Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Теміртау қаласының экономикалық дамуын және оған инвестициялық қызметтің ықпалын талдау





 

Негізгі капиталға инвестициялар

 

2012 жылы қала кәсіпорындары мен ұйымдарымен негізгі капиталға 55,0 млрд.теңге сомасында инвестиция игерілді, бұл 2011 жылға 141,5%-ды құрайды (38,8 млрд. теңге).

Халық кәсіпорындары мен ұйымдарының жеке қаражаттарына инвестициялардың жалпы көлемінің 97,3%-ы тиесілі. Қаланың шағын, орта және ірі кәсіпорындарының негізгі капиталға салған инвестицияларының басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінде (88,5%), электр энергиясын, газ және суды өндіру және бөлуде (1,2%), тұрғын үй құрылысында (1,3%) игерілді.

Қаланың негізгі капиталға инвестициялар бойынша облыстық көлемдегі үлес салмағы 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 7,1%-ға өсті және 23,6%-құрады (2011 жыл – 16,5%).

2013 жылғы қаңтарда облыс бойынша тұтас негізгі капиталға салынған инвестициялар 14,5 млрд. теңгені, немесе 2012 жылғы қаңтарға 100,1%-ды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі бөлігі Теміртауға (42,4%) тиесілі. Одан басқа, айтарлықтай инвестициялардың көлемі Қарағандыда (16%), Балқашта (10,9%), Нұра (9,5%) және Ұлытау (6,2%) аудандарында игерілген.

Инвестициялық салымдар көлемінің артуы облыстың 9 өңірінде байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициядың айтарлықтай артуы Ұлытау (42,1 есе), Нұра (30,1 есе) аудандарында, Шахтинскіде (27,9 есе) және Саранда (11,2 есе) байқалады (СЛАЙД 7).

СЛАЙД 7 – Қарағанды облысы өңірлері бөлінісіндегі негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру

  2013ж. қаңтар
млн. теңге негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, %-бен 2012ж. қаңтарға %-бен
Қарағанды облысы 14 523,9 100,0 100,1
Қарағанды қ.ә. 2 320,1 16,0 147,2
Балқаш қ.ә. 1 577,7 10,9 3,0 есе
Жезқазған қ.ә. 128,8 0,9 16,7
Қаражал қ.ә. 77,3 0,5 23,6
Приозер қ. 25,1 0,2 3,3 есе
Саран қ.ә. 256,1 1,8 11,2 есе
Сәтбаев қ.ә. 316,2 2,2 45,5
Теміртау қ.ә. 6 176,5 42,4 148,9
Шахтинск қ.ә. 1 036,2 7,1 27,9 есе
Аудандар:      
Абай 76,1 0,5 5,0
Ақтоғай 30,3 0,2 86,1
Бұқар жырау 43,3 0,3 2,7
Жаңаарқа 40,4 0,3 1,4
Қарқаралы 3,8 0,0 3,8
Нұра 1 376,5 9,5 30,1 есе
Осакаров 34,6 0,2 29,9
Ұлытау 895,3 6,2 42,1 есе
Шет 109,6 0,8 109,4

Облыс бойынша тұтас алғанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі көлемі өнеркәсіпте игерілген - 67%.

2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда инвестициялық салымдардың айтарлықтай өсімі білім беру (42,8 есе), мемлекеттік басқару және қорғаныс (19,6 есе), көлік және қоймалау (3,3 есе) және кен өндіру өнеркәсібі (3,2 есе) бойынша орын алады.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында үлес салмақтың басым бөлігін кәсіпорындар, ұйымдар мен халық қаражаттары алады 94%. Бюджет қаражатының үлесі - 2,6%-ды, шетел инвестициялары 0,1%-ды, қарыз қаражаты 3,3%-ды құрады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпандағы қорытынды бойынша өнеркәсіпке негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 149,1%-ды құрады

2013 жылғы қаңтар-ақпанда Қарағанды облысының өнеркәсібіне 21,5 млрд. теңге негізгі капиталға инвестиция салынды, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегі көлемнен 49,1%-ға көп.

2012 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде өнеркәсіпке салынған инвестициялар үлесі 9,6 пайыздық тармаққа өсті және 66,7% құрады.

Инвестициялық салымдардың өткен жылмен салыстырғанда өсуі кен өндіру және карьерлерді қазуда (2,4 есе) және өңдеу өнеркәсібіде байқалады - 47,2%.

Өнеркәсіпте игерілген инвестициялардың негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталған (68%) (СЛАЙД 8).

Date: 2015-07-17; view: 516; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию