Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Екiншiлiк иммундық жауап





Бiрiншiлiк иммундық жауап 4-7 күндерi дамиды. Бiрiншiлiк гуморалдық иммундық жауаптың негiзгi В-лимфоциттердiң белсендiрiлуi және олардың антидене түзетiн плазмоциттерге айналуы болып табылады.

Антиденелердiң басым көпшiлiгiн IgM құрайды; жасушалық иммундық жауап – пiсiп-жетiлген эффекторлы Т-лимфоциттердiң пайда болуымен белгiленедi. Антигенмен бiрiншi рет жанасқаннан кейiн зерде Т- және В-

жасушалары түзiледi.

Екiншiлiк иммундық жауап көптеген көрсеткiштерi бойынша бiрiншiлiк жауаптан ерекшеленедi. Екiншiлiк иммундық жауап кезiндегi жасырын кезең өте қысқа, жылдам дамиды және антиген аз мөлшерде болуын талап

етедi, оның айқындалған пiсiп-жетiлу белгiлерi бар, оның гуморалдық және жасушалық факторлар арнайылығы антигенге қатысты жоғары болады. Екiншiлiк иммундық жауап бiрiншiлiк иммундық жауапқа қарағанда, ағзаның тиiмдi қорғанысын қамтамасыз етедi. Антигенге қарсы бiрiншiлiк және екiншiлiк серпiлiстерде IgM белсендiлiгi мен күштiлiгi бiрдей. IgG-дiң деңгейi бiріншiлiк жауапқа қарағанда, екiншiлiк жауап кезiнде өте жоғары. Екiншiлiк иммундық жауап жоғары деңгейде болу себебi, ағзада зерде жасушалардың болуына байланысты. Егер иммундық жауаптың қарқындылығы енген антигендердiң мөлшерiне тепе-тең келсе - мұндай иммундық жауапты нормэргиялық деп айтады, яғни антидене және антигенарнайы Т-лимфоциттердiң мөлшерi енген антиген мөлшерiмен теңбе-тең болады. Егер де иммундық жауаптың қарқындылығы шектелген мөлшерден асса, мұндай иммундық жауап гиперэргиялық болып табылады (мысалы жоғары сезiмталдық). Кейбiр жағдайларда, макроағза әртүрлi себептерге байланысты енген антигендерге иммундық жауап қайтармайды. Иммундық жүйенiң мұндай арнайы ареактивтiлiк жағдайы иммунологиялық төзiмдiлiк деп аталады (төзiмдiлiк – жауап қайтармау, шыдамдылық).

Date: 2016-08-29; view: 899; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию