Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің дамуын мемлекеттік басқару





Рметті Мемлекеттік аттестация комиссиясының төрағасы және мүшелері!

Сіздердің назарларыңызға

азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің дамуын мемлекеттік басқару

тақырыбындағы дипломдық жұмысымды ұсынамын

 

1.Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны

 

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез артып келе жатқанымен, оысыған сәйкес шетел капиталын тартпайынша, осы заманғы экономиканы тез құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін еместігімен байланысты. Шетелдік инвестицияларды тарту және нәтижелі түрде қолдану – Қазақстан Республикасының басқа елдермен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтің дамуын мемлекеттік басқаруды зерттеу. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметі, атап айтқанда, Теміртау қаласының инвестициялық әлеуеті.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны, ивестицияның пайда болуы және даму тарихы, экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттары,инвестицияның қызметі мен операциялары қарастырылды.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтің дамуын мемлекеттік басқару зерттелді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы, инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстары, Теміртау қаласының экономикалық дамуына инвестициялық қызметтің ықпалы талданды.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде Теміртау қаласы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мысалында Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өңірлерінде инвестициялық қызметтің дамуын мемлекеттік басқаруды жетілдірудің жолдары ұсынылды.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.

Ал, капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.

 

Date: 2015-07-17; view: 772; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию