Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жұқпалы және жұқпалы емес иммуналогияның дамуын сипаттаңыз





Инфекциялық және инфекциялық емес иммунологияның дамуы және орнығуы И.И.Мечниковтың биологиядағы жетістігімен байланысты.

Ол бірінші рет иммунологиялық көрсеткіштердің бағасына эволюциялық көзқарасты енгізді, бұл болмаса бірде – бір иммунологиялық эффект пен иммунитет түсінікті болмайтын еді. Ф.Бернет жазбақшы, «барлық биологиялық үрдістер - өзекті эволюциның нәтижесі және кез – келген биологиялық жалпылама эволюциялық тұрғыда ғана мағынасы болады». 1883 ж. И.Мечников «Организмнің емдік күші туралы» деген баяндамасында, иммунитеттің жалпы биологиялық теориясының принциптерін көрсетіп берді.Бұл - алғаш теория болып есептеледі, ол жерде қор,аныс серпілістердің арнйылығы, ағзаның тек микробтардан емес және де өзінің токсиндерінің, денатурациялық ақуалдарынан, өлген жасушаларынан өзі арыла алатыны сияқты негізгі феномендер туралы айтылды.Бірақ, бұл фагоцитарлы теорияны кейбір биологтар мен медиктер жақсы қабылдаған жоқ. Оппоненттер де табылды, олра жасаған тәжірибелерінің нәтижесінде микроорганизмдер мен олардың токсиндерін бактерицидтік ерекшелігі бар гуморалды заттар бұзады деген пікір көрсетті. Ол ғалымдардың бірі - әйгілі ғалым П.Эрлих болды, ол осы үрдістің химиялық жағын зерттеді. Ол ең бірінші токсикалық заттардың инъекциясымен, оған қарсы токсиндерді бейтараптаушы антиденелер, яғни биологиялық субстанциялар пайда болу уақыты арасындағы период бар екенін, яғни латентті периодты анықтады.

Жаңа эксперименттер нәтижесінде И.И.Мечников гуморалды теорияның жақтаушыларының анықтаған сарысуы дифтерия мен столбняк (сіріспе) қоздырғыштарын өлтірмей, тек сол қоздырғыштармен бөлінген токсинднрді, уды жойып, фагоциттерді стимулдайды, ал олар қоздырғыштарды жұтатыны дәлелденді.Қаншама талас – тартыстар болса да, бұл екі теория өзара жақындай бастады, себебі басында фагоцитарлы теорияға қарсы деп шешілген жаңа фактілер кейіннен бірікті.

Иммунологияның негізін салушылар И.И.Мечников пен П.Эрлих арасында жүрген ұзақ полемика 1887 жылы басталған.Әр теорияның жақтаушылары 15 жыл ьойы өздерінің теориясының дұрыстығын дәлелдеу үшін көптеген эксперименттер жасады.Гуморалды теориясының жақтаушысы Э.Беринг ауырғаннан кейінгі сарысудың гуморалды фактормен байланысты бактерицидтік қасиеті жоғарлағанын анықтады. 1890 жылы Э.Беринг пен Ш.Китазато сіреспелік және дифтериялық токсиндермен егу нәтижесінде антитоксиндік сарысуларды алған. Алынған антитоксиндік сарысулар токсиндерді бейтараптаған.

Дифтерияны емдеуде антитоксикалық сарысуларды қолдану күшті патогенетикалық құрал ьолды және мыңдаған адамның өмірін сақтауға көмектесті. Бірақ, кейбір кезде антитоксикалық сарысуды қолданғанда, ол ауыр асқынуға (артериялық қысымның томендеуінен) тіпті өлім нәтижесіне алып келген.Бұл асқынуды ІІІ.Рише тәжірибе жүзінде тексерді.Біріншілік терішілік немесе теріастылық вакцинация иммундық жауаптың шаңында (10-14 кұннен кейін)сол дозадан 5-10есе жоғары дозада бұлшық етке немесе тамыр ішіне екіншілік вакцинация жасағанда, тәжірибелік жануарлардың 100% өмірге төзімділігі төмендеген. Бұл құбылысты анафилакция деп, ал пайда болған ауыр жағдайды А.М.Безредка анафилакциялық шок деп атаған.

Гуморалды және фагоцитарлы теория жақтаушыларының ұзақ уақыт дискуссиясы иммунологияның ғылым болып орнығуына жол тапты.Физиология мен медицинаға еңбегң сінгені үшін гуморалды және жасушалық теорияларды ашқан ғалымдарға – И.И.Мечников пен П.Эрлихқа 1908 жылы Нобель сыйлығы берілген.

Инфекциялы емес иммунологияны негіздеп, нәтижесінде жаңа қазіргі заманғв\ы иммунологияның дамуына үлес қосқандар Ж. Борде мен М. Чистович болды.1898 жылы Ж.Борды микобты емес жасушаларға жауап ретінде антидене бөлінер мекен деген оймен мынадаі тәжірибе жасады: қоянға қойдың эритроциттерін енгізді, жауап ретінде жануар ағзасында антиденелер пайда болды, олар қой эритроциттерін жапсырып, ыдырауына келтірген.Осы уақытта М.Чистович те тәжірибе арқылы жануарларға антиденелер синтезді микробты емес те, жасушалық емес те бөгде нәр уыздық заттарды тері ішіне, не тамыр арқылы енгәзгенде байқалады деген тұжырым жасады.

Инфекциялы емес иммунология дамуының келесі кезеңі К.Ландштейнер есімімен байланысты. 1990 жылы К.Ландштейнер антигендердің модификациясы мәселесімен шұғылданып, 0, А, В, АВ қан топтарын зерттеп, адамның эритроциттерінің топтық изоантигендерін ашты.

Инфекциялық емес иммунологияның жаңа кезінің дамуы авсралиялық ғалым Ф.Бернет, ағылшын ғалым П.Медовар, чех ғалымы М.Гашектың есімдерімен байланысты.Бірақ, жаңа иммунология 1944-1945 жж. П.Медавар тұрақтамаудың иммунологиялық табиғатын дәлелдеп, иммунитет организмді микробтардан ғана емес, басқа да генетикалық бөгде организмдердің жасушалары мен тіндерінен қорғайтынын көрсеткен жұмыстарынан басталады деген пікірлер бар.

Date: 2016-08-29; view: 527; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию