Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Иммундық жүйенің орталық мүшелері және олардың қызметтері жайлы жазыңыз





Сүйек кемігі

l Сүйек кемігі қан түзуші элементтердің негізгі көзі

l Сүйек кемігі иммундық жүйенің біріншілік мүшесі

Тимус (айырша безі)

l Өз антигендерін тани алатын Т-жасушалық

антигендік рецепторларды жетілдіреді

l Тимуста өз антигендерін (аутоантигендерді) танитын

клондардың таңдалады

Иммундық жүйе тек қана денсаулықты сақтау үшін қорғаныс реакциясының түзілуін қамтамасыз етпейді. Иммундық жүйенің белсенді қатысуымен аутоиммундық, аллергиялық және басқа да иммунопатологиялық реакциялар дамиды. Иммундық жүйе орталық және шеткі мүшелерден тұрады.

Орталық мүшелерге сүйек кемігі, айырша без (тимус) жатады; бұларда жасушалар жетіліп, көбейеді және бµлінеді (дифференциация).

Сүйек кемігі - барлық иммундық компетентті жасушалары мен қанның формалы элементтерінің бастамасы болып табылатын көп компетентті дің жасушаларының негізгі көзі және өндірушісі.

Сүйек кемігі ыќшамды сүйектен, стромадан, сүйек кемігі арқылы өтетін синустардан, афферентті және эфферентті тамырлардан, генеративті және жетілу аймақтарынан (орталық синус) тұрады. Қан тамыр жүйесімен иннервациялыќ жүйе тығыз байланысты. Сондықтан сүйек кемігінің барлық элементтері гемо- және лимфопоэздің реттелуіне қатысады. Лимфоидты мүшенің өзінің қызметтерін орындайтын негізгі ерекшелігі – бұл жасушалардың генерация аймағынан иммундық ќабілетті жасушалардың жетілу және қан тамыр жүйесіне шығу аймағына миграция жасау қабілеттілігі.

Сүйек кемігінде жасушалар көбейеді, жетіледі және бµлінудіњ алғашқы кезеңдерінен өтеді. Жасушалардың қаннан рециркуляциясы нәтижесінде сүйек кемігінде жетілген лимфоциттердің бір бөлігі, қан және сүйек кемігіне қайта келетін медиаторлар, соның ішінде гормондар болады. Жасушалардың барлық даму және миграция процестері сүйек кемігінің белсенді заттарының (өсу факторы, гемопоэтин, эритропоэтин факторлары және т.б.) бақылауында болады.

Тимус – негізінен Т-лимфоциттер дамитын арнайы лимфоидтық мүше. Тимустың салмағы 10-12 жаста («иммундық жетілген» кезеңі) ауыр болып, 30 жастан кейін (50-60) оның инволюциясы басталады, бірақ тимус толығымен жойылмайды. Тимустың инволюциясымен иммундық жүйенің және жалпы дененің қартаюын байланыстырады.

Тимус екі бөліктен тұрады, олардың әрқайсысы – тимустың құрылымды бірліктері – кіші бөліктерден тұрады (1-ші сурет).

Тимуста строма (фибробласттар, капиллярлар эпителиі, талшықтар); қатпарлы қабат, милы (медуллярлы) қабаты болады. Тимуста жақсы дамыған васкулярлық тор (гематотимустық барьер), эфферентті және афферентті лимфа және қан тамырлары орналасады. Қатпарлы қабатқа эпителиалды жасушалар, лимфоциттер, макрофагтар кіреді. Эпителиалды жасушалар тимустың көп бөлігін құрайды және әр аймағында әртүрлі қызметтер атқарады. Эпителиалды жасушалардың өсінділері лимфоциттердің басқа жасушаларымен байланысын қамтамасыз етеді. Қатпарлы қабаттағы эпителиалды жасушалар иммундық ќабілетті жасушалардың жетілуі мен бµлінуін қамтамасыз етеді. Т-лимфоциттердің ізашарлары қатпарлы қабаттан милы қабатына ауысып жетілген Т-лимфоциттерге айналады.

Тимустың күрделі жасушалық-гуморалдық комплексі негізгі міндеттерді атқару үшін бағытталған:

· Т-жасушалардың антигенді танушы рецептор түзілуіне дейінгі жетілуі;

· Т-жасушалардың субпопуляцияларға бөлінуі;

· антигенді танушы қабілетке ие Т-лимфоциттердің «қажетті» клондарын таңдау.

Айырша без жетіспеушіліктерінде ауыр иммунопатологиялық аурулар дамиды (тимуслимфалық күйлер, біріншілік иммундық тапшылық жағдайлар; тимустың ауыр аутоиммундық ауруларының, мысалы, миастениялардың дамуына қатысады.

Date: 2016-08-29; view: 1221; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию