға қаланың табиғи-ресурстық әлеуеті, өнеркәсіптегі құрылымдық қайта құрулар және экономиканы жаңғырту, кәсіпорындардың инновациялық қызметі, қала экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жатады.

Іске асырылатын Қазақстанның жедел индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ЖИИДМБ) 6 инвестициялық жобасы Өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген 18-ден астам индустриялық жобаны іске асыру арқылы өнеркәсіптік кешенді әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Шағын және орта бизнес саласында экономикалық белсенділікті арттыруға нақты сектор кәсіпорындарын сауықтыру және олардың «Бизнестің жол картасы- 2020» және «Экспорт 2020» бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын қызметін ынталандыру шаралары ықпал етеді.

 

3. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өңірлерінде инвестициялық қызметтің дамуын мемлекеттік басқаруды жетілдіру (Теміртау қаласы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мысалында)

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012 жылы 79,0 млрд.теңгені немесе 2011 жылға 109,8%-ды құрайды, 2014 жылға қарай 95,6 млрд.теңгені немесе 2011 жылғы деңгейге 132,9%-ды құрайды (СЛАЙД 9).

 

(СЛАЙД 9) Теміртау қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2014 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері

№ р/с Көрсеткіштердің атауы 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл (болжамдық) 2014 жыл (болжамдық)
1. Өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі, млрд.теңге 425,7 429,7 546,3 572,2
2. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі, млрд.теңге 71,9 79,0 86,9 95,6
3. Халық саны, мың адам 180,3 182,7 184,7 186,9
4. Орташа жылдық күнкөріс деңгейі, теңге        
5. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге        
6. Ең төмен жалақы, теңге        

 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2014 жылға өндіру көлемін жылына 6 млн. тоннаға дейін кезең-кезеңмен ұлғайту үшін өндіріс қуаттылығын жаңғырту жөніндегі жұмыс жүзеге асырылатын болады.

Өнеркәсіптік саланы ұзақ мерзімді дамыту стратегиясының жалпы мемлекеттік маңызы бар, өйткені өндіріс көлемінің артуы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі үшін қажетті шарт болып табылады.

Бұл міндетті ескірген технологиялық процестер негізінде шешу мүмкін емес. Олардың көпшілігі ондаған жылдар бойына өзгеріске ұшырамаған және қазіргі жағдайда болат илектер өндіруге қойылатын талаптарға мүлде сай емес.

Сондықтан ұдайы өзгеріп отырған қоршаған орта жағдайында саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін салалалық базалық инвестициялық стратегия болуы қажет (СЛАЙД 10).

 

СЛАЙД 10 - «АрселорМиттал Теміртау»» акционерлік қоғамының 2012-2014 жылдарға арналған функционалдық стратегиялық бағдарламасы, млн.теңге

р/с №       Инвестициялау бағыттары   Жылдар
          2012-2014 жылдары
Инфрақұрылымды жаңарту және дамыту   16 500   17 000   17 300   50 800
  Өндіріс желілерін толық автоматтандыру 5 903 9 998 8 200 24 1014
  Өнім (шойын, сорттық илек) сапасын арттыру 11 497 9 602 14 350 35 449
  Ақпараттандыру және компьютерлендіруді дамыту   4 000   5 200   5 900   15 100
  Еңбектің кауіпсіздік техникасын жетілдіру         2 550
  Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар         1 000
  Кәсіпорын бойынша барлығы 39 000 43 000 47 000 129 000

 

Компанияның инвестициялық қызметінің стратегиялық басымдықтарын белгілеу мынадай негізгі қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:

- еңбек өнімділігін арттыруды, пайдалану шығыстарын азайтуды және еңбек қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ететін прогрессивтік және үнемділігі жоғары инженерлік іс-шараларды енгізу;

- ұсынылатын күрделі қаржы салымдарының негізділігін бағалау;

- инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеу;

- жалпысалалалық және әлеуметтік маңызды сипаты бар, енгізілуінен болатын тиімділік тұтастай алғанда республика экономикасы көлемінде бағаланатын инвестициялық жобалар.

Компанияның инвестициялық саясаты өндірістік кәсіпорындардың өндірістік базасын және басқару технолоияларын дамыту, шаруашылықты техникалық қауіпсіздік ережесімен сәйкестікке келтіру, негізгі қорларды жаңғырту және жаңа технологияларын енгізу негізінде саланың пайдалану шығыстарын азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге бағытталған.

Нарықтық ахуалға жасалған талдау сала дамуының осы кезеңінде өнім өндіруді арттыруды қамтамасыз ету үшін мыналарды пайдаланудың:

- базалық инвестициялық стратегия ретінде – аралас стратегияны, яғни сала активтерінің өндіріс көлемінің өсуіне, сондай-ақ нарықтық үлестің ұсталуына және кеңеюіне сәйкес болуын қамтамасыз етудің;

- өндірістік саладағы функционалдық стратегия ретінде - өндіріс көлемінің сапалы өсуін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік жүйенің техникалық қайта жарақтандырылуын жүзеге асырудың қажеттілігін көрсетеді.

Функционалдық стратегиялық бғдарламаны іске асыру үшін:

- технологиялық жарақтарды жаңарту есебінен техникалық базаны кешенді жаңартуды;

- қолданыстағы жабдықтар мен тетіктерді жаңғыртуды;

- жаңа технологияларды енгізу арқылы негізгі қорларды қайта жаңартуды жүзеге асыру қажет.

 

Кәсіпорынның шектелген қаржылық мүмкіндіктері жағдайында жаңа экономикалық үлгіге – дамудың экстенсивті үлгісінен жоғары технологиялар мен кәсіпорынды басқарудың жаңа жүйелеріне негізделетін үлгіге көшуімен сипатталатын инвестициялық стратегияны қолдану қажеттілігі ескерілгенін атап өту қажет. Мұндай стратегия инвестициялық ресурстарды экономикалық өсу нүктелерінде шоғырландыру арқылы инвестициялық процестің түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамыту, негізгі қорларды жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу негізінде кәсіпоырынды әзірлеу және іске асыру 2014 жылға дейін жеткіліксіз инвестициялаудың ұзақ процесі зардаптарын азайтуға мүмкіндік береді және осы заманғы талаптарға сәйкес бсаланың одан әрі тұрақты дамуына түрткі болады. СЛАЙД 11-де – «АрселорМиттал Теміртау»» акционерлік қоғамының 2011-2012 жылдардағы өндіріс көлемі және 2013 жылға арналған жоспары көрсетілген.

 

СЛАЙД 11 - «АрселорМиттал Теміртау»» акционерлік қоғамының 2011-2012 жылдардағы өндіріс көлемі және 2013 жылға арналған жоспары (мың.тг)

 

Өнімнің атауы (фактілі) 2012 (жоспарлық) 2012 (фактілі) Жоспарды орындау % 2013-05-22 (жоспарлық)
Шойын 3141,2     79,5  
Сляб 3635,9 3547,8 2535,9 71,5  
Блюм - 271,2 396,1    
Сорттық прокат 19,1   151,6   58,3    
Ыстық иленген прокат 3456,9   2440,1   71,3    

 

Берілген кестеден көретіндей 2012 жылы өндіріс көлемі шойын, сляб, сорттық прокат, ыстық иленген прокат өнімдері бойынша жоспарланған мөлшерден 20-40% ға кем өндірілген. Ал блюм өндірісі 46%-ға артық өндірілген.

Осыған байланысты «Инфрақұрылымды жаңарту мен дамыту» жобасы бағытының мақсаты өнім өндіру көлемін және өндірілген өнімді халықаралық сапа талаптарына сәйкес тиісті жай-күйге келтіру болып табылады.

Қазақстан Республикасының үкметі тікелей инвестицияны қолдауы жөнінде мемлекеттің заңы қабылданды. Ол Қазақстан Республикасының конституциясы және көптеген норма мен нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау:

• Заң шығару орындарының инвестиция әрекетіне кепілдік беру.

• Жеңілдік және преференция жүйесін құру.

• Қазақстан Республикасы үкіметі мен халықаралық ұйымдар арасындағы келісім-шарттардың Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілеріне сәйкес келуі.

Бүгінгі таңдағы макроэкономикалық масштабының қолайлы болуы тікелей инвестиция нәтижесі. Егер өндірістің көп бөлігін сақтап, онда ертеңгі күні көп пайдалануымызға мүмкіндік береміз. Ал, керісінше ресурстар қазіргі қажетімізге керек және мүмкіндігі аз болады.
Қазақстан Республикасының мақсатына қол жеткізу процесстері кезінде шешуге тиіс мәселелер:

1. жаңа технологияларды енгізу, алдыңғы қатарлы технлогия және ноу-хоу;
2. ішкі рынокта жоғарғы сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуді қамтамассыз ету;

3. отандық тауар өндірушілерді тұрақтандыру мен мемлекеттік қолдау;
4. импортты алмастыратын және экспортооринтировалық өндірістерді дамыту;
5. Қазақстан Республикасы шикізат көзін комплексті және ұтымды пайдалану;
6. Менеджмент және маркетинг тәсілдерінің осы заманға сай боуы;
7. Жаңа жұмыс орындарын жасау;
8. Жергілікті кадрлар үздіксіз оқыту мен олардың квалификациясын көтеру жүйесін ендіру;
9. өндірісті күшейтуді қамтамассыз ету;
10. қоршаға табиғи ортаны жақсарту.

Инвестициялық процесті басқаратын мемлекеттік органдардың міндеттері мыналарды көздейді:
- ел экономикасын дамыту басымдылықтарын анықтау;
мемлекеттік инвестициялық программалар, инвестициялық
басымдықтар жобаларын жасау;
- мемлекеттік орталықтандырылған инвестициялық қаржылардың үйлесімді тартылуын қанағаттандыру;
- инвестициялық қолайлы жағдай жасау, осы негізде үлттық экономикаға
тартылатын капитал ағымын жөне олардың басымдық салаларға
жіберілуін канағаттандыру.
Инвестициялық қызметке қолайлы орта қалыптастыру факторларына ең алдымен экономикалық және саяси тұрақтылық, жеке секторларға демеу көрсету, инфрақұрылымдарды, бақылау жүйесін дамытуы, шетел инвестицияларына қатысты зандылықтар тұрақты болу т.б. қамтылады.
Осы міндеттерге байланысты мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі принциптері анықталады. Олардың қатарына мыналарды атауға болады:
инвестицияны қаржыландыру көздері көпжақты болу;
- инвестиция ең жоғарғы деңгейде қайтарылымды болу;
- инвестициялық салаларыды орталықтандырмау;
- инвестициялық белсенділікте экономикалық және ұйымдастырушылық
әдіс, тетіктерді пайдалану;
Инвестицияны тартуды жүзеге асырудағы басымдықтарды тандау мынадай қажеттіліктерден бастау алады:
- экономиканың басқа секторларын инвестициялау үшін валюталық
қаржы түсуін қанағаттандыратын экспорттық потенциалды дамыту;
- ел мүддесі жүйесін қүрайтын салаларға мемлекеттен демеу көрсету;
- ішкі және сыртқы нарықтарға жоғары сүранысқа жетерліктей бәсекелік
қабілетті әнім өндіретін өндірістерге инвестиция жасау;
- жоғары деңгейде дайын өнім шығаратын өндірістер мен салаларға
инвестиция жасау;
- салалар мен аймақтық өңірде қүрылымдық-технологиялық. елеулі
езгерістер жасау тұрғысынан бағалау;
- жалпы экономиканы ілестіре есіруге қабілетті "өсу нүктесін"
нысаналаған нүктелік инвестиция жасағанда шетелдік капитал тиімдірек
болады;
Сөйтіп, инвестицияны тартудағы саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмдерінің негізгі бөлігі ұлттық жөне шетелдік жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуден, оны экономикалық жағынан ынталандырудың шаралар жүйесі болып келеді.

Сөз соңында шетел инвестициясын тиімді пайдаланудың мынадай шараларының жиынтығын көрсетуге болады:
- сырттан алынған қарыз бен несиені бюджет тапшылығын жабуға
қолдануды тоқтату, оны әлемнің озық технологиясын алуға, яғни инновация саласына жұмсау;
- мұнай-газ саласының даму стратегиясын қайта қарап, Қазақстан
мұнайын кешенді және терең өндеу негізінде жан-жақты пайдалану бағытына көшу;
- шетел инвестициясын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға
жұмылдыруды ынталандыру;
- шетелдік компаниялардың басқаруына берілген ірі кәсіпорындарға
мемлекеттік бақылауды күшейту;
- шетел капиталына берілген жеңілдіктерді шектеу және бірте-бірте оны
жою.Шетелдік және отандық инвесторларға бірдей жағдай жасайтын инвестициялаудың ұлттық режиміне көшу.

Date: 2015-07-17; view: 814; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию